2016-2017 оқу жылғы Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық бойынша 4-9 сыныптардың
Ата-аналар жиналысының хаттамасы
Хаттама №2
28.12.2016ж
Талапты ауылы
Қатысқаны: 150
Қатыспағаны:
Күн тәртібінде:
1. Қаңтар айындағы алынған тесттер қорытындысын талдау.
2. «Баланың басты ұстазы ата-ана» баяндама.
3.Ата-аналармен психологиялық тренинг.
1-ші мәселе бойынша Р.Абенова апай сөз алды.
2016-2017 оқу жылында 9 – сыныптардан ОЖСБ-ға дайындық барысында 21.12.2016ж күні байқау сынағы өткізілді .Өткізілген сынақ тесттеріне қорытынды жасалып, мониторингі шығарылып отырылды. Тапсырған сынақ тесттерінің нәтижесі бойынша пән мұғалімдері оқушылармен жекелей жұмыстар жүргізіліп жатыр. ОЖСБ-ға дайындық кестесі құрылып, дайындық сабақтары уақытында өткізілуде.
21.12.2016ж күні 9 «А» сыныбында барлығы 22 оқушы, 21 оқушыдан 5 пәннен тест алынды.1 оқушы Жеңіс Ерсерік сабаққа келмеді.Сыныптың орта балы-9,46.
9 «Ә» сыныбында барлығы 23 оқушы, 20 оқушыдан 5 пәннен тест алынды.Сыныптың орта балы-10,33.
9 «Б» сыныбында барлығы 22 оқушы,21 оқушыдан 5 пәндік тест алынды.Сыныптың орта балы-10,2.
21.12.2016ж күні алынған байқау сынағының нәтижесінде 3 сыныптың ішінде жоғары балл жинаған оқушылар: 9 «А» сыныбынан Әсілбек Жадыра (77),Асқар Арай (76); 9 Ә сыныбынан Төлеген Қ (77),Анарқұлова Б (71);9 «Б» сыныбынан Ермахан Ж (71).
21.12.2016ж күні алынған байқау сынағының нәтижесінде 3 сыныптың ішінде ең төмен балл жинаған оқушылар:
9 «А» сыныбынан Жамбиров Н (28 балл),9 «Ә» сыныбынан Даутов (24 балл),Ризақұлов Б (21 балл),9 «Б» сыныбынан Сейдуалы А (29 балл).
Екінші мәселе бойынша Г.Ашимова апай «Баланың басты ұстазы ата-ана» атты баяндамасын баяндады.
- Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі,мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек , отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат-әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан — жақты дамуына ата-ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін-өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.Бізде көптеген ата-аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата-ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу-үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата-ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді.Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата-ана болып қала береді.Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата-ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес.
Үшінші мәселе бойынша мектеп психологы Х.Налибаева апай ата-аналармен психологиялық тренинг өткізді.
Қорытынды сөзді Р.Абенова сөйледі
-Ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық .Баланың басты ұстазы ата-ана екенін ұмытпайық.
Қаулы:
1.Оқушылардың сабаққтан қалмай толық дайындықпен келуі ата- аналарға жүктелсін.
2.Ашимова Гүлсім апайдың баяндамасы назарға алынсын.
2. Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау,қосымша сабақтарға оқушыларды қатыстыру сынып жетекшісіне,пән мұғалімдеріне міндеттелсін.
Жиналыс төрайымы: Р.Абенова
Хатшы: И.Исматова
С.Асанов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Достарыңызбен бөлісу: |