С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д


Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы



Pdf көрінісі
бет19/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

5.2. Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы 
«Тақырып» ұғымына әдебиеттану еңбектерінде түрлі 
анықтамалар беріліп келді. Б.В.Томашевскийдің тұжырымдауын-
ша, көркем шығарманың іргетасы болатын тақырып – автордың 
өмірді, болмысты бейнелеуі мен бағалауының нысаны. Тақырып 
– 
«шығармадағы жеке элементтердің мағыналық бірлігі. Оның
көркемдік құрылымның компоненттерін біріктіретін және оқыр-
мандардың назарын аударатын маңызды ерекшелігі бар»
1
.
З.Қабдолов: «Тақырып – жазушының шындық болмыстан таң-
дап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен 
1
Томашевский Б.В. Теория литературы. Поэтика (1925). -М., 1996. - С. 
176-178.


53 
өмір құбылыстарының тобы» - деп анықтама береді. Ал идея 
«жазушының өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айт-
қысы келген ойы»
1
.
Көркем шығармаларда әлемнің, дүниенің үйлесімді немесе 
қарама-қайшылықты бейнесі, кейде оның кейбір қырлары: таби-
ғат құбылыстары, ең бастысы, адам өмірі көрініс табады. Тақы-
рып нақты, шындық болмыс пен көркемдік болмыстың арасын-
дағы алтын көпір сияқты. Ол екі әлемге де қатысты. Алайда, ол 
шындық болмыстың айна-қатесіз «көшірмесі» емес, суреткер 
өзінің жанына жақын, өзінің назарын аударған өмір құбылыс-
тарын ғана таңдап, оны көркем бейне арқылы күшейтеді, ажар-
ландырады. Соның нәтижесінде суреткердің қиялынан туған
өзіндік мінез-құлқы, кескіні бар әдеби кейіпкер пайда болады. 
Көркем шығармадағы тақырыптық жүйе – аса күрделі 
және көп деңгейлі ұғым. Теориялық деңгейде тақырыптың үш 
түрлі бастауы бар: 
1) 
онтологиялық және антропологиялық жалпы ұғымдар; 
2) 
мәдени-тарихи құбылыстар; 
3) 
жеке адам өміріндегі жағдайлар. 
Көркемөнердегі тақырыпқа осы тұрғыда М.М.Гиршман ең-
бектерінде анықтама беріледі. Оның пікірінше, «көркемдік тұ-
тастық ретінде шығармалардағы күмәнсіз және лайықты тақы-
рыптар: адамзат, халық және жеке адам тұлғасы»
2
.
Әдеби шығармалардағы тақырыпты талдау барысында оны 
шартты түрде екіге жіктеуге болады: мәңгілік және тарихи та-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет