4 сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
- әр пән бойынша 15 бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы;
- оқу сауаттылығын бағалауға арналған 2 мәтін, әрбір мәтінге 3 тест тапсырмасы.
9 сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
- қазақ тілі пәнінен – 20 бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы. Оның ішінде оқу сауаттылығын бағалауға арналған 1 мәтін, мәтінмен жұмыс істеуге арналған 5 тест тапсырмасы;
- басқа пәндерден – 40 тест тапсырмасы. Оның ішінде 25 – бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы, 15 – бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы.
Тест тапсырмаларының бағалануы:
- бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл;
- бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – дұрыс жауаптың бәрін таңдағанда 2 балл, бір қате жіберілсе (дұрыс жауаптың 1-уі табылмаса немесе 1 дұрыс емес жауап таңдалса) 1 балл, екі немесе одан да көп қате 0 балл.
. Үшінші мәселе бойынша мектеп психологы Х.Налибаева апай Ата-анаға кеңес «ОЖСБ-ға дайындалуда балаға қандай көмек беруге болады?» атты баяндамасын оқыды.
· -Тестілеуге балаңыздың алатын ұпай санына көп алаңдамаңыз. Және де сынақтан кейін балаңызға сөге қарамай, сынамаңыз. Балаңызды алынған ұпай саны оның нағыз мүмкіндігінің өлшемі емес екендігіне сендіріңіз.
· Тестілеу тапсырар алдында балаңыздың алаңдаушылығын жоғарлатпаңыз, бұл тестілеудің нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін. Балаға әрқашан ата-анасының қобалжуы, толқуы беріледі. Егер ата-аналар дәл жауапкершілігі мол сәтте өз эмоцияларын игерсе, балалар өз жастық кезеңінің ерекшелігіне қарай эмоционалды «жарылуы» мүмкін. Балаңызды қолдап отырыңыз, әр жақсы жетістіктері үшін мақтап отырыңыз.
Қаулы:
1.Оқушылардың сабаққтан қалмай толық дайындықпен келуі ата- аналарға жүктелсін.
2. Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау
сынып жетекшісіне,пән мұғалімдеріне міндеттелсін.
3.Мектеп психологы Х.Налибаева апайдың баяндамасы назарға алынсын.
С.Асанов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Достарыңызбен бөлісу: |