166
Қ.Аманжоловтардың шағын эпиграммаларын атауға болады.
М.Жұмабаев автоэпиграммасында өзі туралы былай жазады:
Қайда Мағжан,
Мағжан мынау:
Көрсе әйел,
Көзі жоқ ол
Көбелек, -
«Біраз Фетше» эпиграммасында М.Жұмабаев Фет поэзия-
сындағы түрлік жүйені жеңіл әзілмен түйреп өтеді:
Сүттей Ай.
Терең сай,
Бұлбұл,
Гүл-гүл
Екі жан,
Ыстық қан.
Қазіргі қазақ поэзиясында Ж.Әбдірашевтың «Әзілің жарас-
са» (1989), кейіннен толықтырылып «Құлпытас» (2002) деп жа-
рияланған жинағындағы достық әзіл ретінде жазылған эпиграм-
малары осы жанрды жаңа көркемдік биікке көтерді. «Әзілің жа-
расса» жинағына - 179, кейінгі кітабына 261 эпиграмма енген.
Мысалы, «Хамит Ерғалиевке» эпиграммасында ақын ағасына
жылы жайлы юмормен наз айтады:
«Мақтау үшін Хамаңды,
Білу керек шамаңды.
Бір көргеннен таниды ол,
Жақсы менен жаманды!
«
Қамал бұзып қырықта»,
Көнбей келген ырыққа,
Ақжал асау және сол,
Алдырмаған құрыққа.
Элегия (грекше elegia – мұңды, қайғылы ән) медитативті
немесе
эмоционалдық, көбінесе мұңды мазмұндағы лирикалық
өлеңдер. Элегияға өмірге деген көңіл толымсыздығы тән.
Бірінші
жақтан жиірек баяндалады. Грецияда алғаш б.з.б. 7 ғ. (Каллин,
Тибулл, Овидий) пайда болды. Орыс поэзиясында 18 ғ.
В.Тредиаковский, А.Сумароков, кейін В.Жуковский, А.Пушкин
шығармашылығында көрініс тапты.
167
Қазақ әдебиетіндегі үлгілері: М.Жұмабаевтың элегиялық
мазмұндағы «Алдамшы өмір», М.Шахановтың «Отырар элегия-
сы», Ж.Әбдірашевтың «Мұхтар Әуезов кешінде» оптимистік
элегиясы, «Қайран жиырма» т.б. өлеңдерін атауға болады.
Ж.Әбдірашев «Қайран жиырма» элегиясында жастық күндерін
мұңды сағынышпен еске алады:
Қызыққа толы көп күндер,
Қызыл, сары көбелек,
Ғайыпқа ұшып кеттіңдер,
Кеттіңдер ұшып, не керек!
Қол бұлғайсыңдар түсімде,
Түсімде елес қармаймын...
Жайқалған орман ішінде –
Жалаңаш қалған талдаймын!
Қызыққа толы көп күндер,
Қызыл, көк, сары, жапырақ,
Қайтейін, ұшып кеттіңдер,
Қоңыр күз келмей жатып-ақ! (Ж.Әбдірашев)
Достарыңызбен бөлісу: