С. Б. Ержанова ҚазМемҚызпу профессоры, ф.ғ. д



Pdf көрінісі
бет67/114
Дата13.12.2022
өлшемі1.56 Mb.
#467171
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   114
Жанұзақова Құралай Темірбекқызы Әдебиеттануға кіріспе

Натурализм 

ХІХ ғасырдың аяғындағы
әдебиеттегі маңыз-
ды бағыттардың бірі. Натурализмнің тууы утопиялық идеяларға 
сенімін жоғалтқан 1848 жылдардағы еуропалық төңкерістердің 
жеңілуімен байланысты болды. 
Натурализмнің философиялық негізі - позитивизм. 
Натурализмнің 
бастауында 
Г.Флобер 
шығармашылығы, 
Шанфлери, Дюранти т.б. тұрды. Натуралистердің мақсаты: шы-
найы болмыстан аулақтап, арман әлеміне әкеткен романтик-
тердің фантастикалық қиялынан өнердің бетін шындыққа, реал-
ды фактілерге бұру. Натуралистер үшін Бальзак шығармашы-
лығы үлгі болды. Натурализмге импрессионизмнің, реализмнің 
әсері де болды. Бұл бағыттың өкілдері қоғамның төменгі қаба-
тына, яғни қарапайым халық өміріне көбірек көңіл бұрды. Бей-
нелеу ауқымын кеңейткен олар үшін жабық тақырыптар болма-
ды. Егер сүйкімсіз нәрсе шынайы суреттелсе, ол натуралистер 
үшін шынайы эстетикалық құндылыққа ие. Натуралистер түсі-
нігінде, жазушы объективті бақылаушы болып, тәжірибе жасау 
білуі қажет. Білетін, зерттеген нәрсесін ғана жазуы тиіс. Осыдан 
келіп натурализмге тән бейнелеу ерекшеліктері туды: типтік 
образ (жалқы мен жалпының бірлігі) жасаудың орнына шынайы 
болмыстың «бір бөлігін» ғана фотографиялық дәлдікпен, нақ-
тылықпен суреттеу басым түсті. Шығармада сюжетті (ойдан шы-
ғаруды) сипаттама мен талдау алмастырды. Суреттелген дүниеге 
автордың бейтарап позициясы, болашақты болжаудан аулақ 
болуы, қаһармандықты, ерік бостандығын мансұқ ету, әлемді 
статикада, болмысты тұрмыстық деталдардың үйіндісі ретінде 
суреттеу тән болды.
Натурализм эстетикасының негізін салушы – француз 
өнертанушысы Ипполит Тэн. Натурализмнің негізі болатын «нә-
сіл, орта, сәт» теориясын ұсынды. Оның «Бальзак» атты мақа-
ласы мен «Ағылшын әдебиетінің тарихы» еңбегінде натурализм-
нің басты принципі белгіленді. Ол - өнерді ғылым деп қарау. 
1870 жылдары француз натуралистерінің басына Эмиль Золя
келді. Ол теориялық еңбектерінде натурализмнің негізгі ұста-
нымдарын айқындады. Оның көркем шығармашылығында на-
турализм мен сыншыл реализмнің белгілері жымдаса өрілген. 
Бұл синтез әуелде оқырмандар бас тартқан натурализмге қайта 


189 
ден қоюға мәжбүр етті. Золя өз айналасына жас жазушыларды 
(А.Сеар, Л.Энник, О.Мирбо) топтастырып, натуралистік мектеп-
тің қалыптасуына зор ықпал етті. Ол «тәжiрибелiк роман» тео-
риясын (осы аттас мақаласында) жақтады. 1877 жылдары на-
туралистік мектеп ыдырады. 
Неміс натурализмі (Г.Гауптман «Күн шығардың ал-
дында», «Жалғыздар» т.б. драмалары) өнердің заңы тұрмыстың 
ұсақ деталдарына дейін суреттеу деп білді. Натурализм ХІХ ғ. ІІ 
жартысынан ХХ ғ. басына дейін жалғасты. Еуропа шекарасынан 
тыс жерлерде де әсері мол болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет