С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


Су дақылдарына тəжірибе жасау əдістемесі



Pdf көрінісі
бет44/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80
Су дақылдарына тəжірибе жасау əдістемесі 
Суда еріген минералды тұздардың жасанды қоспасында өсі-
рілетін өсімдіктерді су дақылдары деп атайды. К.А. Тимирязев 
тұңғыш рет су дақылдарына кең көлемде тəжірибе жүргізді. Су 
дақылдарына жасалатын тəжірибелер ауыл шаруашылық прак-
тикасына, ең алдымен өсімдіктердің минералдық қоректенуіне 
байланысты бірқатар мəселелерді анықтауда маңызды рөл 
атқарады. 
Тұқымдарды іріктеу жəне залалсыздандыру. Тұқымдардың 
орташа үлгісінен кемістігі жоқтарын іріктейді. Тұқымдарды за-
лалсыздандыру мына реттілікпен жүргізіледі: ағынды сумен – 
30 минут; кір сабынмен – 20 минут жуу; 16 % Н
2
О


30 минут 
өңдеу (немесе калий перманганатының əлсіз ерітіндісімен – 
20 минут өңдеу); ағынды сумен – 30 минут; Д Н
2
О – 2-3 рет жуу. 
Тұқымдардың сапасын анықтау. Тəжірибеге арналған тұқым 
қыс бойы құрғақ əрі салқын ортада сақталады жəне себу алдында 
оның өнгіштігі мен өсу қуаты сыналуы тиіс. Ол үшін тұқымның 
орташа үлгісі алынады. Үлгіге қажетті тұқымды əр жердегі 
тұқым үймесінен алып, оларды шынының бетіне төгіп жақсылап 
араластырады жəне кемістігі жоқ орташа шамадағы тұқымдарды 
іріктейді. 
Тұқымның өнгіштігі, өсу қуаты жəне 1000 тұқымның 
салмағы оның сапа көрсеткіші болып табылады.
Тұқымдарды өндіру. Тұқымның өну белсенділігін анықтау 
үшін орташа үлгіден 100 данадан санап алып, өндіруге қояды. 
Ол үшін бес Петри табақшаларындағы қос қабаттап салынған 
фильтр қағаздарын 6 мл дистильденген сумен ылғалдайды, осы-
дан кейін қос қабат фильтр қағаздардың арасына 20 данадан 
тұқым орналастырады. Петри табақшасының үстіңгі бетін жауып, 
термостатқа қояды. Тұқымдарды температурасы 20-22
о
С қараңғы 
термостатта 3-5 күн бойы өндіреді.
Тұқымдарды күн сайын бақылап, өнгендерін санап, кестеге 
тіркейді. Мұндай жұмыс 3-5 күн сайын жүргізіледі. Өнген тұқым-
дардың жалпы санын есептеп, оның бастапқы мөлшерден пайыз-
дық шамасын табады. 
Тұқымдардың өсу қуатын анықтау үшін 
тұқымның жалпы мөлшерінен күн сайын өсіп шыққан тұқым-
ның пайыздық шамасын белгілейді. Тұқымдардың жаппай өнуі 
олардың жоғары сапалы екенін білдіреді. 


65 
1000 дəннің 
абсолюттік салмағы да тұқым сапасының көр-
сеткіші болып табылады. Оны анықтау үшін себуге іріктелген
тұқымдардан 100 тұқымның салмағын табады. Бұл үш немесе 
одан да көп рет қайталануы тиіс. Осыдан кейін олардың ортақ 
санын шығарып, 1000 тұқымның салмағы анықталады.  
Өскіндерді өсіру. Өнген тұқымдарды сыйымдылығы 1 литрлік 
шыны ыдыстарда өсіреді. Ол үшін шыны ыдыстарға өскіндерді 
орнататын қақпақтар дайындалады. Қақпақтарды парафинден-
ген дəкеден жасайды (парафинді су моншасында ерітіп, оған 
дəкені батырады, осыдан кейін дəкені шығарып алып кептіреді). 
Қоректік орта құйылған ыдыстың бетін парафинденген дəкемен 
байлайды жəне қақпақты өскіндер орнату үшін шыны таяқшамен 
теседі. Тамырларға жарық түспеу үшін банкалардың сыртын алды-
мен қара қағазбен, оның сыртынан ақ қағазбен орайды. Банкалар-
дың сыртына орталардың варианттары, өсімдіктер отырғызған күні
жазылады. 
Қоректік орталар дайындау. Қоректік орталарды дайында-
мас бұрын, тəжірибенің тақырыбын айқын белгілеп, оның нұс-
қасын құрастыру қажет. Осыдан соң қоректік қоспаны есептеуге
жəне дайындауға кіріседі. Су дақылдарына тəжірибе жүргізу 
алуан түрлі болуы мүмкін. 
Кноп ерітіндісін қоректік қоспа ретінде алуға болады, бірақ 
оған микроэлементтер, ең алдымен, бор жəне марганец қосу 
керек. Борды 1 литрге 0,5 мг есебінен бор қышқылы H
3
BO
3
немесе 
бура Na
2
B
4
O
7
түрінде енгізеді; марганецті 1 литрге 0,4 мг есебі-
нен MnSO

түрінде енгізеді. Кноп ортасының құрамы 19-кестеде 
берілген.

19-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет