389
оған жуықтайды. Ең алдымен, спектакльді ойнауда балалар мен
шын әртістердің қызметтерінде көптеген ортақтық бар.
Әртістерді көрермендердің пікірлері, реакциялары қалай
толғандырса, тетарланған ойындарда балалар басқа адамдарға
тигізген әсерлері туралы солай ойлайды.
Кішкентай әртістер
үшін жақсы болып шыққаны, айналадағыларға ұнағаны
маңызды болады. Басқаша айтқанда, оларды қол жеткізген
нәтижелер толғандырады. Ал нәтиже – шығарманы қалай
бейнеледі, қалай рөлге сомдады деген сөз.
Бұл нәтиженің
жетістіктеріне педагогтар мен балалардың назары бағытталған.
Шынында, шығарманы шығармашылық орындауға ұмтылу
театрланған ойындардың тәрбиелік мәнінде жатыр.
Театрланған ойындарда балалар шығармашылықтарының сан
алуан түрлері дамытылады: көркем сөйлеу, музыкалық-
ойындық, билеу, сахналық, әншілік. Тәжірибелі педагогта
балалар әдеби шығарманы тек рөлді орындайтын «әртістер»
ретінде
ғана емес, сондай-ақ спектакльді безендіретін
«суретшілер» ретінде, дыбыстық сүйемелдеуді қамтамасыз
ететін «музыканттар» ретінде және т.б. көркем түрде бейнелеуге
тырысады. Мектепке дейінгі балаларды театрланған ойындар
дайындау үдерісінде және оның барысында көркемдік қызметке
қатыстыру мүмкіндіктері өте жоғары болады. Неғұрлым жоғары
болса, соғұрлым педагог шеберлігі де жоғары деңгейде, себебі
оның индивидуалды ерекшеліктерінің
ашылуына көмектесетін
оның шеберлігі арқылы балаларды қызықтыру, олардың
дарындарын дамыту жеңілірек болады.
Театрланған ойындардың балаларды өнердің түрлеріне
(әдеби, драмалық, театрлық) тартудағы рөлін ерекше атап өткен
жөн. Мектепке дейінгі балалар театр өнерінің сан алуан
түрлерімен танысады. Дұрыс басқарған барысында балаларда
әртіс, режиссер,
театр суретшісі, дирижер жұмыстары туралы
түсінік қалыптасады. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар
спектакльді шығармашылық ұжым дайындайды дегенді түсіне
алады (барлығы бірге бір жұмысты – спектакль істейді). Балалар
390
театрланған ойындардағы өздерінің тәжірибелерімен ұқсастығы
бойынша театрдың ойнаушы әртістерге де, көрермендерге де
қуаныш сыйлайтынын сезеді және ұғынады. Кейінірек бұл қоғам
өміріндегі өнер міндеттері туралы жинақталған түсініктерін
қалыптастыру үшін қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: