151
Жанр - әдебиетте нақтылы бір дәуірде қалыптасқан, ортақ
типологиялық т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің
жүйесі. Бір түрге жататын шығармаларға ортақ белгілер болады.
Мысалы, бір шығарманы роман десек, одан осы жанрдың таби-
ғатымен жақындастыратын тұрақты қасиеттерді: сюжеттік, ком-
позициялық, көркемдік бейнелеу тәсілдерін іздейміз. Әдебиеттің
әр тегі бір-бірінен кешенді белгілердің жүйесі арқылы: образ жа-
сау ерекшелігі, кеңістіктік пен уақытты, адамның ішкі өмірін су-
реттеу, баяндаушы мен автор тұлғасының қатынасы тұрғысынан
ерекшеленеді.
Жанр – мазмұндық мәні тарихи тұрғыдан өзгеріске ұшы-
рап отыратын категория. Жанрлар генезисін (қалыптасу үрдісін)
жанрлар жүйесі дамуының ішкі заңдылықтарымен ғана түсін-
діре алмаймыз. 1920 жылдары жанр
мәселелері бойынша орыс
ғалымдары Ю.Н.Тынянов пен М.М.Бахтиннің айтысында үлкен
мән бар. Ю.Тынянов тарихи дәуірлер алмасқанда барлық жанр-
лар жүйесінің де ауысатынын, жазушылар шығармашылығын-
дағы жанрлық құрылымдардың даралық қасиетін жазды. Ал
М.М.Бахтиннің пікірінше, әдебиет тарихы – жанрлар тарихы. Ол
жанрдың тұрақты қасиетін баса айтады.
Орыс әдебиеттануында жанр мен көркемдік әдістің өзара
терең байланысын айқындау басты жаңалықтардың бірі болды.
«
Жанр - әрқашан өзі, әрі өзі емес, әрқашан көне, әрі жаңа, жанр
әдебиет дамуының әрбір жаңа кезеңінде, әрбір жаңа шығарма
тұсында қайта туындап жасарады» – дейді М.М.Бахтин. Демек,
әдеби үдерістің даму бағыттары жанрлардың өзгеріске түсуімен
де байланысты. Жанрлардың табиғатын теориялық тұрғыдан ай-
қындау - қазақ әдебиеттану ғылымында да күн тәртібінен түспей
келе жатқан күрделі мәселелердің бірі.
Көркемдік ойлаудың қай түрі болса да,
жанрлық сипатқа
ие. Жанр - өнердегі шарттылық принципін жүзеге асырудың
тәсілі. Жанрлық даму – тірі процесс. Көркем шығармашылық
жанрларға бөлінбей тұрған көне дәуірде әдеби туындыға тән
сипат ежелгі дәуірдегі синкретизм болған. Синкретизм тұтастай
ежелгі мәдениетті қамтиды. Синкретизмде барлық өнер түрлері:
ән де, өлең де, би де аралас түсіп жатты. Ол, А.Н.Веселовскийдің
пікірінше, дифференциялық, рефлексивті ойлау жүйесімен күр-
152
деленбеген, әлемге тұтасынан қарайтын архаикалық санаға тән.
Ғылымның дамуы архаикалық сананың қазіргі санадан
фундаменталды айырмашылығы оның бөлінбеген,
жік-жікке
айырылмаған, тұтас табиғатында, синкретизмінде екенін дәлел-
деп отыр. Әдебиет бізді сананың жаңа деңгейіне көтеріп отыра-
ды, сондықтан синкретизм оның тарихи бастауы ғана емес, әр
кезде жаңаша бейнеленіп отыратын, белгілі бір архетиптік сапа-
сы да болып табылады. Өнердің кейінгі көркемдік ұстанымдары
мен формалары қандай деңгейде болса да, алғашқы бастаумен
сабақтас қаралады – сонымен салыстырылады,
оған қарсы
қойылады, оған түрлі бейнеде қайтадан оралып отырады.
Синкретизм – «көркемдіктің барлық түрлеріндегі эстетикалық
нысанның генетикалық коды, бөлінбеген, жіктелмеген тұтас-
тық». Синкретизм феноменінің тарихи поэтика ашқан тарихтан
тыс мәні осында
1
.
Жанр үнемі дамып, түлеп отырады. Әр жанр әдеби түр
ретінде туып, даму барысында өз басынан өзгерістерді кешіреді:
пайда болады, дамиды, кейде жоғалады. Ю.Н.Тынянов «дайын
жанрлардың» болмайтынын, олардың
әрқайсысы дәуірден дә-
уірге ауысу барысында маңызды мәнге ие болып, негізгі назарға
іліксе, кейде, керісінше, кейінге қарай ысырылады, басқасына
орын береді немесе тіпті мүлде жоғалып кетуі мүмкін екенін
жазады
2
.
Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында
ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы
ғылыми түсініктердің әлі де бір ізге түсе қоймағанын көрсетеді.
Классицизм тұсында жанрларды жіктеу айқын болса, модер-
нистік әдебиет тұсында Батыс
Еуропада кейбір жанрлардың
құлдырауына байланысты жанрлық жіктеуді жоққа шығаратын
көзқарастар да кездесті. Кез келген жанрдың өзінің өрістеу, өр-
кендеу, құлдырау кезеңдері бар. Кейбір жанрлар белгілі бір
тарихи дәуірлерде өркендеп, дамыса, кейбірі жоғалып отырды.
Мысалы, классицизм тұсында – ода, трагедия, комедия, ро-
мантизм дәуірінде – драма, лирикалық поэзия, новелла, роман
1
Теория литературы: Учеб. пособие: В 2-х т. - Т. 2: Бройтман С.Н.
Историческая поэтика. –М.: Академия, 2004. - С.19.
2
Тынянов Ю.Н. Поэтика. История литературы. Кино. -М., 1979. - С. 27
153
жанрлары қарқын алды. ХІХ ғасырға дейінгі қазақ әдебиетінде
поэзия
жанрлары басымдық танытса, ХХ ғасыр басында роман
жанры туды. Кейбір жанрлар дәуірге сәйкес түрін өзгертіп, жаңа
сипат алып отырды. Мысалы, ХХ ғасыр басындағы қазақ ро-
манында фольклордың әсері айқын болса, ХХІ ғасырда роман
сюжеттік, композициялық тұрғыда күрделеніп, трансформацияға
ұшырады. Соның нәтижесінде, роман-эссе, роман-миф т.б. пайда
болды.
Достарыңызбен бөлісу: