169
жүйесінің авторы Мария Монтессори баланың дамуын күшке және
организмнің қабілетімен:
бұлшықет, көру, есту, сезудің және т.б. дамуымен
байланыстырады. Ол әзірлеген дидактикалық материалдар мектеп жасына
дейінгі балаларға сенсорлық ынталандыруды,
сезімнің жаттықтырушы
мүшелерін береді. Мысалы, түйсіну сезіміне тәрбиелеу үшін, тегіс және
егеуқұм тақтайша, карточкалар, әртүрлі
маталар жиынтығы; жылу сезуді
дамыту үшін, әртүрлі температурада су толтырылған металл шыны-аяқ
жиынтығы; барикалық сезіміне тәрбиелеу (ауырлықты сезу) үшін, көлемі
бойынша бірдей, салмағы бойынша әртүрлі ағаш тақтайшалардың көмегімен
жаттығулар беріледі т.б. заттардың сыртқы
белгілерінің жалпыланғанын,
шынайы заттар мен құбылыстардан бөлінгеніне назар аудару керек. Осындай
материалдармен жаттыққан балалардың сезім мүшелерінің өткірлігіне,
заттардың сенсорлық белгілерін айырудың шеберлігіне қол жеткізгендіктерін
көреміз. М. Монтессоридің ойынша, балалар оның материалдарымен
өздіктерінен
жұмыс істейді, өйткені олар автодидактизм принципі бойынша
құрастырылған. Педагог үйретпейді, дамудың табиғи барысына «бөгет
жасамайды», өзінің түсінігін міндеттемейді, баланың сезінгенін сөзбен
нақтыламайды.
Нәтижесінде бала, мысалы, түстер мен реңктерді нақты
айырып, алайда оларды атап, салыстырып, жинақтай алмайды, дидактикалық
материалдары бар жаттығулар шеңберінен тыс жатқан әрекеттің басқа да
түрлерінде қолдана алмайды. Ересектердің басшылығынсыз бай сенсорлық
тәжірибе баланың ойлауын дамыту үшін негіз бола алмайды.
Сенсорлық тәрбиенің отандық жүйесі Л.С.
Выготский,
Б.Г.Ананьев, С.Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожц,
Л. А. Венгер және т.б. ғалымдар әзірлеген қабылдау теориясына
сүйенеді. Қабылдауды дамыту үшін бала, белгілерді, сенсорлық
үлгілерді зерттеудің ерекше оңтайлы тәсілдерінен тұратын,
қоғамдық сенсорлық тәжірибені игеруі қажет.
Заманауи зерттеулерге сәйкес, түйсіну мен қабылдау, заттың,
оның ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған, талдамалардың
ерекше қызметтерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: