298
Қызмет түрлері
Баланың көптеген қызметінің түрлерін екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа баланың әлеуметтік әлемді «елестету» арқылы қабылдауына мүмкіндік беретін қызметтер жатады. Мұндай қызметтің мазмұны мен себебі әрқашанда баланың нақты «балалық» өмірінде колжетімсіз болатын нәрселерді жүзеге асыру қажеттілігімен байланыстырылады. Аталған қызметтер әдетте, баланың сырттан бақылау, есту, көру процессінде тану салдары болып табылады. Бала пайда болған әсерлерін осы әрекеттер арқылы көрсетеді. Мұндай әрекеттер фантазия, қиял жемісі болғанымен, тұлғаның әлеуметтенуі үшін
өте маңызды болады, яғни қиял шынайы пайда болған кедергілерді жояды. Бірінші топқа мектепке дейінгі жастағы баланың ойынын, көркемдік сурет салу әрекеттерін жатқызуға болады.
Ойын балаға «қолжеткіліксіз болып көрінетін болмысты игеруді мүмкін ететін қоршаған ортаны модельдеудің қолжетімді әдістерін береді» (А.Н.Леонтьев). Бала, өзіне ойын рөлін ала отырып, өзін әлеуметтік адами функцияларға жауап беретін ережелер мен іс-әрекеттерге сәйкес өзін-өзі ұстайды. Ойындық рөл өзінің мазмұнымен баланың тек затқа қатысты іс-әрекеттерін ғана емес, сонымен бірге басқа қатысушыларға қатысты іс-әрекеттерін анықтайды. Рөл басқа адамдарға және заттарға, бейнеленетін оқиғаларға оң қатынастық сипаттағы іс-әрекеттермен толы болу керек, яғни аздаған дәрежеде тәрбиелік
потенциалға ие мазмұндармен байытылуы қажет. А. Н. Леонтьев мен Д. Б. Эльконин, осы рөлдің ерекшелігін айқындай отырып, оны баланың әлеуметтік қатынастар әлеміне практикалық енуінің ерекше нысаны.
Балалардың ойындарында маңыздырақ оқиғалар көрінеді, ойындар бойынша қоғамды не мазалайтынын, өскелең ұрпақта қандай идеалдар қалыптасып жатқанын аңғаруға болады.
299
Қоғамдық өмір бала ойындарының мазмұнын анықтайды және мақсатты педагогикалық әсерімен, қоғамның моралдық құндылықтарына сай тұлғаны қалыптастырады. Ойнап отырған балалардың ойлары мен сезімдері, олардың тәртібі, бір-біріне қарым-қатынасы ойын мазмұнына тығыз байланысты болады. Ойын барысында қоршаған ортаның оқиғаларын бейнелеу арқылы бала оның қатысушысына айналады және белсенді әрекет ете отырып әлеммен танысады. Бала ойын кезінде қиялдаған нәрселерінің барлығын шынайы түрде басынан өткізгендей болады. Ойынның оң және теріс мысалдары арқылы тәрбиелік әсерінің күші ойнап отырған баланың дәл осы
шынайлылығында. Әдетте бала өзіне қатты әсер еткен оқиғаларды ойын кезінде көрсетеді, сондықтан кей жағдайда теріс құбылыс немесе факт бала ойынының тақырыбына айналуы мүмкін. Яғни балалар ойындарына басшылық ету мәселесі аса маңызды болып табылады. Баланың қоршаған ортадан алатын әсерлерінің шығармашылық өңделуіне бейнелеу іс-әрекеті ықпал етеді. Балалардың бейнелеу шығармашылығын зерттеушілер (Е.А.Флерина, Н.П.Сакулина, Е.И. Игнатьев, Т.С. Комарова, Т.Г.Казакова, Р.В.Казакова, Л.В.Компанцева) баланың шын өміріндегі әлеуметтік шынайлылық пен бейнелеу шығармашылығы арқылы көрсететін қиялындағы ұмтылған шынайлылығының арасында детерминистикалық байланысын атап айтады. «Балалардың бейнелеу шығармашылығын-дейді Е.А.Флерина,- баланың өзін қоршаған ортасын сурет, мүсіндеу, конструкциялау арқылы саналы түрде көрсете білуі деп түсінеміз. Ол баланың қиялының жұмысы негізінде, өзінің байқаған сәттері мен сөз, сурет басқа да өнер түрлері арқылы алған әсерлері негізінде құрылады» В.С. Мухина бейнелеу өнерін әлеуметтік тәжірибені меңгеру формасы ретінде қарастырады. Бала көрген құбылыстарын көшірмейді, ол бейнелеу құралдары арқылы бейнеленетін нәрсесін өз түсінігіне сәйкес көрсетеді. Әрине, мектепке дейінгі жастағы балалардың бейнелеу өнердегі дағдылары бақыланатын затты тура барабар
300
көрсетуге мүмкіндік бермейді. Алайда балалар өздері салған суреттеріне қатысты эмоционалдық әңгімелеу мен іс-әрекеттер арқылы суретке байланысты кемшіліктерді жояды. Баланың бейнелеу процессі бейнеленетін затқа қатынасымен бірге жүреді. Ол ойын мен сурет салуды байланыстырады. Р.И. Жуковская мектепке дейінгі педагогикаға «ойын-сурет салу»
терминын енгізді. Мұнда бейнелеу өнері әлеуметтік эмоциялардың көріністерінің көзі ретінде танылып, алайда оларды бейнелеу шынайлылығы емес, әлеуметтік шынайлылық тудырады.
Баланың әлеуметтік құбылыстарды қабылдауына қарай, оның оларға қатысты қалыптасқан ойына қарай құбылысты бейнелеуі, түстерді таңдауы, заттардың қағазда орналасуы, олардың өзара қатынасы және т.б. байланысты болады.
Осылайша, бейнелеу балаға ересектер әлеміне кіруге, оны тануға көмектеседі, бірақ әлеуметтік өмірдің шынайы өзіне қатысуға мүмкіндік бермейді.
Алайда бұл ретте, ересектердің өміріне қатысу, өмірлік маңызы бар мәселелерді шешу кезінде өзіндік тәжірибесін жинау, балаға өзін адам қоғамының теңқатарлы мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Мұндай қызмет кезінде мотивациялық-қажеттіліктік сфера, өзін-өзі бағалау қабілеті өзгереді, өз күшіне сенімділік пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |