130
биғат пен адам жанының арасындағы тығыз, құпия, мәңгі үзіл-
мейтін, байырғы байланысты сезінесіз. Адам жаны да – табиғат-
тың құбылысы, сондықтан ол табиғатпен
өзінің мың-миллион
жанды әсерлерімен, сезімдерімен тығыз байланысты» - деп пікір
түйеді.
Кейіптеу – ертегі, аңыздарда жиі қолданылатын тәсіл. Ол
поэзияда да, проза да табиғатты суреттеуде кездеседі. Мысалы:
М.Жұмабаев «Тұранның бір бауында» өлеңінде табиғатқа жан
бітіре суреттейді:
Ай қалқыды, сәуле аспаннан сорғалады,
Ағаштар ерке арудай ырғалады.
Арудың аққу мойны бұрылғанда,
Жұлдыздай жарқ-жұрқ етіп сырғалары.
Д.Исабековтің «Гауһар тасында»
Салтанат салған әсем
әнге елтіген табиғат суреті жанды кейіпте бедерленген, тіпті
адамдық қасиетке ие: «тастар да, дала ұйып қалған, күн әнге
таңданып,
бір орнында қатып қалған, дала тамсанып, көзін жұ-
мып, балқып жатыр».
Аллегория - негізі меңзеу, тұспалдау болатын әдеби тәсіл
немесе бейнеліліктің бір түрі. Аллегория қызметінде шартты
ұғымдар (жақсылық, ар-ұят, ақиқат) мен типтік құбылыстар, ха-
рактерлер, мифологиялық кейіпкерлер, тіпті жекеленген адамдар
да бола алады.
Аллегория - көркем туындыда айтатын ойды туралап, нақ-
ты,
дәлдеп айтпай, алыстан орағытып, астарлау, ишаратпен,
емеурінмен жеткізу тәсілі. Тұспалдаудың ұтымдылығы - ол
ойды әншейін долбармен, жобамен айта салу емес, әдеби тілдің
поэзия
тілінің бейнелілік, суреттілік мүмкіндіктерін молынан
пайдаланып, ойды өрнектеп, бейнелі түрде жеткізеді. Мысал
өлеңдердегі құбылту, көбінесе, пернелеу, яғни аллегорияда жай
ұғым қалпындағы дерексіз нәрселер
көзге көрінер деректі нәр-
сеге ауыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: