Ықыластылық, қимылдың реттелгендігі. Бір адам— жҥргізгіштен басқасы, бір-біріне қарама-қарсы бірнеше қадам қашықтықта екі қатарға отырады жəне қарсы отырған біреумен көзбен келісіп, жҥргізгіш оны сезбей қалатындай жəне босаған екі орынның біреуіне отырып қалмайтындай онымен орын
алмастырады. Барлық алмасулар дыбыссыз жасалады. Кҥрделендіретін жағдай: орындарымен алмасу кезінде серіктестер бір-бірімен сҧрақ жəне жауаппен алмасып ҥлгеруі керек, мысалы: сен қандай көшеде тҧрасың, анаңның есімі кім жəне т.б.
Тапқырлық, ептілік айтылатын сӛзді серіктесіне нақты жеткізуге ҥйретеді. Оқытушы ҧсыныстың белгілі бір сызбасын береді, мысалы: пысықтауыш, зат есім, етістік. Біреуге допты лақтырып, қатысушы: «Қара» дейді; екіншісі, допты ҥшіншіге лақтырып: «Қарға» дейді, ал ҥшінші, ҧзақ ойланбастан етістікті тауып, мысалы: «қарқылдайды». Ҥш қатысушының сөйлемді бір адамдай, яғни бөлек емес, біріктіріп айтуына қол жеткізу керек. Доп лақтыру арқылы серіктестен тек соңғы сөзін ғана алмай, сондай-ақ екпінін де алып, тҧтас əңгіме қҧрып, жалғастыруға болады.
Тапқырлық, ептілік, ықыластылық. Әр қатысушы алфавиттің бір əрпін айтып тҧрып, жолдасына допты лақтырады, ол ойластырылған сөздің екінші əрпін айтады жəне т.б.
Тапқырлық, ықыластылық. Алфавиттің барлық əріптерін қатысушылар бекітеді. Оқытушының диктовкасымен əркім өзінің əрпін шапалақпен белгілейді жəне барлығы бірмезетте сөздің соңғы əріптерін тарсылдатады. Топты екіге бөліп, берілген мəтінді екі топпен қарқынды сақтай отырып, синхронды «басып шығуға» болады; немесе əр топ тапсырмаларды жылдамдық пен анықтығы бойынша жарысып, өз мəтінін тəуелсіз «басады».
Тапқырлық, ептілік, ықыластылық. Орындықты алып,
əркім онымен шеңбер бойынша жҥгіреді. Сигнал бойынша жҥгірістің бағыты өзгереді. Мҧндайда соқтығысып қалмау жəне шуламау маңызды:кедергіге тҥсіп қалмауға тырысу керек.
Басқа сигнал бойынша барлық орындықтар залдың ортасына пирамида тҥрінде дыбыссыз қабатталып салынады, шеңбер бойынша жҥгіріс жалғасады. Ҥшінші сигнал бойынша əркім жолшыбай өзінің орындығын пирамидадан алып шығуы тиіс (егер оның ҥстінде өзге орындықтар тҧрса, айналымды өткізіп жіберу керек) жəне ақырында орындықтарды орындарына қойып, бəрі бір уақытта отыруы жəне тапжылмай қалшиып қалуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |