Балалармен қарым-қатынас жасау ережелері
Сөйтіп, біз ересек пен бала арасындағы қарым-қатынас формаларын қарастырдық. Олардың ерекшелігін бәлі педагог үшін маңызды. Қарым-қатынасты дамытатын және баланың дамуына қолайлы әсер ететін бір қатар ережені сақтау маңызды. Оларға тоқталып өтейік.
311
Қарым-қатынас жасау балаға ересек оны жақсы көретінін сездіруге көмектеседі. Қарым-қатынастағы сүйіспеншілікті көрсету тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ олардың ішінде біреуі енң маңызды – баланың көзіне махаббатпен және мейірімділікпен қараңыз. «Көзбен-көз» қатынасы балаға байланыс жасауға, сөзсіз өзінің сүйіспеншілігі мен қолдауы туралы айтуға көмектеседі. Бала ата-анасымен көзбен байланыс жасауды «эмоционалды толығу» үшін пайдаланады, ол ондай толығусыз тыныш өмір сүре алмайды. Біз баланың мінез-құлығына риза болмасақ та, сәбиге ашушыз қарауымыз керек – біз, ересектер, баланы сүймейміз деген ойдан алшақ болуымыз қажет. Және балаға кіммен араласады, соның көзіне қарауға үйретеді. Ашық көзқарас игілікті қатынас жасаудың басына қолайлы жағдай жасайды. Және тағыда бір маңызды заңдылық: физикалық байланыс. Балаға жанасып, қолын тигізу оған қорғанғандық пен сүйіспеншілік сезімін береді. Ата-аналар мен тәрбиелеушілер нәрестеге табиғи және еркін түрде жанасуға уақыт табуы тиіс: оны басынан спиау, иығына еркелетіп қолын қою, еміреніп киімін дұрыстау, құшақтау және т.б. күн бойына, ұйқыға жатқызу кезінде балаға қолымен жылы жанасуына мүмкіндік табуға болады және қажет. Бұл, әсіресе, сәбилер үйі мен балалар үйінде тұратын балалар үшін өте маңызды, себебі мұнда эмоционалды байланыс жасау тапшылығы баланың дамуына кері әсерін көрсетуі мүмкін.
Ересектің баламен қатынас жасауына талпынуын және осы қажеттіліктің балада пайда болуын байқау және жіберіп қоймауды сөзсіз ереже деп есептеу керек. Қарым-қатынас жасау ерекше қатынасты, ересек пен бала арасындағы рухани жақындықты талап етеді. Бала өскен сайын, қатынас жасау үшін ересекті таңдауға қатаң түрде қарай бастайды. Бала онымен қарым-қатынас жасауға түспейтін, оған үнемі ұрысатын, оған жаман көзімен қарайтын ересекпен араласпайды. Белгілі кезеңде субъективті жағдай туғанда да араласқысы келмейді: төменгі көңіл-күй, жаман сезіну, басқа қызметпен шұғылдану және т.б.
312
Баламен қашан араласуды «тауып алу» - педагогтің, ата-ананың ерекше шеберлігі. Араласу үшін жағдай жасау маңызды: тыныш уақыт, балалардың санының аз болуы, жылы қолайлы жағдай және т.б. Егер тәрбиелеуші (ата-ана) бала үшін қатынасқа түсу пайдалы болсын десе, осының барлығын ескеруі қажет.
Осыған дейін біз баланың ересек адаммен қатынасқа түсуі туралы айттық. Бірақ балалар да бір-бірімен араласуы мүмкін ғой және қажет де. Құрдастарымен араласудың қандай маңызы бар, егер ондай жағдай пайд болса?
Құрдастарымен араласу қажеттілігі шамамен 4 жас кезінде пайда болады. Осыған дейін балалар бір-біріне ұстап көруге болатын, онымен сөйлесуге болатын қызық зат нәрсе ретінде қарайды, алайда бірге ойнауға болмайды: кедергі жасайды, өз ойларын «мәжбүр етеді», ойыншықтарын алып қояды. Ал 4 жасқа қарай балалар басқа баламен қатынас жасаудан қуаныш табады. Құрдастарымен байланысқа түсудің негізгі айырықша ерекшілігі олардың айқын эмоционалдылығы мен стандартты еместігінде, қатаң нормалар мен ережелердің болмауында. Құрдастарымен араласа отырып, бала өзін еркін, тәуелсіз сезінеді және сондықтан белгіленген ережелерді бұзады. Баланың өзіндік ерекшелігі мен шығармашылығы ересектермен салыстырғанда, өз құрдастарымен араласуда көрінеді, ол өзін, өзінің жеке тұлға екенін еркінірек көрсетеді. Құрдастарымен араласа отырып, бала өзін жақсы таниды. Ол өзін басқалармен салыстырады, кейде өз достарына еліктеуге тырысып, ал кейде ол өзін оларға қарама-қайшы қояды. Балалар бірінің алдында бірі тең болғандықтан, олар басқаны тыңдап алуды өзіне маңызды деп санамайды, олар үшін бастысы өзі айтқысы келген нәрсені айту, және құрдасының бағалағанына сеніп қалмау. Ересектермен араласуда балалар олардың соңына дейін тыңдап, баға беретінін біледі. Соған қарамастан, құрдастарымен қарым-қатынас жасаудың осы түрі тұлғаның қалыптасуы үшін, әлеуметтік тәжірибені жинау үшін маңызды.
Л.Н.Галигузова мен Е.О.Смирнова балалардың бір-бірімен
313
араласуының бірнеше сипаттамасын көрсетеді: балалардың қарым-қатынасқа түсуі эмоционалдық және экспрессивтікпен ерекшеленеді; құрдастарымен араласу өзінің атқаратын қызметіне қарай, ересектермен салыстырғанда, кеңірек; құрдастары пассив сөз қорын активке айналдыруға көмектеседі; құрдасына өз танымдарын көрсете отырып, өзін-өзі жетілдіреді; балаларға құрдасының бағалауы, оның құптауы және кейде таң
қалуы маңызды. Осындай сипаттамалар балалардың араласуында шынымен орын алады және олар тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.
Ересекпен және құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу негізінде әртүрлі механизм жатыр, ол сәбиден түрлі күште талап етеді, әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандырады. Бұл қарым-қатынасқа түсудіңекі дербес түрі, олардың әрқайсысы дамып келе жатқан тұлғаға өз үлесін қосады және араласудың түрлі технологиясын әзірлеуді қажет етеді. Ерекшелігі ересекпен араласу тәжірибесі құрдастарымен араласу тәжірибесіне тікелей ауыспайтындығында.
Сондай-ақ, құрдастарымен араласқанда ересек адамдармен қарым-қатынас жасаған кездегі тәжірибені пайдалану, құрбыларымен қарым-қатынасты кешеуілдетуге көмектеседі. Сондықтан ересектер арасында өсіп-өскен балалар да жиі кездеседі, олармен қарым-қатынас жасай алады, бірақ олар мектепке келгенде (балабақшаға бармаған болса), олардың құрдастарымен байланыс орнатуда қиындықтар туындайды
Пдегогтің міндеті балаға қарым-қатынастың әрбір түрінің өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, балаға ересек және балалармен қарым-қатынасқа түсу тәсілдерін игеруге көмектесу.
Достарыңызбен бөлісу: |