С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет41/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Диалектизм - белгілі бір аймаққа тән жергілікті сөздер. 
Азанмен, шыли, жүдә, жозы, бәдіре т.б. сөздер мысал бола 
алады. Диалект сөздер прозалық, поэзиялық шығармаларда ке-
йіпкердің сөйлеген сөзіндегі жергілікті аймақтық ерекшелік-
терді, образға характерологиялық сипат, мінездеме беруде қолда-
нылады. Авторлық баяндауларда өте сирек ұшырап, көбінесе 
диалогтарда жиі көрініс табады. М.Әуезовтің «Өскен өркен», 
Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер», «Соңғы парыз» романдарын-
дағы кейіпкерлер тілінде оңтүстік аймаққа тән диалектизмдер 
молынан ұшырайды. 
Табу - мифтік ескі түсінік бойынша аттарын атауға тыйым 
салынған сөздер. Мағынасы тұрпайы сөздерді сыпайылап айту – 
эвфемизм деп аталады. Дисфемизм не какофемизм – белгілі мә-
тіндегі сөзді мағынасы неғұрлым дөрекілеу сөзбен алмастыру. 
Мысалы, жеңілетініңді білетін болсаң, сен қырт атанар ма едің? 
Табу сөздер де әдеби шығармада кейіпкер тілінде түрлі мақсатта: 
шынайылық пен табиғи жағдайларды немесе халықтың дүние-
танымдық ерекшеліктерін т.б. бейнелеуде қолданылады. 
Әдеби тілге дыбыстық қайталаулар да ерекше өң, әсер да-
рыта алады. Бұл тәсіл екі түрлі: аллитерация – бірыңғай дауыс-
сыз дыбыстарды қайталау. 
Сап-сары жапырақтар... 
1
Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы: Жазушы, 1995 б.


125 
Сап-сары жапырақтар... 
Саудырап құлап жатыр атырапқа. 
Ассонанс (латынша assono - үндесу, үйлесу) – өлең сөзде 
бірыңғай дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. Аллитера-
ция да, ассонанс та поэзия мен прозада кездесе береді. Ұтымды, 
орнымен үндескен дыбыстар өлеңнің өрнек-кестесін айшықтай-
ды. Мысалы, Абайдың «Жайнаған туың жығылмай» өлеңі, 
Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі. Тағы бір мысал: 
Арманда, балам, арманда, 
Арманға толы жалғанда, 
Армансыз, сірә, жан бар ма? 
Армансыз жүрген жандарға, 
Алданба, балам, алданба! (М.Мақатаев). 
Эпитет - өмірдегі алуан түрлі заттың, құбылыстың ай-
рықша белгісін, сипатын, сапасын айқындайтын, өзгеше өң, ажар 
беріп нақтылайтын суретті сөз. Ол сөзден сурет тудырып, ойдың 
ықпалын күшейтеді. Мысалы Ж.Әбдірашевтің «Идиллия» өлеңін 
алайық: 
Көгілдір әлем, кең дүние, 
көркіңді жырға қосам да,
қараймын саған қаймыға... 
Көгілдір әлем, кең дүние, 
қуантқың келсе, қашан да, 
қалпыңнан осы айныма...
Эпитет – сөздерге айрықша бояу қосатын көркемдік тәсіл. 
Ауыз әдебиетінде «аршын төс», «алма мойын» т.б. тұрақты эпи-
теттер кездеседі. Белгілі бір бейнені айқындайтын эпитеттер 
арқылы сол бейненің табиғатын, жалпы бітімін аңғаруға болады. 
Белгілі бір әдістің (романтизм немесе реализм) эстетикалық 
концепциясына сай келетін тұрақты эпитеттер де болады. Мы-
салы, О.Бөкеевтің романтикалық сипаттағы «Қар қызы» пове-
сінде жұмбақ Қар қызының бейнесіндегі ерекшелік, оқшаулық – 
«
өзгеше», «беймәлім», «әлдебір», «басқа», айрықша» эпитеттері-
мен белгіленген. Ақ киімге оранып, сызылта ән салуы оның өз-
гергіш, беймәлім, жұмбақ табиғатының заттық метафорасы ре-
тінде көрінеді.


126 
Сонымен қатар суреткердің сартап, көп қолданғаннан жа-
уыр болған эпитеттерден гөрі ұлттық бояуы бойындағы жаңа
тың айшықтар жасауға ұмтылуы қажет. Мысалы, біздің ұлттың 
табиғатымызға «алтын күз» дегеннен «қоңыр күз» деу немесе 
бура бұлттар, бозаң далам, балауса тау деу әлдеқайда жақын.
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін, 
Алынбаған ақым бар сенде менің. 
Бұйрат құмдар – бұйығып шөлдегенім, 
Бура бұлттар – бусанып терлегенім, 
Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам, 
Секілді бәрі менен көз алмаған, 
Кең дүние кенде етсең сыбағамнан, 
Шырылдаған сәбидей мазаңды алам. 
М.Мақатаевтың осы өлеңіндегі эпитеттер ұлттық ділімізге 
сәйкесіп, ұлттың әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігіндегі құбылыстар-
ды поэзияға көшірген. Көркем шығармадағы эпитет, теңеулер-
дің жүйесінде суреткер стилі, дәуірдің белгісі, ұлттық ерекше-
ліктер де бой көрсетіп жатады. 
Әдеби тілдің бейнелілігін күшейтетін тәсілдердің бірі – құ-
былту, яғни троп (грекше tropas – тіл оралымы) – ойды тұспал-
дау, бейнелеп жеткізу мақсатында сөздерді ауыспалы мағына-
сында қолдану.
Троптар бір затты, құбылысты екінші затпен, құбылыспен 
жанастыру нәтижесінде астарлы мағына, бейнелі ой тудырады. 
Егер бейнелі ой тудыратын құбылыстар мағыналық тұрғыда 
бір-бірінен неғұрлым алыс тұрып, бір-біріне ұқсамайтын болса,
троптың көркемдік әсері де соғұрлым күшті болады. Мысалы, 
Ф.Оңғарсынова таңды «сұлу келініндей бұрынғының // Ұстады 
нұрға малып шымылдығын» - дейді. Сөзді құбылтудың осы мы-
салында астарлы бейнеліліктің тағы бір қызметін, яғни әсерлі 
поэтикалық мағынасы көбінесе жасырын тұратын құбылыстың 
мазмұнын ашу қасиетін аңғарамыз. Ақын өз өлеңінде таң бей-
несін құбылту арқылы оқырманның қиялын оятып, құбылысқа 
жаңа қырынан қарауға мүмкіндік берген. Шын мәнінде, бейне-
лілік айқын: жайлаудың таңғы арайы жаңа түскен келіншектің 
алқызыл шымылдығындай. Тағы бір мысал, М.Жұмабаев «Пай-
ғамбар» өлеңінде «түн баласын түссіз жынға» балайды. Құбыл-


127 
ту күрделілігіне қарамастан тура берілген: көзге түртсе көрін-
бейтін қараңғы қара түнді «түссіз» эпитетімен белгілеу орынды. 
Тропты лингвистикалық талдаудан әдебиетану тұрғысы-
нан талдаудың айырмашылығы бар: көпшілігі қолданатын тілдік 
жүйеге енген жалпытілдік троптар мен суреткер нақты бір шы-
ғармада ғана қолданған авторлық троптарды ажырату қажет. 
Әдеби талдау барысында жалпытілдік троптарға қарағанда по-
этикалық бейнелілікті тудыратын авторлық троптарға ерекше 
назар аудару қажет. Жалпытілдік троптар жиі және үнемі қайта-
лана бергеннен кейін оның мағынасы біртіндеп «ескіреді», «қа-
лыпқа» түсіп, өзінің бейнелілігін, ауыспалы мағынасын жоғалта 
бастайды. Кейде ақынның дағдылы метафораға қосымша жаңа 
мән үстеп, мағынасын «жаңартып» жіберетіні бар. Мысалы, 
«жаңбыр – көз жасы» деген жалпытілдік метафораның адам жа-
нына әсері соншалықты терең емес, ал сол бейнеге белгілі ақын 
Ж.Нәжімеденов жаңа тыныс беріп, мағынасын жаңы қырынан
құлпыртады:
Туған көз жас қасірет боп іш тіреп, 
Жүрегіңде у боп қайнап, пісті көп. 
Xрустальдің сыңғырындай мөлдір жас, 
Жарылса егер – «нейтроннан» күштірек. 
Теңеу – заттың, нәрсенің айрықша белгілерін атамай, оны 
басқа бір затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу тәсілі. 
Мұнда салыстыру нақты да бейнелі. Мысалы, Ж.Аймауытовтың 
«Күнікейдің жазығы» повесі осындай бейнелі де ерекше теңеу-
лердің әдемі көшінен басталады: «Жаялықша жалпиған, жарқа-
натша қалқиған, жермен-жексен шым қора, бейнеуі жоқ сұм 
қора. Шым қорада – жер үйде, желпіндірмес қор үйде, арса-арса 
боп сүйегі, қалақтай боп иегі, жаңқадай жоқ жақ еттен, саусақ-
тары шілбиіп, көлеңкедей кілбиіп, бұ жатқан қай аруақ? 
Әлсін-әлсін демігіп, тықтық еткен жөтелі өңменіңнен өт-
кендей, алма еріні кезеріп Бетпақ кезіп кеткендей, кимешегі қол-
қылдап қуыршаққа тіккендей, сатпақ-сатпақ жастығы жастық 
емес кетпендей, сар төсек боп сарғайып – бұ жатқаның қай 
әйел?». 
Қазақ теңеулерін жан-жақты қарастырған зерттеуші 
Т.Қоңыров теңеуге: «ұқсас, ортақ белгілерінің негізінде бір затты 


128 
екінші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейне-
лілік, көркемдік, эмоционалдық-экспрессивтік сапасын күшейте-
тін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын 
әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы»
1

деп анықтама береді. Ол 
қазақ тіліндегі теңеулердің жасалу жолдарының он шақты түрін 
келтіреді.
Теңеулер -дай, -дей, -дайын, -дейін, -ша, -ше жұрнақтары 
арқылы жасалады. Мысалы М.Мақатаевтың өлеңдерін алайық: 
Сағыныштай сарғайып жанды ма күз, 
Сары шәйі жамылып алды ма түз? 
Қурайларын сыңсытып сыбызғыдай, 
Қаңбағы ұшып, қаңырап қалды ма аңыз?
Толқын-көңіл тоқырап, таусылуы-ай
Тасып-тасып басылған тау суындай. 
Жетім жүрек жастықтың жұртында қап,
Ұлиды кеп бөрінің қаншығындай.
М.Мақатаев өлеңдеріндегі теңеулер табиғаты этнопсихо-
логиялық бояуымен құнды. Өйткені ақынның ойлау жүйесі ұлт-
тық болмыс атрибуттарына негізделген. Сондықтан жүректің 
жалғызсырауы қазақ дүниетанымына жақын бөрінің ұлуымен 
салыстыра суреттелген. 
Белгілі бір дүниетанымнан туатын ассоциативті теңеулер 
мен тұрақты эпитеттерде әрдайым автор тұлғасының қолтаң-
басы жатады. Өйткені суреттеу автордың қабылдауы арқылы 
жүзеге асырылады. Мағжан ақын өз өлеңдерінде өткен дәуірді 
«ертегідей сұлу», «судай сұлу, желдей екпінді, жалпақ жұртқа 
жат, жұмбақ өмір» деп теңейді. А.Н.Федоров «теңеулердің мо-
дальдыққа ие екенін» – яғни, суреттелетін затта не құбылыста 
авторлық қатынастың болатынын айта келіп: «Суретшінің кар-
тинасында ойдан басқа көңіл-күйдің берілетіні сияқты, кез 
келген тілдік образда да, соның ішінде теңеулерде де ой ны-
санының сезімдері, көңіл-күйлері, экспрессивті бағалау кон-
текстегі экспрессиямен байланысты беріледі»
2

дейді. Ол те-
ңеулерді семантикасына байланысты екіге бөліп қарастырады: 
1
Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. Алматы, 1978. 7-б.
2
Федоров А.Н. Семантическая основа образных средств языка. –
Новосибирск: Наука, 1969. –С.
13
.


129 
сезімдік қабылдаулар арқылы жүзеге асумен сипатталатын нақты 
негізі бар теңеулер және шартты негіздегі теңеулер; тегіне 
қарай: жалпы қолданыстағы, дәстүрлі және жеке-авторлық те-
ңеулер; формасына қарай: жай және күрделі (метафоралық); ат-
қаратын қызметіне қарай: психологиялық, символикалық, эмо-
ционалды-сипаттау, контрасты т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет