Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1.
Мазмұн мен пішін деп нені түсінеміз?
2.
Тақырып дегеніміз не? Тақырыптың негізгі және жанама болу
себептері неде деп ойлайсыз?
3.
Тақырып пен идея арасындағы байланыс қандай?
4.
Негізгі, жанама, объективті, авторлық идея дегеніміз не?
5.
Мәңгілік тақырыптар мен идеяларға нені жатқызар едіңіз?
6.
Мазмұн мен пішіннің байланысын Абай өлеңдерінің негізінде
талдау.
7.
Мазмұнның тақырып пен идеяға, пішіннің образдар жүйесіне
қандай қатысы бар деп ойлайсыз? Жауабыңызды негіздеңіз.
63
6. КӨРКЕМ БЕЙНЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Әдебиеттану ғылымында образ және образдылық - өзекті
мәселелердің бірі. Әдебиеттегі образ, яғни бейнелілік, кейіпкер
болмысы, көркем бейне сомдау ерекшеліктері - әдебиеттанушы
ғалымдардың назарынан тыс қалмаған, мәнін жоймаған күрделі
мәселе. Өйткені әдебиетті жасайтын суреткердің басты құралы –
образ.
Сонымен бірге образ бұрыннан басқа ғылым салаларында
да жиі қолданылып жүр. Философия мен психологиядағы об-
раздар – нақты ұғымдар, яғни сезімдік тұрғыда қабылданған
жеке заттардың (құбылыстардың, деректердің, оқиғалардың)
адам санасында бейнеленуі. Олар - болмыстың жалпы, жиі қай-
таланатын сипаттарын белгілейтін абстрактылы ұғымдарға кере-
ғар. Көркемөнер теориясында образ «сезімдік қабылдау арқылы
бейнеленген шындық» ұғымында қолданылады.
Ғалымдар образдарды ғылыми-суретті, фактографиялық
және көркем образ деп ажыратады. Көркем образ спецификасы
оның ойдан шығару, қиял арқылы жасалуымен байланысты. Әде-
биеттегі ойдан шығару, қиял еркіндігі – образ жасаудың алғы
шарты. Көркем шығарма жазу үшін мол материал керек. Сурет-
кер осы материалдарды өңдеу, реттеу, салыстыру мен талдау
барысында өзіне ең қажеттісін ғана талғап алады.
Образ - суретті сөз. М.Жұмабаевтың «Тұранның бір
бауында» атты өлеңіндегі айдың суретін алайық:
Ай туды, күңгірт кеш еді, алтын табақ,
Ару ғой ай дегенің алтын қабақ.
Жүзінен сол сұлудың нұр төгілді,
Жапырақ - суда ойнаған алтын шашақ.
Күнделікті өмірде түнде көріп жүрген қарапайым айды
«жүзінен нұры төгілген алтын қабақ сұлу аруға» теңеу арқылы
көз алдымызға әсем бейне елестейді. Ақын сөздеріндегі бейне-
лілік пен әсерлеуден (ай – алтын табақ, жапырақ - суда ойнаған
алтын шашақ), дыбыс үндестігінен (а-а, ж-ж), ой тапқырлығынан
туған эстетикалық қуат та анағұрлым күшті. Образ жанымызға
әсер етеді. Лириканы жүрекпен сезіну керек, ол түсіндіруге жү-
гінетін қара сөз емес. Образдылық – cуреттілік, сөзбен сурет
64
салу немесе «қатар тұрған екі сөздің бір-біріне сәулесін түсіруі»
(Потебня).
Образ – кейіпкер, тұлға, қаһарман. Сөз өнеріндегі өмір
шындығы адам бейнесі арқылы ғана көркем жинақтау дәре-
жесіне көтеріледі. Көркем туындының негізгі нысанасы – ең ал-
дымен, сол адамның өзі екені белгілі. Образ - әдеби шығарма-
дағы адам. Адам – күрделі жаратылыс. Е.Замятин: «Адам –
роман сияқты: соңғы бетіне дейін қалай аяқталатынын білмей
дал боласың. Олай болмаса, оны оқып та керегі жоқ» - деп жа-
зады. «Адамның ең алдымен зерттейтіні - өзі, өзінің жан-дүние-
сі» - дейді Л.Толстой. Адам тағдыры - өмірді танудың өзгеше
жолы.
Ғалым Б.Ыбырайымның: «Әдебиеттегі көркем образ -
суреткердің идеялық-көркемдік концепциясының, шеберлігінің,
дүниетаным тереңдігінің куәсі, сондай-ақ болмыстағы алуан құ-
былыстардың, өмір шындығының өзекті сипаттарының жанды-
бейнелі көрінісі, дәлелі. Сол себепті бірегей, толыққанды сом
тұлғалар – көркемдік кепілі»
1
-
деген сөзіне ден қойсақ, сурет-
кердің басты құралы - образ. Көркем шығармада өмір шындығын
сығымдап, сырын жеткізетін, жанымызға эмоциялық-эстетика-
лық әсер беретін – кесек, сом образдар. Көркем шығармада
кейіпкердің дүниетанымы, өмірге көзқарасы, болмыс-бітімі
жан-жақты ашылады. Кейіпкер – көркем шығармаға жан бі-
тіретін, шығарма арқауын бір арнада өрбітуге негіз болатын
көркем тұлға.
Кейіпкер кейде жазушының таза қиялының жемісі
(Н.В.Гогольдің «Мұрын» повесіндегі мұрынынан айырылған
майор Ковалев, О.Бөкеевтегі Қар қызы, Т.Әбдіковтің «Парасат
майданы» повесіндегі Күнделік иесі) болады немесе нақты өмір
сүрген адамды бейнелеу нәтижесінде (мысалы, тарихи тұлғалар,
жазушының өзіне етене таныс, жақын адамдар) туады. Әлем
әдебиетінде бұрыннан танымал әдеби кейіпкерлерді қайта бейне-
леу нәтижесінде де жасалады. Мысалы, Дон Жуан, Фауст бейне-
лері. Көркем шығармада жеке тұлғалармен қатар, топтық, ұжым-
дық кейіпкерлер де маңызды (А.С.Пушкиннің «Б.Годунов» тра-
1
Ыбырайым Б. Сырлы әлем. –Алматы: Ана тілі, 1997. 82-б.
65
гедиясында алаңдағы халықтың ой-пікірін білдіретін бұқара,
М.Әуезовтің «Қилы заман» повесіндегі көтеріліске шыққан топ).
Шығармадағы өмір шындығын жазушы характер арқылы
ашып көрсетеді. Характер жазушының өмірді тануымен, түйсі-
нуімен сабақтас. Характер – адамның ішкі болмысы мен психо-
логиялық ерекшеліктері, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастыр-
ған қоғамдық құлқы. Әдеби шығармада суреткер адам бейнесін
жасай отырып, оның бойына сол кейіпкер тіршілік еткен орта-
ның, дәуірдің типтік сипаттарын жинақтайды, сонымен қатар
оның жеке басына тән ерекшеліктерді даралай суреттейді. Су-
реткердің образ жасаудағы мақсаты адамның ішкі дүниесіне
үңілу, ой-сезіміне, іс-әрекетіне баға беру арқылы ол өмір сүрген
қоғамның шындығын, тіпті тұтастай дәуірдің кескінін бейнелеу.
Мінез – адамның психологиялық ерекшелігі болса, мінездеу де-
геніміз – кейіпкердің мінез-құлқымен, психологиялық қасиет-
терімен, рухани-мәдени болмысымен таныстыратын сипатта-
малар.
Әдеби туындыдағы кейіпкер бейнесімен автор бейнесі
тығыз байланысты. Кейіпкердің мінез-құлқы, өмірге көзқарасы
негізінде жазушының дүниені тану ерекшелігі, эстетикалық мұ-
рат-мақсаты жатады. Эстетикалық мұрат суреткердің шығарма-
шылығында көркемдік шешім тауып, оның нақты болмысқа
берген жазушылық бағасынан көрінеді және оның өз дәуірінің
әлеуметтік өміріндегі өзгерістерді зерттеп-зерделеуіне байланыс-
ты қалыптасады, айқындала түседі.
Қаламгердің өз кейіпкерлеріне деген қарым-қатынасы әр-
түрлі болады. Автордың өз қаһарманына деген жанашырлығы
сезіледі, кейде оны ұнатпайтынын аңғартып қояды, кейде ол ту-
расында объективті түрде тек бақылаушы ретінде баяндайды.
Автор мен кейіпкер арасында үнемі ара қашықтық сақталады,
өйткені ол кейіпкерді өз дәуірінің биігінен, өзінің өмірлік тәжі-
рибесі тұрғысынан бағалайды.
Көркем шығармада образды сомдайтын кіші бөлшек –
Достарыңызбен бөлісу: |