116
қалай туындағанына талдау жасаңыз.
2.
Дене тәрбиесі сабақтарына балалардың өз ағзаларын
зерттеулері бойынша жаттығулар мен зерттеулерді қосыңыз.
3.
Балаларды ептілік пен
батылдыққа тәрбиелеу бойынша
педагогикалық жұмыстың қысқа жүйесін әзірлеңіз.
VIII ТАРАУ
АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ
Адамгершілік тәрбие – балаларды адамзаттың және нақты
қоғамның рухани байлықтарына араластырудың мақсатты
бағытталған процесс. Уақыт өте келе бала адамдардың қоғамда
қабылдаған жүріс-тұрыс пен өзара
әрекеттестіктің нормаларын
және ережелерін бірте-бірте меңгереді, өзара әрекеттестіктің,
адамдарға,
табиғатқа, өзіне деген қарым-қатынастың тәсілдері
мен формаларын иеленеді. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесіне
жеке тұлға бойында адамгершілік
қасиеттердің белгілі бір
жиынтығының көрініс табуы жатады. Бұл қасиеттер
қаншалықты берік қалыптасса,
тұлғада қоғамда қабылданған
рухани қағидалар бойынша аз мөлшерде кемшіліктер байқалса,
қоршаған ортада оның адамгершілік бағасы соншалықты
жоғары болады.
Әрине, тұлғаның және
оның адамгершілік ортасының
қалыптасу процесі жас ерекшелік шеңберімен шектелмейді. Ол
жалғасады және өмір бойы өзгереді. Бірақ онсыз адам адамзат
қоғамында қызмет ете алмайтын негіз бар. Сондықтан да балаға
«жолбасшы жіп» беру үшін, бұл негіздерді ерте үйрету керек,
Бәрімізге белгілі, мектеп жасына дейінгі кезең әлеуметтік
ықпалдарға жоғары қабілеттілігімен ерекшеленеді.
Бала осы
әлемге келе адамилықтың бәрін өзіне сіңіреді: өз бақылауларын,
эмпирикалық қорытындылар мен тұжырымдарын, үлкендерге
еліктеулерін пайдалана отырыпқатынас амалдарын, жүріс-
тұрысты, қарым-қатынасты үйренеді.
Қиындықтар мен
қателіктер жолымен жүріп ол түбінде адамзат қоғамында
өмірдің қарапайым нормаларын игереді.