С. А. Козлова, Т. А. Куликова


  X X т а р а у СЮЖЕТТІ-РӨЛДІК ОЙЫНДАР



Pdf көрінісі
бет202/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

361 
X X т а р а у
СЮЖЕТТІ-РӨЛДІК ОЙЫНДАР 
 
Сюжетті-рөлдік ойындардың сипаттамасы 
Бала өсіп, дамып, жаңа білім мен іскерліктерді игеріп жатқан 
барлық мектепке дейінгі жас бойына сюжетрөлдік ойын оның 
қызметіне біршама тән түрі болып қалады. Сюжеттік-рөлдік 
ойындардың ерекшеліктері психологтар (Л. С. Выготский, Д. Б. 
Эльконин, А. В. Запорожец) мен педагогтердің (Р.И.Жуковская, 
Д.В.Менджерицкая, А.П.Усова, Н.Я.Михайленко)еңбектерінде 
ашылған. Сюжеттік-рөлдік ойынның негізі болып алдамшы 
немесе қиялдағы жағдаят саналады. Ол баланың ересектің рөлін 
алып, оны өзі жасаған ойын жағдайында орындауынан 
құралады. Мысалы, бала мектеп ойынын ойнай отырып, 
сыныпта (кілем үстінде) оқушылармен (құрдстарымен) сабақ 
жүргізіп жатқан мұғалімді бейнелейді. 
Балалардың сюжеттік-рөлдік ойындағы дербестігі – оған тән 
қасиеттердің бірі. Балалар өздері ойын тақырыбын таңдайды, 
оның даму жолдарын анықтайды, рөлдерді қалай ашатынын, 
ойынды қай жерде қыздыратынын және т.б. шешеді. Әр бала 
образды ашу құралдарын таңдауда еркін. Сонымен қатар 
орындалмайтын нәрсе жоқ: кресло – «зымыранға» отырып, Айға 
баруға, таяқша – «скальпель» көмегімен ота жасауға болады. 
Ойын мақсатын жүзеге асырудағы осындай еркіндік және 
қиялдың шарықтауы мектеп жасына дейінгі балаға шынайы 
өмірде әлі ұзақ жылдар бойы қолжетімсіз болатын адами 
әрекетке өзіндік енуге мүмкіндік береді. Сюжеттік-рөлдік 
ойындарда біріге отырып, балалар өз еркімен серіктестерін 
таңдайды, ойын ережелерін өздері белгілейді, олардың 
орындалуын қадағалайды, өзара қарым-қатынасты реттейді. 


362 
Бірақ ең бастысы – ойн барысында бала өз көзқарасын, өз 
танымдарын, өзі ойнап жатқан оқиғаға қатынасын іске асырады. 
Ойынның осы ерекшелігін К. Д. Ушинский көрсетті: «...ойын 
барысында сәби – есейіп келе жатқан адам, өз күшін көріп, өз 
туындыларын өз бетінше жұмсайды» (Ушинский К . Д . Собр. 
соч. — М.; Л., 1950. — Т. 8. — С. 438). 
Сюжеттік-рөлдік ойынның шығармашылық сипаты онда 
түпкі ойының болуымен анықталады, оның жүзеге асуы 
қиялдың белсенді жұмыс істеуімен, балада қоршаған әлемі 
туралы өз ойын көрсету қабілетінің дамуымен түйіседі. Рөлді 
ойнау барысында баланың шығармашылығы жаңа түр беру 
сипатын қабылдайды. Оның нәтижелілігі ойыншының жеке 
тәжірибесімен, 
оның 
сезімдерінің 
қиялының 
қызығушылықтарының даму дәрежесімен байланысты. Балалар 
ойынға қажетті ойыншықтарды, заттарды, таңдай отырып, үлкен 
тапқырлықты көрсетеді, ересектеу мектеп жасына дейінгі 
балалар түпкі ойын толығырақ жүзеге асыруға, рөлді жақсырақ 
ойнауға көмектесетін ойыншықтарды өздері қолдан жасайды. 
Кез келген шығармашылық әрекет сияқты, сюжеттік-рөлдік 
ойын эмоционалды бай және әр балаға үдерісінің өзімен 
қуаныш пен қанағат сыйлайды. 
Сюжеттік-рөлдік 
ойынның 
келесі 
құрылымдық 
компоненттері бар: сюжет, мазмұн, рөл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет