С. А. Козлова, Т. А. Куликова



бет135/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

294
Төртінші бөлім


ӘРЕКЕТ – БАЛА ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ

XIV ТАРАУ




«ӘРЕКЕТ» ҰҒЫМЫ
Қызметтің сипаты мен шарттары

Баланың дамуы, организм белсенділігінің әлеуметтік формасы, яғни қызмет арқылы жүреді. Бала бірте-бірте қызметтің неше түрін меңгереді, дамудың белгілі-бір сатысында қызметтің қандай да бір түрі жетекші қызметті атқара бастайды. Қызметтердің жетекші түрлері арқылы бала өмірінің белгілі-бір кезеңінде оның қарқынды дамуы, әрекеттерінің жаңа түрлерінің қалыптасуы байқалады. Қандайда бір іс-әрекеттер мен операцияларды меңгерудің арқасында, бала өзінің өмір сүретін ортасының заттық әлемін басқаруда тәжірибе жинайды, өз іс-әрекеті мен оның нәтижесін жоспарлауды және бағалауды үйренеді, адамдармен қарым-қатынастардың нормаларын меңгереді. Қызмет ету, баланың әлеуметтік әлемді белсенді түрде тануына және өзінің сол әлемнің бір бөлігіне айналуына мүмкіндік беретін құрал мен шарт болып табылады. Адамның өзін-өзі қалыптастыруы және дамуы қызмет арқылы жүзеге асады. Қызмет, баланың әр түрлі білімдерді меңгеруіне, өзінің оларға қатынасын түсінуіне, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастарда практикалық дағдыларды игеруіне мүмкіндік тудырады. Қызметтің әр түрі тұлғаның түрлі жақтарын жандандырса, оның тәрбиелік әсері бір-бірімен логикалық түрде байланысқан іс-әрекеттер кешенін педагогикалық процессте




295
қолдану барысында байқалады.

Қызмет, әсіресе бірлескен қызмет, әлеуметтік тәжірибе алмасудың мектебі болып саналады. Бала сөз жүзінде емес, іс жүзінде адамдардың өзара қарым-қатынасын, олардың сәтті әрі қолайлы болуына әсер ететін ережелер мен нормаларды өз көзімен көріп түсінеді. Бірлескен қызмет кезінде бала ересектермен, құрдастарымен бірге аталған қарым-қатынастарды шынайы жағдайда бақылай алады.


Баланың тәрбие беру объектісі ретінде ғана емес, осы процесстің субъектісі ретінде қоршаған ортаны өзгертуге, өзін-өзі тәрбиелеуге белсенді түрде қатысуына ықпал етеді.


Т.Парсонстың және 1940-1960 жж. американдық социологтарының теориялары, әлеуметтендіруді әлеуметтік бейімделу процессі ретінде, тұлғаның ортаға қоғамдық нормалар мен ережелерді меңгеру жолымен бейімделуі ретінде қарастырған. Олар конформ теорияларына жататын, яни олар адамның тұлға ретінде жетілу сатыларында оның өзіндік жеке белсенділігін бағаламайтын. Әлеуметтендіру процессінде индивидтер жай ғана ортаға беймделіп қана қоймайды, олар өздерін белсенді дербес «түрлендірушілер» ретінде танытады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет