С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет156/168
Дата03.01.2022
өлшемі1.13 Mb.
#450461
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   168
Balshikeev 1

ассасиндер  танылды.  Ассасиндердің  ҧйымдастырушылық  қҧрылымы 
қатардағы  мҥшелерінің  «жасырын  имам  ӛкілдеріне  жақындасуға»  рҧқсат 
болмай  қоймай,  сонымен  қатар,  олар  имамдардың  есімдерін  де 
білмейтіндей ҧйымдастырылды. Шалғайдағы тау қамалдарындағы шейхтер 
Таяу  және  Орта  Шығыстың  әр  тҥрлі  мемлекеттеріндегі  билеушілерін  ӛлім 
жазасына  кескен,  бҧл  әрекеттерді  табынушы  фанаттар  -  кісі  ӛлтірушілер 
бҧлжытпай орындаған.  
Ассасиндер Батыс Еуропа мен Рим Папасының ӛзіне ҥрей тудырған.  
Жоғарыдағы ассасиндер суннизм мен шиизмнің қағидаларына бағынбаған, 
олар жағдайға байланысты әрекет жасап отырған. XIII ғасырда ассасиндерді 
ҧйымдастырылған  қозғалыс  ретінде  Иранда  моңғолдар  және  Сирияда 
мысырлықтар жойды.  
X  ғасырда  ӛздерін  жақсы  жасырған  философиялық  бауырластықты 
білдіретін «Таза ағайындар» («Тазалық ағайындары») пайда болады. «Таза 
ағайындардың»  ҧжымдық  еңбектері  «Таза  ағайындар  мен  сенімді  достар 
трактаты»  деп  аталады.  «Трактаттар»  кҥрделі  тілмен  жазылған  және 
мҧсылман қоғамының білімді тобына арналған. Негізгі идеяларының мәні:  
-  жеке  Қҧдай  болмайды.  Қҧдай  уақыттан  және  кеңістіктен  тыс  ӛмір 
сҥреді; 
-  Қҧдай  ӛзін  әлемдік  ақыл-ес,  дҥниелік,  ғарыштық  және  барлық  жер 
бетіндегі тірі атаулының жаны ретінде танытады
-  қасиетті  жазбалар  Қҧдайдың  соңғы  сӛзі  болып  табылмайды,  ол  тек 
адамның ӛзін-ӛзі және оны қоршаған дҥниені танудың атқару нҥктесі болып 
табылады; 
-  кез-келген  діннің  догматтары  мен  салттары  толық  ақиқатты  емес, 
ақиқаттың тҥйірін қамтиды; 
-  жҧмақ  пен  тозақтың  болуын  ақыл-естің  дәлелдемелерімен 
дәлелдеуге болмайды: барлығы Қҧдайдан басталады және Қҧдайға қайтып 
оралады; 


 
105 
-  зҧлымдық  шексіз  емес:  адамдарды  ғылымға  жақындастырудың 
арқасында  (әсіресе  философияға)  адамзат  «мейірімділік  пен  әділеттіліктің 
дҥниежҥзілік мемлекетін» қҧруға қабілетті және қҧрады.  
Ислам  тарихында  дінде,  әсіресе,  философияда,  ғылымда  және 
білімнің басқа да салаларында із қалдырған жарқын саңлақтардың есімдері 
қалған - Ибн-Сина (Авиценна), Ибн-Рушд (Аверроэс),  Әл-Фараби  «Екінші 
Ҧстаз», Әл-Хальдун және басқалары.  
Жалпы,  ортағасырдағы  мҧсылман  философиясы  Платонның, 
неоплатондықтардың,  стоиктердің,  Аристотельдің  ақыл-парасат  пен  ойға 
қонымдылыққа  толы  шығармаларына  негізделді.  Әрине,  бҧл  кезеңде  ӛмір 
сҥрген  барлық  еркін  ойлаушылар  субьективті  тҥрде  ӛздерін  мҧсылмандар 
деп  санады,  алайда,  шын  мәнінде  олардың  дҥниетанымы  ресми  исламмен 
сәйкес келмеді, сонымен қатар, оған қарсы шықты. Олар ғажайыпты жоққа 
шығарды, дҥниенің шексіздігі мен қҧбылмалылығын дәлелдеді, жеке мәңгі 
бақи  ӛмір  сҥруді  келемеждеді.  Гуманистер  ретінде  дінге  шыдамдылық 
таныту, адамға сыйластықпен қарауды насихаттады. Олар дана философтар 
басқаратын әділ мемлекеттің болуын аңсады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   168




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет