66
Микроэлементтер қосылған Кноп
ерітіндісінде көптеген өсім-
діктер жақсы өседі. Алайда кейбір дақылдар үшін, əсіресе ері-
тінділерді жиі ауыстырып отыруы мүмкіндігі жоқ жағдайларда
Прянишников, Белоусов, Цинцадзе
қосылыстарын пайдалануға
болады, бұл қоспаларда орта реакцияларының ауытқуы шамалы.
Жоғарыда айтылған авторлардың қоректік орталары 20-кестеде
берілген.
20-кесте
Прянишников, Белоусов жəне Цинцадзе орталары
Прянишников
Белоусов
Цинцадзе
тұздар
г/л
тұздар
г/л
тұздар
г/л
NH
4
NO
3
0,24
Ca(NO
3
)
2
1,11
Ca(NO
3
)
2
0,21
KCl 0,16
KH
2
PO
4
0,36
KNO
3
0,80
MgSO
4
0,06
K
2
HPO
4
0,43
CaSO
4
0,28
CaHPO
4
0,172
MgSO
4
0,054
Ca
3
(PO
4
)
2
0,70
Fe
2
Cl
6
0,025
NaCl
0,10
MgSO
4
0,50
- -
Fe
2
Cl
6
0,01
Fe
2
(SO
4
)
3
0,25
Бұл қоспалардың буфер тұздары Ca
3
(PO
4
)
2
жəне
Fe
2
(SO
4
)
3
қоректік орта
рН-ты ұзақ уақыт бойы өзгертпей сақтауға
мүмкіндік береді. Белгілі бір
қоректік қоспаны пайдалану
тəжірибенің мақсаты мен алынған дақылға байланысты
таңдалуы тиіс.
Өсімдіктерді суда өсіру үшін А.А. Новоселов қоспасын (21-
кесте) пайдалануға да болады. Бұл қоспа əсіресе қияр жəне қызанақ
өсіру үшін ұсынылады. А.А. Новоселов қоспасы 100 есе сұйы-
тылып пайдаланылады.
21-кесте
А.А.Новоселов қоспасы
Тұздар
г/л
кальций
қоспасы
калий
қоспасы
Ca(NO
3
)
2
70
10
K NO
3
-
60
NH
4
NO
3
8
-
KH
2
PO
4
14
-
Ca(H
2
PO
4
)
2
-
15
67
K
2
SO
4
18
-
MgSO
4
12
12
FeC
6
H
5
O
7
8
8
H
3
BO
3
0,4
0,4
MnSO
4
0,6
0,6
Барлығы 100 есе сұйытылғандағы
концентрациясы
131
0,13 %
106
0,10 %
Тəжірибе қою. Көшет дайын болып, ыдыстар құрастырылған
соң тəжірибені бастайды. Ыдысқа құйылған ерітінді тығынға 2-
3 см жетпей тұруы керек. Одан соң ыдыстың берілген көлеміне
əрбір тұздан қаншалықты алу керек екендігін есептейді. Тұздарды
дəл өлшеп алып, литрлік өлшеуіш колбада 0,5 л суға ерітеді (тұнба
түспес үшін алдымен Ca(NO
3
)
2,
одан соң MgSO
4
мен басқа тұз-
дарды, ең соңында темірді еріткен жөн). Тұздар толық ерігеннен
соң ерітіндіні мұқият шайқайды жəне үстіне су қоса отырып, кол-
бадағы межеленген сызыққа дейін жеткізеді.
Осыдан кейін ері-
тіндіні қажетті деңгейге жеткенше үстемелеп су құйып, шыны
таяқшамен мұқият араластырады. Бұдан соң ерітіндінің рН
анықтайды. Қоректік ортаның реакциясы
өзгерсе NаOН немесе
НCl əлсіз ерітінділерімен түзетеді. Көптеген дақылдардың жақсы
өсіп-дамуына ортаның рН 5,5-6,5 болғаны қолайлы.
Өсімдіктерді ыдысқа отырғызу.
Өсімдікті ыдысқа көшіріп
отырғызуда оның сабағының, тамыры мен жапырақтарының ұзын-
дықтары бірдей (шамалас) даналарын іріктеп алады. Іріктелген
өскіндерді тығындағы тесіктерге бекітеді. Əр ыдысқа 10-15 өсімдік
отырғызады. Тəжірибенің қайталануы үш рет немесе одан да көп
болуы тиіс. Биік сабақты өсімдіктерге (арпа, жүгері, бидай, сора)
тəжірибе жасауда банканың тығынына
ағаш таяқшалар бекітіп,
оларға өсімдіктердің сабақтарын байлайды.
Өсімдіктердің тамырына оттегі жетуі үшін су дақылдары өсе-
тін ерітіндіге күн сайын 5-10 минут ауа үрлейді. Жас өсімдікке
5 минут ауа үрлеу жеткілікті. Өсімдік барынша өсіп-жетілетін
кезеңде ерітіндіге он минут ауа үрлейді. Түсім
жинау алдында
ыдыстарға ауа үрлеуді мүлдем тоқтатады. Ерітіндіні вегетациялық
кезең ішінде 15-20 күн аралатып, 4-5 рет ауыстырады.
Су дақылдарын күту. Бір жылдық жəне көпжылдық жас өсім-
діктерге тəжірибе жасауда ерітіндіні аптасына кемінде бір рет
68
өзгерту арқылы үнемі жаңартып отыру; ыдыстарға күн
сайын
үстемелеп су құю арқылы ондағы ерітіндінің деңгейін біркелкі
сақтау; өсімдіктерді таза ұстау, ол үшін
аптасына бір рет мақта
тұтамын сулап жуу немесе ең жақсысы, бүріккішпен, су сепкішпен
су себу; оттегімен қамтамасыз ету. Өсімдіктердің тамырына оттегі
жеткілікті болу үшін оның тамыр жүйесін түгелдей емес, ішінара,
үштен екі бөлігін ғана ерітіндіге батырады.
Кейде өсімдіктер су дақылдары жағдайында тіпті рН қолайлы
болғанның өзінде де хлорозға ұшырайды. Хлороз түсімді күрт
кемітетіндіктен, дер кезінде өсімдікті емдеу шаралары қолданылуы
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: