Эпитафия (грекше epitaphios - құлпытастағы жазу) – дү-
ниеден өткен беделді, қадірлі кісіні мақтау. Әдебиетке антика-
лық эпиграмманың бір түрі ретінде енді. Орта ғасырларда, Қайта
өрлеу дәуірінде және классицизм тұсында танымал жанрлардың
біріне айналды. Эпитафия белгілері – көлемінің шағындығы, ар-
нау сипатында жазылуы.
Қазақ поэзиясында Ж.Әбдірашевтың осы жанрда жазылған
шығармалары көп. Эпитафия жанрындағы туындыларының жи-
нағы да осы аттас «Құлпытас» деп аталады. Ақын алаштың қай-
раткері Мұстафа Шоқайұлына жыр арнайды:
Табынып тәңірідей текті ісіне,
Құлдықтың қарсы шыққан тепкісіне!..
Түбі бір түркі жұртын ұйытқалы,
Ұранын еркіндіктің – етті сүре!
Ода (грекше ode - ән) – елге еңбегі сіңген, жұртқа таны-
мал, аты әйгілі адамдарды, жеке тұлғаларды ұлықтаған, дәріп-
теген ерекше құбылысты мақтап-мадақтаған асқақ лептегі, маз-
мұны көңілді, патетикалық (көтеріңкі әуенді) жырлар. Араб, пар-
168
сы классикалық поэзиясында есімі мәлім адамдарға арналған ма-
дақтау өлеңдер қасида деп аталады.
Оданың антика әдебиетінде алғашында терминологиялық
мағынасы болмады да, кейіннен салтанатты сарындағы хор өлең-
дері осылай аталды (Гораций, Овидий, Пиндар шығармашы-
лығы). Қайта өрлеу дәуірінде бұл ұғым антикалық үлгілерді бағ-
дар тұтқан, патетикалық, көтеріңкі лептегі лирикалық шығар-
маларға байланысты қолданылды.
Ода жанры классицизм дәуірінде (17-18 ғғ.) поэзияда қар-
қын алып, жаңа биіктен көрінді. «Жоғары жанрлар» қатарына
кірген ода канондық тақырыптарға арналып, жоғарғы стильдің
жетекші жанрына айналды. Ода жанрын дамытушы классик
ақындар қатарында Ж.Б.Руссо, Ф.Малерб, Э.Лебренді атаймыз.
Ресейде ХҮІІІ ғасырда Ломоносов, Державиннің одалары туып,
кейіннен осы жанр рухына А.Пушкиннің «Чаадаевқа» өлеңі,
Ю.Лермонтов, Рылеев өлеңдері сай келді.
Қазақ әдебиетінде оданың жанрлық табиғатына
Қазтуғанның «Мадақ жыры», Жиенбеттің «Жолымбетке»,
Үмбетейдің «Бұқарға», Байтоқтың «Жәңгірге» т.б. мадақ толғау-
лары жауап береді. Ода белгілі бір тұлғаларды мадақтау, ғиб-
раттық ой айту, образдылық, табиғатқа арнау сияқты өзінің
жанрлық табиғатынан туындайтын маңызды белгілерін сақтай
отырып, қазіргі қазақ поэзиясында да салтанатты дауыс ырғағы
мен жоғары, көтеріңкі стилін жаңғыртуға тырысады. Қазіргі әде-
биетте Ж.Бөдешұлының «Қарғаларға ода», Ж.Ерманның
«Жарыққа
ода»,
Д.Қанатбаевтың
«Оралманға
ода»,
А.Өтегеновтың «Арал теңізіне ода», Ұ.Есдәулетовтың «Әнге
ода» т.б. шығармаларын атауға болады.
Сонет (итал. sonetto – шағын ән) - әр түрлі тақырыпты
арқау еткен, арнайы өлшемді, сезімге, сырға құрылған лирика-
лық өлең. Сонеттің қадағаланатын қатаң формасы бар: онда он
төрт жол болады, олар екі катренге (төрт жолдан – сегіз жол)
және екі терцетке (үш жолдан – алты жол) бөлінеді.
Сонет мазмұнының дамуы философиялық триада ұстаны-
мы «тезис-антитезис-синтез» бойынша құрылады. Бірінші кат-
ренде тақырып беріледі (бастапқы тезис), екінші катренде сол
ойға қарсы немесе оны толықтыратын ой («антитезис») айты-
169
лады, соңғы екі терцетте сонет тақырыбының қорытындысы
(«синтез») жасалады. Сонеттің бұлай дамуы таңдалған кез келген
тақырыпты философиялық жинақтаудың жоғары деңгейіне кө-
теріп, жеке арқылы тұтас әлемнің көркемдік бейнесін берді.
Зерттеушілер сонеттің әуездік мазмұнының дамуы жағынан фуга
жанрына ұқсастығын анықтады.
Сонет жанр ретінде ХІІІ ғасырда Италияда туды. Одан
кейінгі ғасырлардың поэзиясында (тіпті біздің заманымызға
дейін) орасан зор маңызы болды. Данте Алигьери, Петрарка со-
неттері Еуропаға аса танымал болды. Шекспир осы жанрдың
классикалық үлгілерін жасады.
Қазақ әдебиетінде сонет аса кең тарамаған, ХХ ғасырдың
екінші жартысында поэзияда бұл жанрды дамытуға Е.Әукебаев,
Қ.Шаңғытбаев, Х.Ерғалиев (Шекспир сонеттерін қазақ тіліне ше-
бер аударды) көп еңбек етті. Мысалы Е.Әукебаевтың «Сыр» со-
нетін алайық:
Болсын деп саған тарту сыр-сөзімді,
Туған ел, ойлаймын мен бір өзіңді.
Шертетін сенің үнің болар ма деп,
Көңілімнің домбырасын күй-сезімді.
Туған ел, жақынсың-ау, бәрінен де,
Қозғасам, мейлі әңгіме әріден де.
Келеді көз алдыма ыстық тұлғаң,
Сарқылмас қуатымен, сәнімен де.
Туған ел, аяңда өсіп, адымдаған,
Өзіңнің қарғатайым, мен де бір балаң.
Дариға, кенің болып жатсам асыл,
Көзге әлі шалынбаған, табылмаған.
Сол кенің болса екен деп жыр-сөзімді.
Туған ел келем ойлап бір өзіңді.
Міндетті түрде он төрт тармақтан тұратын сонеттің бірінші
шумағында туған жер тақырыбы берілген. Екінші төрт жолда
тақырып толықтырылып, туған елге деген сүйіспеншілік бейне-
ленген. Соңғы шумақтар еуропалық үлгіден өзгерек үш жолдан
емес, үшіншісі - төрт жолдан, төртіншісі – екі жолдан тұр.
Мұнда ойдың қорытындысы, негізгі идеясы жинақталған.
Е.Әукебаев сонеттерінің көпшілігі осы қалыпты сақтаған.
170
Баллада – дүние жүзі әдебиетінде кездесетін көне жанр-
лардың бірі. Ол алғашында ауызша тарап, көркемдік ойдың
даму барысында сапалық өзгерістерге ұшырап, кемелдене түсті.
Әдебиет теориясын зерттеушілер Л.Тимофеев, Н.Гуляев,
З.Қабдолов, Б.Майтанов балладаның негізінде оқшау оқиға жата-
тынын, мазмұны көбінесе ғашықтық сюжетке, тарихи дерекке,
оқшау фантастикалық халге, ерлік әрекетке құрылатынын баса
айтады. Оның сюжеттік желісінде оқиға жататынын негіз еткен
әдебиеттанушылар балладаны лиро–эпикалық, яғни аралас жанр-
лар қатарына жатқызады.
Баллада Еуропа, орыс әдебиеттерінде романтизм дәуірінде
ерекше қуат алып, жаңа қарқынмен дамыды. Шиллер, Гете,
А.Мицкевич, Б.Бернс, В.Гюго, В.Скотт, т.б. баллада жанрын
жаңа көркемдік деңгейге көтерді. Орыс әдебиетінде осы жанрды
романтикалық арнада В.А.Жуковский, К.Ф.Рылеев, А.Пушкин
дамытты.
Баллада – лирикалық шығармалардың түрі. Баллада жанры
қазақ поэзиясына С.Ерубаев, С.Сейфуллин арқылы енді.
С.Ерубаевтың «Мәңгілік өмір туралы жыр», «Өмір туралы
рапорт», «Меруерт алқа», «Күзгі фрагмент», «Үш шахтер туралы
баллада» - осы жанрдың алғашқы қарлығаштары. Кеңес заманы-
на ғашық Саттар ақын балладаларында жаңа жанрды игере
отырып, кеңестік қоғам идеалдарын орнықтыруға күш салады.
Б.Күлеев, І.Жансүгіров те балладалық өлеңдер жазды. Сонымен
қатар осы жанрды қазақ әдебиетінде жаңа көркемдік белеске кө-
терген Қ.Жармағамбетовтің «Мұғалима», «Күзетші», т.б. балла-
далары балаларға мектеп қабырғасынан таныс. Осы ретте
Қ.Бекхожиннің «Жиырма сегіз», Д.Әбілевтің «Қазақ қызы»,
Ж.Молдағалиевтің «Әлия» балладаларын атауға болады. Қазіргі
қазақ поэзиясында М.Шаханов шығармашылығының бір сала-
сын балладалар («Қыран тағдыры», «Тоқшылық» т.б.) құрайды.
Сонымен бірге Ж.Нәжімеденов, С.Жиенбаев, Қ.Бұғыбаева т.б.
балладаларды атауға болады.
Әлемдік әдебиетте лириканың бұдан өзге түрлері көп.
Мысалы, идиллия (қамсыз жыр), мадригал (малшы сазы), романс
(бір сәттегі жаксы сезімді, көбінесе махаббатты жырлау), пасто-
раль (малшы сазының бір түрі), эклога (сауық жырының бір
171
түрі), эпиталама (жаңа қосылған жас жұбайлардың жарастығын
құттықтайтын көне өлеңдердің бір түрі), романс (музыкалық
аспаптың сүйемелдеуімен орындалатын шығарма). Сонымен
қатар лирикалық жанрлардың рондо, ғазел, хокку, танк, трио-
лета т.б. түрлері бар.
Ақынның дүниетанымын, шығармашылық өсу жолын
анықтауға ыңғайлы болғандықтан, әдебиеттануда лирикалық
шығармаларды тақырыптық тұрғыдан шартты түрде жіктейді.
Мысалы: философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат ли-
рикасы, әлеуметтік лирика т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |