С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет52/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. 
Стилистика нені зерттейді? 
2. 
Әдеби көркем тіл мен ауызекі сөйлеу тілі дегеніміз не? 
3. 
Проза мен поэзия тілінің өзіндік ерекшеліктері бар ма? 
4. 
Омоним, антоним, синоним сөздердің әдебиеттегі қызметі 
қандай? 
5. 
Троп пен фигураның қандай айырмашылығы бар? 
6. 
Авторлық троптар дегеніміз не? 
7. 
Стильдің тіл ғылымындағы және әдебиеттану ғылымындағы 
мағынасы мен қызметі қандай? 
8. 
Инверсияның поэзиялық және прозалық шығармалардағы 
қолданылу ерекшелігі қандай?
9. 
Арнаудың қандай түрлері бар? Оны алғаш жіктеген ғалым 
кім? 
10. 
Абайдың «Қыс» өлеңіндегі эпитет, теңеулерді тауып, олар-
дың көркемдік қызметіне талдау жасау. 
11. 
М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңіндегі метафоралардың 
атқаратын қызметіне, жасалу жолдарына талдау жасау. 


145 
9. 
ӨЛЕҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 
«Поэзия – сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ 
озық үлгісі. Поэзияда тек тіл, сөз ғана көркем емес, ой да көркем, 
бейнелі. Өлең тіліне көркемдік сипат дарытатын, қуат беретін 
сол ой-сезім тереңдігі, өткірлігі, әсерлілігі»
1

деп өлең сөздің 
теориясын түкпірлі зерттеген ғалым З.Ахметов айтқандай, поэ-
зияда ақынның жан сыры, толғаныс-тебіренісі асқан сезімтал-
дықпен айшықты сөз тіркестері, көркемдік бейнелеу тәсілдері 
арқылы суреттеледі. Осы тұрғыда В.Брюсовтың өлең туралы сөзі 
орынды: «Стихи пишутся затем, чтобы сказать больше, чем 
можно в прозе».
Поэтикалық тіл құрылымдық тұрғыда екіге жіктеледі: 
өлең және проза. Проза фразалық сипатқа ие, поэзияға қарағанда
сөз көп қолданылады. Поэзиядағы (грекше poieo – тудырамын, 
жасаймын) сөз проза тілімен салыстырғанда, өте үлкен мағы-
налық жүк көтереді. Прозадағы (латынша prosa – тікелей, тура 
айтылған сөз) тілдің құрылымы еркін, поэзияда тіл белгілі бір 
тәртіпке, жүйеге бағынып, тізбекке түседі, соңғы жолы ұйқасуы 
керек. Поэзия негізінен монологтық сипатқа ие, яғни қаһарман-
ның сөзі автордың сөзімен сабақтас, жалғас келеді. Ол тұлғаның 
дүниеге деген субъективті қарым-қатынасын береді. Поэзияда 
оқиғалар мен характердің дамуын беруден гөрі көңіл-күй, сезім-
ге көп көңіл бөлінеді. Поэзия мен прозаның шекаралары шартты, 
кейде осы екеуінің арасындағы түрлер де кездеседі, мысалы: 
ырғақты проза немесе ақ өлең.
Өлең құрылысын әдебиеттану ғылымының бір саласы 
өлеңтану зерттейді. Қазақ әдебиетінде өлең теориясын 
А.Байтұрсынұлы, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, 
З.Ахметов, З.Қабдолов т.б. ғалымдар іргелі зерттеулермен 
байытты. Б.Кенжебаев қазақ өлеңінің құрылысын, түрлік, маз-
мұндық ерекшеліктерін Абайдың өнерпаздық өнегесін, енгізген
жаңалықтарын талдай отырып зерттеді. З.Ахметов қазақ өлеңінің 
тілін, сөз бейнелілігін, өлшем-өрнектерін дәстүр жалғастығы не-
гізінде жүйелі түрде қарастырды. Өлең теориясын орыс әдебиет-
1
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. –Алматы: Мектеп, 1973. 212-б.


146 
тануында ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап формалистік 
мектеп өкілдері дамытты. В.М.Жирмунский, Б.В.Томашевский, 
Б.И.Ярхо, Б.М.Эйхенбаум, Р.О.Якобсон, Ю.Н.Тынянов т.б. зерт-
теушілер өлеңтануды жаңа сапаға көтерді. 
Өлең – ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, белгілі 
бір тәртіпке бағынатын көрікті сөз тізбегі. Оның өзіне сай құ-
рылымы мен құрылысы бар. Өлең құрылысына «Әдебиеттану-
дың терминдер сөздігінде» төмендегідей анықтама берілген: 
«
Өлең құрылысы - өлеңде қолданылатын өлшем-өрнектердің жа-
салу жүйесі, оның ырғағына, дыбыс үндестігіне тән ерекшелік-
терді белгілейтін негізгі шарттар мен заңдылықтар»
1

Өлең құ-
рылысы халық тілінің негізінде қалыптасады. Тілдің мүмкіндігі, 
байлығы арта түскен сайын, соған орай жетіліп, толысып, шың-
дала береді. 
Өлеңтану басты төрт бөлімнен: метрика, ритмика, фоника 
және строфикадан тұрады. Метрика өлең жолының ішкі өлшем-
дерін, жүйелерін зерттейді. Ритмика жеке жолдың ырғағы мен 
ырғақтық жүйені зерттейді. Строфика мәтінде жүйелі қайтала-
нып отыратын өлең жолдарының тәртіппен тіркесуін зерттейді. 
Фоника өлең мәтінінің дыбыстық заңдылықтарын зерттейді.
2
Өлеңнің құрылысы тармақтардан, буыннан, шумақтан, 
ұйқастан тұрады. Өлеңдегі әрбір жеке жолдар тармақ деп ата-
лады. Өлең тармағының орналасу жүйесі әр халықтың поэзия-
сында түрліше. Тармақтың, соған қарай ырғақтың жасалуындағы 
заңдылықтар әр халықтың, ұлттың тілдік ерекшеліктеріне 
тікелей байланысты болғанымен, көптеген елдің өлең құрылы-
сында ортақ сипаттар да бар. Өлең тармағының үш өлшемі бар: 
метр (ішкі құрылым), метрикалық композиция (мәтінде тар-
мақтардың орналасу тәсілі) және ұзындығы.
Әлем әдебиетіндегі өлеңдер де түрлі жүйеде жазылады. Ең 
көне өлең жүйесінің түрі – метрикалық. Бұл көне Грекияда б.э.д
8-
ғасырларда пайда болған, кейін латын әдебиетіне ауысқан. 
Метрикалық жүйе - әуезді жүйе, оның арқауында ән жатады. 
Ежелгі дәуірде өлең әнмен айтылған, мақаммен оқылған. 
1
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1996. 249-б.
2
Федотов О.И. Основы теории литературы: Учебное пособие: В 2 ч. – Ч.2: 
Стихосложение и литературный процесс. – М.: Владос, 2003. – С. 5.


147 
Түрлері: ямб, хорей, дактиль, гекзаметр, триметр, т.б. Әдебиет-
шілер созымды буынды – (сызықшамен), созымсыз буынды до-
ғамен белгілеген. Л.Н.Тимофеев өлең жүйелерін санды (кванта-
тивті), сапалы (квалитативті) деп екіге бөледі де, метрикалық 
жүйені соған жатқызады.
Силлабикалық өлең өлшеміндегі шешуші нәрсе – буын; 
ырғақ, шумақ, тармақ, бунақ. Қазақ өлеңі силлабикалық өлең 
жүйесіне жатады, тармақ мөлшері түрліше болғанымен, қай дә-
уірдегі қазақ өлеңінен үзінді келтірсек те, ол силлабикалық бо-
лып шығалы. Тоникалық жүйе екпінге негізделеді, екпін түсетін 
буындар есепке алынады да, екпін түспейтін буындар саналмай-
ды. В.К.Тредиаковский реформасынан кейін орыс өлеңінде 
В.Маяковский сәтті қолданды. Силлабо-тоникалық жүйенің өл-
шемі - әрі буын, әрі екпін. Ямб, хорей, дактиль, амфибрахий, 
анапест, т.б. ақ өлең бар өлең жүйесінде кездеседі, бірақ өз ал-
дына жүйе жасай алмайды. 
Қазақ өлеңінің құрылысын сөз еткенде ырғақтық жүйені 
тексеруге көп мән беріледі. Ырғақ (грекше rhytmos - мөлшерлі-
лік, өлшемділік) – кез келген құбылыстың: іс-әрекеттің, дыбыс-
тың жүйелі қайталанып отыруы. Өлең теориясында ырғақ 
маңызды орын алады. Ол - көркем тілдің маңызды сипаттарының 
бірі. Жыл мезгілі де белгілі бір ырғаққа бағынады. Жүрек со-
ғысы, сағат тықылы мерзімді, мөлшерлі қайталанады, адам демі-
нің, өмірдің, табиғаттың өзіндік ырғағы бар екені белгілі. Өлең-
нің де өзіндік ырғағы болады. Ырғақ прозалық шығармаларда да 
кездеседі.
Ырғақ – мәтіннің кейбір элементтерінің белгілі бір уақыт 
аралығында жүйелі түрде қайталанып отыруы. Өлеңдегі ырғақ 
тармақты қолдануға байланысты айқындалады. Белгілі үнді 
ақыны Р.Тагор: «Ритм не есть простое соединение слов согласно 
определенному метру; ритмичными могут быть то или иное 
согласование идей, музыка мыслей, подчиненная тонким пра-
вилам их распределения, правилам не столько логичным, сколь-
ко наглядным»
1

деп жазады.
1
Тагор Р. Религия художника // Восточный альманах. - М., 1961. - № 4. - 
С. 96.


148 
Өлеңнің оқылуында ырғақ негізгі қызмет атқарады дедік. 
Өлеңдегі ырғақ – өлең тіліндегі дыбыстық құрылымның жалпы 
тәртіпке, жүйеге бағынуы, өлең тіліндегі бірыңғай дыбыстық, 
интонациялық, синтаксистік ерешеліктердің жүйелі түрде белгілі 
бір аралықта қайталанып отыруы. Ырғақ өлеңнің негізін құрай-
ды. Өлең ырғағының тірегі – буын. Өлеңде ырғақ буынның са-
нымен өлшенеді. Мысалы, М.Мақатаевтың мына өлеңі төрт 
тармақтан, он бір буыннан, үш бунақтан (бірінші бунақ - үш 
буыннан, екінші бунақ - төрт буыннан, үшінші бунақ - төрт 
буыннан) тұрады: 
/Домбырам/, /жүрегіммен/ /үндес едің/,
/Сенімен/ сырласымдай/ тілдесемін/. 
/Бабамнан/ /қалған мұрам/ /сен болмасаң/,
/
Өнердің/ /не екенін / /білмес едім/.
Тармақтан басқа өлең сөздің ырғағын күшейтуге ықпал 
жасайтын компонент – шумақ. Тармақтар белгілі бір ретпен 
орналаса отырып, шумақты құрайды. Шумақ - аяқталған белгілі 
синтаксистік ойды білдіреді. Ол тармаққа, бунаққа жіктеледі. 
Қай елдің әдебиетінде болсын, ең көп тарағаны төрт тармақты 
шумақ. Қазіргі поэзияда екі тармақты, үш, бес, алты, сегіз тар-
мақты шумақтан тұратын өлеңдер де жиі кездеседі. 
Тармақтың өзі мөлшерлі буындардан тұрады. Тармақтағы 
бірнеше буын саны ырғаққа байланысты тұрақты бөлшектерге
яғни бунақтарға бөлінеді. Буын түрлеріне қысқаша тоқталайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет