2016-2017 оқу жылғы Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық бойынша 4-9 сыныптардың
Ата-аналар жиналысының хаттамасы
Хаттама №1
28.02.2017ж
Талапты ауылы
Қатысқаны: 150
Қатыспағаны:
Күн тәртібінде:
1. Қаңтар айындағы алынған тесттер қорытындысын талдау.
2. «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі» баяндама.
3.Ата-аналармен психологиялық тренинг.
1-ші мәселе бойынша Г.Ашимова апай сөз алды.
-17.01.2017ж , күні жазылған байқау сынағынды 9-сыныптар бойынша ең жоғарғы ұпайды алған 9 «А» сынып оқушысы Абатхан Аружан (59 ұпай),9 «Ә» сыныбынан Әлімқұл С (50 бал),9 «Б» сыныбынан Әбдрайым Ж (66 бал). Ең төменгі ұпайды (14 балл) көрсеткен 9 «А» сынып оқушысы Серікбаев Нұрмақасан, 9 «Ә» сыныбынан Қосқара О (18 бал),
25.01.2017 күнгі жазылған байқау сынағының нәтижесі бойынша ең жоғарғы ұпайды көрсеткен 9 «Ә» сынып оқушысы Сайпилова Айдын (81 балл), 9 «А» сынып оқушысы Абатхан Аружан (75 ұпай),9 «Б» сыныбынан Ермахан Жансая.Ең төменгі ұпайды көрсеткен 9 «А» сынып оқушысы Жеңіс Ерсерік (21), 9 «Ә» сынып оқушысы Ризақұлов Бекзат (26 балл),9 «Б» сыныбынан (26 балл) Бекназар Б.
Екінші мәселе бойынша 9 «Ә» сынып жетекшісі «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»
атты тақырыбында өз баяндамасын оқыды. Қай ғасырда болсын, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. Бала тәрбиесі - мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмыстарының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен өзінің ұрпағымен тікелей байланыстырады.
«Адамның бір қызығы бала деген, баланы медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын шен алсын деп бермедім деп», - Абай Құнанбайұлы айтқандай, адам ұрпағымен қымбат, адам баласының ең қызығы, бақыты, ұрпағының жалғасы.
«Балалы үй базар, баласыз үй мазар», - дегендей бала отбасы жалғастығы, ұрпағы. Ал тәрбие тал бесіктен емес құрсақтан басталады. Оның себебі болашақ ана баланы бесіктен емес, құрсақтан бастап тәрбиелеуі керек. Балаға деген мейірімі, сезімі, махаббаты ананың ыстық ықыласы мен тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты - болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне , дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Себебі, білім тәрбие арқылы беріледі. Тәрбие жоқ жерде білім де жоқ. Тәрбие қаншалықты тереңде болса білім де соншалықты тереңде. Болашақ білімді, дарынды, адмгершілігі мол ұрпақ үшін бұл өте маңызды. Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны айрықша. Ал қазақ отбасының өзіндік ерекшеліктері бар.
Үшінші мәселе бойынша мектеп психологы Х.Налибаева апай ата-аналармен психологиялық тренинг өткізді.
Қорытынды сөзді Р.Абенова апай Ж.Ж. Руссо сөздермен қорытындылады.: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.
Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.
Қаулы:
1.Оқушылардың сабаққтан қалмай толық дайындықпен келуі ата- аналарға жүктелсін.
2.З.Қиятаева апайдың баяндамасы назарға алынсын.
2. Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау
сынып жетекшісіне,пән мұғалімдеріне міндеттелсін.
Жиналыс төрайымы: Р.Абенова
Хатшы: И.Исматова
С.Асанов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Достарыңызбен бөлісу: |