С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет57/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Роман жанры. Алғашында латын тілінде емес, роман 
тілінде жазылған шығармалар осылай аталды. Кейіннен ХІІ ға-
сырда еуропалық әдебиетте жаңа жанр – рыцарлық роман қа-
лыптасты. Роман жанрының бастапқы белгілері антикалық әде-
биетте байқалып, Қайта өрлеу дәуірінің соңғы кезеңінде нақты 
көрінді. В.И.Этов: «Егер әдебиет – адамтану болса, оған мұндай 
мағынаны ең алдымен – табиғат пен қоғам туралы шексіз білім 
қайнары болып табылатын роман береді»
1

дейді.
Роман әдеби үдерістің дамуында басты орын алады. Әде-
биеттанушы ғалымдардың осы жанрды зерттеп-зерделеуге көп 
көңіл бөлуі де сондықтан болар. Роман жанрының теориясы 
М.Бахтин, В.Кожинов, Г.Поспелов, В.Хализев, Н.Лейдерман, 
Л.Чернец, Ю.Тынянов еңбектерінде көрініс тапқан. З.Қабдолов, 
З.Ахметов, Т.Кәкішев, М.Атымов, С.Қирабаев, Ш.Елеукенов, 
Ж.Дәдебаев, З.Бисенғали, А.Ісімақова, Б.Майтанов, Т.Есембеков, 
М.Хамзин т.б. еңбектерінде қазақ әдебиетіндегі роман жанры 
фольклор мен әдебиеттің байланысын айқын аңғартатын көркем-
дік-эстетикалық құрылым ретінде қарастырылады.
Зерттеушілер романның даму тарихында оны әр түрлі 
тұрғыдан: тақырыптық, пішіндік, стильдік, тарихи кезеңдерге 
қарай және т.б. түрлерге жіктедік. Әлем әдебиетінде романның 
жанрлық үлгілерінің соншалық мол екендігіне оларды жай 
санамалап шықсақ та көз жеткіземіз: тарихи, плуттық, фило-
софиялық, психологиялық, авантюралық, фантастикалық, пуб-
лицистикалық, сатиралық, әскери, деректі, детективті-қылмыс-
тық, монументалды, аналитикалық, интеллектуалды, мемуарлық,
модернистік, роман-эпопея, роман-миф, роман-эссе, роман-
поэма, роман-диалог, роман-монолог, роман-реквием, полифо-
ниялық романдар және т.б.
Роман жанрының басты ерекшеліктері мынадай
1) 
Романда негізгі назар жеке адам тағдырына, оның тұлға 
ретінде қалыптасуы мен өсуіне жинақталып, кейіпкер өмір 
1
Этов В.И. Современный роман и его герой. – М.: Знание, 1986. 

С. 4
.


160 
сүрген қоғам, орта, уақыт ауқымында жан-жақты сомдалады. Со-
нымен бірге роман адамдардың жеке өмірін, өзара қарым-қаты-
настарын ғана емес, ұлттық-тарихи ауқымдағы оқиғаларды да 
кескіндейді.
2) 
Оның композициясы күрделі, көп желілі және ол үлкен 
кеңістік пен уақытты, тұтастай дәуірлерді, ғасырларды қамтиды.
3) 
Бұл жанрдың мүмкіндігі мол болғандықтан оған көп-
дауыстылық тән, баяндау барысы автордың сөзімен қатар басқа 
баяндаушылардың сөзімен ауысып отырады.
4) 
Романда басқа прозалық жанрларға қарағанда оқиғалар 
жүйесі, кейіпкерлер кеңірек қамтылады, олардың мінез-құлқы
дайын күйінде алынбай, даму үстінде суреттеледі.
5) 
Романда белгілі бір тарихи кезеңнің шындығымен қатар 
халықтың дәстүрлі мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, яғни 
ұлттың рухани-мәдени бейнесі де көркем бейнеленеді 
(
Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер», І.Есенберлиннің «Көшпенді-
лер», М.Мағауиннің «Аласапыран», Р.Тоқтаров «Абайдың жұм-
бағы» романдары). 
Әлемдік әдебиет тарихында романның алғашқы нұсқалары 
орта ғасырларда пайда болды. Дегенмен романның жанр ретінде 
толысып, кең өріс алуы, даңғыл жолға түсуі ХІХ ғасырдан 
бастау алады. Адам психологиясын ашудың тамаша үлгілерін 
Ресейде А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой, Ф.Достоевский, 
И.Тургенев, Францияда Г.Флобер, А.Стендаль, О.Бальзак, 
Ж.Санд, Англияда В.Скотт, Ч.Диккенс, АҚШ-та М.Твен, 
Дж.Лондон, Германияда Т.Манн жасады.
Қазақ әдебиетінде роман жанры - ХХ ғасырдың басынан 
бергі (М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы) кезеңде пайда 
болған, қазіргі таңда дәстүрі қалыптасқан, әлемге танылған озық 
үлгілер тудырған күрделі жанр. Прозаның енді ғана қалыптасуы 
тұсында тәжірибені бірден күрделі жанр романнан бастау қазақ 
мәдениетіндегі эстетикалық құбылысқа айналды. Прозалық 
жанрлық формалар поэзияға қарағанда кешірек қалыптасқан-
дықтан, олар бойына өзіне дейінгі дәуірлердегі баяндау тәсіл-
дерінің мазмұндық жетістіктерін сіңіре білді. Жеке суреткер 
стилі, я болмаса сол кезеңнің стилі өзіне дейінгі дәстүрдің не-
гізінде жасалады. ХХ ғасырдың басында жазылған прозалық 


161 
туындылардағы, оның ішінде роман құрылымындағы баян-
даудың, қара сөздің өлең өлшемдерімен, поэзия талаптарымен 
қойындасып келуі айқын көрінеді. Роман жанрының арғы-бергі 
тарихы мен теориясын мұқият зерттеген Ш. Елеукенов 
С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы туралы былай дейді:
«Біздің алдымыздан мынадай елеулі факт шығады: роман әлі де 
болса фольклорлық нормалар тартылысын толық жеңе алмаған. 
Кәдімгі реалды адамдар шектен тыс идеалдандырылады. Типтік 
мінездердің орнына бойына көптеген жағымды қасиеттер дары-
тылған (жағымсыз бейнелер болса жағымсыз мінездер) жинақ-
таулы образдар шығады. Автор ауызша-поэтикалық шығарма-
шылықтың көне штамптарынан («күлгенде көзіңді алып кірсіз 
тісі») бас тартпайды. Бір сөзбен айтқанда романдық биікті ба-
ғындыру оңайға түскен жоқ», – деп жазады
1

Роман жанрының қазақ әдебиетінде қалыптасып, кең жай-
лауға шығуына мол еңбек сіңірген М.Дулатов, Ж.Аймауытов, 
Ш.Құдайбердиев, 
С.Көбеев, 
С.Торайғыров, 
М.Әуезов, 
С.Мұқанов, 
Ғ.Мүсірепов, 
Ғ.Мұстафин, 
Х.Есенжанов, 
Ә.Нұрпейісов, 
І.Есенберлин, 
Т.Ахтанов, 
Ә.Кекілбаев, 
М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, Д.Досжанов т.б. қаламгерлер. Роман 
турасында М.Бахтиннен де бұрын ғылыми пікір айтқан 
А.Байтұрсынұлы оны «ұлы әңгіме» деп атайды.
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы - қазақ хал-
қының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мәдениетінің үлгі-
лерін бойына мол сіңірген көп қырлы, терең мағыналы шығарма. 
Роман-эпопея – эпостың шыңы, оның негізгі қаһарманы – 
халық, суреткер шындығы – халық басынан өткен кезеңдік құбы-
лыстар. Өнер адамының жарық дүниеге келуінен бастап, дүние-
ден қайтуына дейінгі аралықтағы өмірі халық өмірімен сабақ-
тасып, қазақтың тұрмыс-тіршілігіне, кәсібіне, дүниетанымына 
байланысты басты сенімдері, дәстүрі, рухы М.Әуезов қаламы 
арқылы жаңа тынысқа ие болды. Әдебиеттану ғылымында
тарихи дәуір шындығын кең суреттеуге арналған шығарма-
1
Елеукенов Ш.Р. От фольклора до романа-эпопеи. Идейно-эстетическое 
жанровое своеобразие казахского романа. – Алматы: Жазушы, 1987. – С. 111. 


162 
лардың тобы тарихи романдар деп аталып, жеке жанрлық түр 
ретінде бағаланып, олардың өзіндік табиғатына арнайы сипат-
тама берілген. Қазақ прозасында тарихи романдар - ең көп зерт-
телген және кеңінен тамырын жайған жанрлардың бірі. Қазақ 
әдебиеттануында тарихи романдар тақырыптық тұрғыдан: тари-
хи-биографиялық, тарихи-публицистикалық, тарихи-этногра-
фиялық, тарихи-тұрмыстық, роман-эпопея, тарихи-әлеуметтік, 
тарихи-танымдық, тарихи-философиялық т.б. түрлерге жіктеліп 
жүр. 
Мемуарлық немесе ғұмырнамалық сипаттағы роман-
дардың қазақ прозаның дамуындағы орны да қомақты. Бұл ретте 
С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С.Мұқановтың «Менің 
мектептерім» атты романдары бұл жанрлық түрдегі алғашқы 
шығармалар болса, З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім»,
М.Мағауиннің «Мен», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», 
К.Смайыловтың «ХХІ ғасырға сапар» шығармалары - тәуелсіздік 
жылдарындағы әдебиеттің жемісі. 
Батыс әдебиетінде тамыры терең фантастика жанрын 
қазақ прозасында дамытқан А.Машанов, М.Сәрсекеев,
А.-Х.Мархабаев, Т.Сұлтанбеков, Ш.Әлімбаев т.б. қаламгерлерді 
атауға болады. А.-Х.Мархабаев - қазақ фантастика жанрын тұң-
ғыш зерттеуші ғалым. Ол - «Қазақ фантастикасының қалыптасу 
жолдары мен тенденциялары», «Қазақ фантастикасының по-
этикасы» монографияларының авторы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет