142
Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың,
Сезімің жасып ағып,
Кіп-кішкентай балаңды қасыңа алып.
Қырмызы күнім өтті деп,
Сенгенім сатып кетті деп.
Поэзияға қарағанда әр сөздің қалыпты грамматикалық
орны бар прозалық шығармаларда инверсияның қолданылуы
ойға
өзгеше әр, әуезді сипат береді. О.Бөкеевтің «Атау-кере»
повесіндегі Тасжанның табиғат туралы толғанысы инверсияға
толы: «Тау мылқау деп кім айтты, жүрегі, тілі бар, тек естір
құлақ керек; ал, құлағы мен көзі
барлардың да естімейтіні, көр-
мейтіні толып жатыр. Дүниені ала тайдай бүлдіретін де солар.
Құлағы бар – керең, жанары бар - соқырлар... сондықтан да жан
дүлейлігінен сақтасын...».
Прозада жаңаша қолданыстар, айшықтаулар, айқындауыш-
тар баяндау мәнеріндегі лиризмді молайтады.
Достарыңызбен бөлісу: