204
әдеби шығармашылықты айқындаушы басты фактор ретінде
танылды. Биографиялық әдіс әдеби бағыттарды жоққа шығарды.
Биографиялық
әдісті дамыта отырып, әдебиеттану тари-
хында ХІХ ғасырда
Батыс Еуропа мен Ресейде психологиялық
мектеп (Э.Эннекен, В.Вундт, И.Фолькельт және А.Потебня «Ой
мен тіл» еңбегі) қалыптасты. Психологиялық мектептің зерттеу
нысаны
- шығармашылықтың ішкі, психологиялық жағы, ең
алдымен, автордың ішкі жан дүниесі.
Осыған сәйкес олар әр
шығарманы - автобиографиялық,
суреткердің iшкi толғаныста-
рының жемiсi, суреткердің жан дүниесінің моделі деп таныды
және өнерді суреткер сезімдері мен әсерінің образдаудағы субли-
мациясы ретінде қарастырды.
Психологиялық мектеп әдеби
құбылыс болмысқа тәуелсіз рух жемiсi деп санады. ХХ ғасырда
психологиялық мектеп психоанализге орнын берді. Әдебиеттегі
психологизмнің туып, өсіп-өркендеуіне әр кезеңдері рухани
өмірімізде дүниеге
келген психологиялық мектеп, сана ағымы
(поток сознания), модернизм, психологиялық талдау т.б. секілді
әдеби-философиялық, психологиялық бағыттар өз үлестерін
қосты.
Салыстырмалы
әдісті қолдана отырып,
мифологиялық
Достарыңызбен бөлісу: