С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет20/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

қырыптар.
Нақты-тарихи 
тақырыптар белгілі бір
елде әлеуметтік-та-
рихи жағдайлар нәтижесінде туған оқиғаларды суреттейді. Олар
нақты сол тарихи уақыттың шеңберінен тыс қайталанбайды. 
Мысалы, жоңғар шапқыншылығы, репрессия мен аштық тақы-
рыбы, Ұлы Отан соғысы тақырыптары. Мәңгілік тақырыптар 
түрлі ұлттардың тарихында, барлық дәуірлер мен кезеңдерде, 
түрлі ұрпақтардың өмірінде кездесе беретін, қайталанатын жағ-
дайларды қамтиды. Мысалы, әке мен баланың қарым-қатынасы, 
1
Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Жазушы, 1992. 160-б.
2
Гиршман М.М. Избранные статьи. Художественная целостность. Ритм. 
Стиль.Дииалогическое мышдение. – Донецк, 1996. – С.11.


54 
ұрпақтар сабақтастығы тақырыбы, махаббат пен достық немесе 
еңбек тақырыптары.
Кейде әдеби шығармадағы тақырыптар жүйесі нақты-та-
рихи және мәңгілік мәселелерді де бірдей қамтуы мүмкін. Мыса-
лы, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы, М.Әуезовтің «Абай 
жолы» роман-эпопеясы, Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» рома-
ны. Енді осы тақырыптардың әр түріне жеке тоқталайық.
Жаһандық көркем әдебиеттің даму тәжірибесіне мойын 
бұрсақ, ықылым заманнан бері болмыс пен жаратылыстың құ-
пия да жұмбақ мәселелерін ұңғыған тұрақты тақырыптар бар. Ең 
алдымен, олар - өмір мен өлім, махаббат пен зұлымдық, жарық 
пен түнек, ақ пен қара, от пен су, жақсылық пен жамандық, жас-
тық пен кәрілік және т.б. жалпыадамзаттық табиғи бастауларды, 
мәңгілік әмбебап ұғымдарды қамтиды. Бұл өнердің «онтология-
лық тақырыптар» кешенін құрайды
1
.
Антропологиялық тұрғыдан қарастырсақ, мәңгілік тақы-
рыптар сан алуан. Тақырыптың антропологиялық аясы адам бол-
мысының рухани бастауларын (жатсыну мен сіңісу, тәкаппарлық 
пен мойынсыну, күнәқарлық пен тақуалық); адам жаны мен 
тәнінің ұмтылыстарын, инстинкттерін, материалдық байлыққа, 
билікке ұмтылуын; адамның жынысы мен жасына қатысты 
ұғымдарды (балалық, жастық, егделік, кәрілік); адам өміріндегі 
тұрмыстық жағдайларды (еңбек пен демалыс, жай күндер мен 
мейрам, қарама-қайшылық пен үйлесім, бейбіт өмір мен соғыс, 
туған үй мен жат жер т.б.) қамтиды. Аталған болмыс бастаулары 
өнер туындыларына көшіп, мәңгілік тақырыптарды құрайды. 
Мәңгілік тақырыптардың архетиптілік, мифологиялық сипат-
тары басым, бағзы замандардан бастау алады және барлық дә-
уірлер мен барлық елдердің әдебиетіне тән. Олар кейбір шығар-
маларда басты тақырыптың қызметін атқарады немесе мифопо-
этикалық мән алып, туындының көркемдік құрылымындағы қо-
сымша желіде жанама тақырып ретінде көрінеді. Әдебиеттің 
мәңгілік тақырыптарды бейнелеуде онтологиялық бағыттағы 
философиямен және адам табиғаты туралы ілім – 
антропологиямен 
сабақтастығын, 
жақындығын 
көреміз. 
1
Хализев В. Теория литературы. -М.:Высшая школа, 2002. - С.57.


55 
Көркемөнердегі мәңгілік тақырыптардың көрінісін роман-тизм 
дәуіріндегі философтар, мифологиялық және неомифологиялық 
мектептердің өкілдері, З.Фрейд пен К.Юнгтың еңбектеріне 
сүйенген психоаналитикалық өнертану жіті зерттеді.
Мифологиялық бастауларға, сарындарға, мифологиялық 
образдарға, аңыз-әңгімелерге ден қойған әдеби шығармаларда 
мәңгілік тақырыптар айқын көрінеді. Соңғы жылдары әдеби шы-
ғармашылықтағы мифологиялық дәстүрді зерттеген Г.Д.Гачев, 
В.Н.Топоров, Е.М.Мелетинский, В.И.Тюпа, Д.Е.Максимов
1
сын-
ды ғалымдардың іргелі ғылыми еңбектері жариялануда.
Қазақ әдебиетінде ХХ ғасырдың басында, әсіресе 1920 
жылдары 
М.Жұмабаев, 
М.Әуезов, 
Ш.Құдайбердиев, 
Ж.Аймауытов, М.Дулатов т.б. қаламгерлердің шығармалары 
«мәңгілік мәселелерді» талдауға, жеке адамды рухани-психо-
логиялық құбылыс ретінде бағалауға күш салды. Саясаттың 
салқыны әдебиеттің барлық салаларында салтанат құра бастаған 
тұста қазақ прозасында мәңгілік тақырыптар мен сарындар, ми-
фологиялық образдар көрініс тапты. 1930-шы жылдары үзілген 
осы үрдіс кейіннен ХХ ғасырдың 70-інші жылдарынан бастап қа-
зақ прозасында өз соқпағына қайта түсті. 
Мәңгілік тақырыптармен қатар әдебиет пен өнер мәдени-
тарихи шындықты да бейнелейді. Өнер туындысындағы жалпы-
адамзаттық мәңгілік мазмұнмен бірге жеке адамдар болмысына 
мезгілдік, мекендік сапалық белгілер тән. Әдебиет өзіне тән мә-
дени-тарихи ерекшеліктері бар халықтың, ұлттар мен ұлыс-
тардың, діни қауымдардың, мемлекеттік құрылымдардың,
елдердің өмірін бейнелейді. Барлық дәуірдің суреткерлерін өз 
ұлтының дініне, тіліне, діліне қатысты өзекті мәселелер қы-
зықтырып отырған. Олар халқының тарихын суреттеу арқылы 
оның рухани дүниетанымын, ұлттық салт-санасын, өткен дә-
уірлердің тұрмыстық-моральдық нормаларын танытады.
Көркем шығармаларда белгілі тарихи дәуірлердің оқи-
ғалары мен құбылыстары, халықтың мәдени дәстүрлері, сан ға-
сырлық тарихы, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, өзіне тән ойлау 
жүйесі көрінеді. Мысалы, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпо-
1
Мелетинский Е.М. Поэтика мифа. – М.: Наука, 1976. – 407 с.


56 
пеясы жеке адам, ақын тағдыры арқылы қазақ халқының ХІХ ға-
сырдағы елу жылдық көшпенділік өмірін, тұрмыс-тіршілігін, 
тарихын, бай дәстүрін бейнелейді. С.Елубайдың «Ақ боз үй» 
трилогиясы ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы аумалы-төкпелі
дәуір шындығынан бастап, жаппай ашаршылықты, елге төнген 
нәубет пен асыра сілтеу науқанын, қазақы дәстүрімізді, ұлттық 
құндылықтарымызды жоғалтып ала жаздаған заман құқайын, 
тағдыр тауқыметін шынайы бейнелейді. «Ақ боз үй», «Мінә-
жат», «Жалған дүние» кітаптарынан тұратын трилогия кеңес 
дәуірінің жетпіс жылдай өмірінің шындығын, көлеңкелі тұстары 
мен келеңсіз құбылыстарын бүкпесіз бейнелейді. 
Сонымен бірге көркем шығармаларда автордың әлемдік 
мәдениетке, басқа халықтардың да болмысын тануға деген ықы-
ласын да байқаймыз. Мысалы: әлем әдебиетінде - Байронның 
«Чайльд Гарольдтың сапарлары» шығармасы, қазақ әдебиетінде 
-
Оңтүстік Америкадағы тайпалардың өмірін суреттеген 
Т.Әбдіковтің «Тозақ оттары жымыңдайды» повесі.
Кеңес дәуірі тұсында көп жағдайда көркемөнердің қай түрі 
болсын кеңестік тақырып пен идеяға тәуелді болды. Кеңестік 
әдебиеттануда ХХ ғасырдың 20-шы жыдарынан бастап тақырып 
ұғымының аясы тарылып, оның әлеуметтік, қоғамдық сипатына 
көп көңіл бөлінді. Ұзақ уақыт бойы әдебиет идеологиялық құрал 
қызметін атқарды. Сондықтан қазіргі таңда социалистік реализм 
әдісі тұрғысынан жазылған кейбір шығармалардың тақырыбы 
мен идеясының өзектілігінен айырылып, әдебиет көшіне ілесе 
алмай қалғаны бар. Ал мәңгілік тақырыпты қаузаған көркем шы-
ғармалар ешқашан «ескірмейді», әрқашан әдебиет тарихынан 
ойып орын алады. 
Әртүрлі шығармаларда немесе бір жазушының туындыла-
рында бір тақырыптық сарын жиі қайталанып отырады. Тақы-
рыптың өзі мотивтерден құралады. Мотивті зерттеушілер оны 
тақырыптық сарын, тақырыпты құрайтын кезеңдер деп қарас-
тырады. Кейде мотивті тақырыппен бір деп қарау да кездеседі.
Кейде шығармада бірнеше тақырып бас қосады. Талдау ба-
рысында негізгі бір-екі тақырыпты бөліп алған жөн, қалғаны қо-
сымша тақырыптар болады. Қосымша тақырыптар негізгі тақы-
рыпты ашуға қызмет етеді.


57 
Негізгі тақырыпты 
анықтаудың екі жолы бар:
Бірінші жағ-
дайда, тақырып басты кейіпкердің айналасында өрбиді. Мысалы, 
Абай бейнесімен байланысты шығармашылық өнер адамының 
өмір жолы тақырыбы М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпо-
пеясының басты тақырыбы болса, ол төрт том кітапқа арқау 
болған. Ал одан басқа - махаббат, достық, әке мен бала қарым-
қатынасы т.б. қосымша тақырыптар басты кейіпкердің харак-
терін ашуға қызмет етеді. Екінші жағдайда, негізгі тақырып бір-
неше 
кейіпкерлердің 
тағдыры 
арқылы 
көрінеді 
– 
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы қазақ халқының 
ұлт ретінде қалыптасу тарихы тақырыбы шығарманың сюжеттік 
және тақырыптық желілерін біріктірген. 
Көркем шындық - өмір шындығының жазушының ой-еле-
гінен, шығармашылық елегінен өтіп, қорытылып, әдеби шығар-
мада баяндалатын көркем суретке айналуы. Жазушының қиын-
нан қиыстыру, метафоралық толғанысы - көркем ойлаудан туын-
дайды. Ал осының негізінде көркемдік идея жасалады. Бірнеше 
шығармалардың тақырыптары ұқсас болғанымен айтар ойының, 
идеясының бір-біріне ұқсамауы заңдылық. Мысалы, қазақ 
әйелінің тағдыры, әйел теңсіздігі тақырыбына М. Дулатов, 
Б. Майлин, Ж.Аймауытов, С.Көбеев, М.Жұмабаев, С.Мұқанов 
т.б. жазушылар қалам тартты. ХХ ғасыр басындағы қазақ проза-
сының алғашқы үлгілерінде әйел тағдыры басты темірқазыққа 
айналғанымен, айтар ойының күрделілігімен, психологиялық 
шеберлігімен, әйел затының жан иірімдерін, зар-қайғысын терең-
нен толғаған көркемдік идеясымен бір-бірінен ерекшеленеді. 
Тақырыптан идея, идеядан тақырып туындап та жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет