С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері педагогикалық мамандықтар бойынша орта кәсіптік білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыратын білім мекемелерінің оқу процесінде қолдануға арналған оқулық


Педагог Ж.В.Ваганованың әртістілік диагностикасының жҧмысшы карта-сызбасы



бет52/114
Дата06.05.2024
өлшемі4.79 Mb.
#500649
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   114
пед шеберлік

Педагог Ж.В.Ваганованың әртістілік диагностикасының жҧмысшы карта-сызбасы

(педагогикалық əртістіліктің негізгі белгілерін жалпы бағасын анықтауға арналған бақылау бағдарламасы)





  1. Шығармашылық көңіл-кҥй, психикалық қызметті өзіндік реттеу, эмоционалдық жағдай:

— қызығушылық, жігерлілік, сабақтағы шабыттана қайтарым;
— өздік ҧйымдастыру, шығармашылық тҧрақтылық формалары;
— өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ҧстау, көңіл-кҥйді басқару;
— артық кҥшті, толқуды алып тастауды ҥйрену ;
— кездейсоқтыққа байсалды қарауға, өзіңнің психикалық жағдайыңды жедел басқаруға ҥйрену.



  1. Сҥйкімділік, өз ойын білдіру, жеке мəнер:

— жҧғымдылық, сҥйсіндіре білу, ҧнатуға иландыру, қызықтыру, баурау, оқушылардың ынтасын меңгеріп алу қабілеттігі;
емін-еркіндік, табиғилық жəне мінез-қҧлықтағы қарапайымдылық;
— жарқындық, өзге мҧғалімдерге ҧқсамаушылық, стандартсыздық;

— көркемдік талғам, ғажайыпты сезіну, əдемілік пен ҥйлесімге ҧмтылу, шама сезімі;


— шынайылық, балаларға қатысты жеке ашықтық.

  1. Эмоционалдық, мінез-қҧлық жəне сөйлеу бейнелілігі:

— мəнерлілік, эмоционалдық əрекеттің кең диапазоны;
— уайымдау, оқушыларға аяушылық көрсету;
— сабақтағы эмоционалдық ахуал, əзіл-сықақ сезімі;
— сабақтың мазмҧнын ашудағы ерекшелік, мазмҧндалатын
материалды бейнелі ету қабілеті;
— эмоционалды сөз сөйлеу, кҥтпеген ырғақты суреттер, ауыспалы сөз, «өз» терминдерін қолдану.

4. Сыртқы келбет, əсемділік, сыртқы мəнерлілік, ауызша қатынас


:
— мəнерлі қабілеттер , əсем бейнешілдік;
— тəуелсіздік, дене бҧйығылығының жоқтығы, еркін, сенімді жəне табиғи бола білу;
— мимикалық жəне пантомимикалық дағдылар, бейнелі, эмоционалдық-эстетикалық қозғалыстардың болуы;

— ишараттар,қозғалыстар — ымдау, табиғилық, шапшаңдық, жөнділік/барабарлық, варианттылық деңгей, байлық, форманың толықтығы, қозғалыс белсенділігі — жеткілікті/жеткіліксіз; қозғалыс реакциясының жылдамдығы; мимикалық реакция қасиеті (тілектестік жəне т. б.).



  1. Ішкі тҥйсік, қиялдау, шығармашылық фантазия:

— қауымдастық өнімділігі;
— педагогикалық жағдайды жылдам сараптау жəне нақты баға
беру;
— баланың қабілетін «болжау» , бəрін оның бетінен «оқу»;
— еліктіре білу, қызықты бір нəрсе ойлап табу, кез келген
нысанды өзің жəне балалар ҥшін тартымды ету.
6. Суырып салмалық, педагогикалық экспромт/төкпе:

— реакцияның жылдамдығы, зеректік,өнертапқыштық; — жадының шапшаңдығы,ҧғымталдық;


— кездейсоқ жағдайларда бағдарлай білу, жағдайды бағалау жəне бағдарланбаған жағдайларда шешім қыблдау;
— сыныппен тҧрақты, икемді кері байланыс орнату;
— əрекет шарты өзгергенде жылдам жауап беру, сабақтың жоспарын жолшыбай тҥзете білу.

  1. Коммуникациялық қабілеттер, қатынас тҥрлері, оқушылармен қатынасу ҥні:

— тіл тапқыштық, жеңіл қатынас, тез байланыс орнату қабілеттілігі, сыныппен бастапқы байланыс ҧйымдастыра білу;

— «оқушыдан» байланыс қҧру, ынтымақтастық;


— тілектестік ҥн, ықылас, жҧмсақтық, əдеп сезімі;
— ашықтық, шынайылық;
эмпатияны дамыту деңгейі, оқушыларды уайымдау;
— өзара тҥсіністік, эмоционалдық, сəйкестендіру;
— рефлексия, өзіңді сырттай бақылау қабілеті.

  1. Сөйлеу қабілеті:

— мəнерлілік, эмоционалдық, сөздің динамикалығы;
— саздылығы, екпін диапазонының кеңдігі, дауыстың эстетикалық əдемілігі;

— ашықтық, тазалық, сөздің əуенділігі, дикция;


— сөздік байлығы, лексиканың тҥрлілігі;
— сендірерлік, қонымдылық, сөздің əсер ету кҥші.

  1. Бақылағыштық, назарды басқару:

— балалардың көңіл-кҥйіндегі өзгерістерді болмашы
белгілерден сезе білу, баланың ішкі əлеміне ҥңілу қабілеті;
— назардың орнықтылығы, ҧзақ көз тігу;
— назарды дҧрыс қою, оның көпнысандылығы;
— назардың ауысуы, динамикалығы;
— назардың шоғырлану деңгейі;
— барлық бөлшектерді көре білу, өткірлене қабылдау.

  1. Суггестивтік қабілет:

— бала назарын аудару жəне ҧстап тҧра білу;
— сендіру, балаларға эмоционалды-еркін ықпал ету;
— өз ойларыңа, сезіміңе «еліктіре» білу.

  1. Режиссерлік қабілеттер:

— сабақты қҧрудағы шиеленіс, сабақтың басында эмоционалдық
байланыстың, тартымды кіріспенің болуы;
— сабақта қарқынды, мақсатты ырғақты қолдау;
— жігерлілік, белсенділік;

— оқушылармен өзара шығармашылық байланыс— наличие стратегиялық асаміндеттің, «өтпелі əрекеттің», тактикалық,


жағдайлық тапсырмалардың болуы, əрекеттің ҥздксіздігі.

  1. Жаңа тҥрге ену қабілеттілігі, «рольге кіре» білу.

  2. Педагогтың əртістілігін есепке алып сабаққа психологиялық сараптама жасау (бес балдық жҥйемен бағалау):

— Сабақ мəнері (мҧғалім қандай тəсілдерді қолданады; педагогтың сыныппен қатынас мəнері жəне педагогикалық қатынас жағдайларын басқару деңгейі); ниеттер байланысы мен оқушыларды əрекетке кҥштеу;

— мҧғалімнің өздік ҧйымдасу ерекшелігі, оның сабаққа психологиялық дайындығы. Өздік шығармашылық жекешелігін, психофизикалық ерекшелігін сезінуі. Жҧмыс көңіл-кҥйі, сабақтың басындағы жəне оны жҥргізу ҥдерісіндегі мҧғалімнің көңіл кҥйі. Мҧғалімнің сабақтағы эмоционалдық уайымының педагогикалық мақсатқа сəйкестігі: қызығады, белсенді, ҥнемі қатынаста болады, сыныпты « тонуста» ҧстайды немесе немқҧрайлы, сылбыр;


— сыныптағы психологиялық ахуал. Мҧғалімнің психикалық жағдайын басқара білуі жəне қажетті эмоционалдық көңіл-кҥйді қҧра білуі: ізгі ниетті, жігерлі көрінеді, оқушылармен сыпайы жəне жайдары, тҥрлі оқушылармен қатынасты жекелеп жасайды немесе теріс ниетті, өз қатынасын сараламай, бəрімен бірдей, «жоғарыдан төмен» ғана қатынасады;


— өз сезімін, қабілетін ашық көрсетуге қорықпайды немесе бедел туралы ғана ойлайды, «бетперде» киеді, өзінің əлеуметтік ролін ҧстануға тырысады;


— қатынаста динамикалық жəне икемді, пайда болған мəселелерді тез шешеді, болуы мҥмкін жанжалдарды «сөндіреді», өзін оқушының орнына қоя алады, сөйлеуші оқушыны тыңдап тҧрғандай сезім тудырады, немесе мəселені көрмейді жəне болғалы тҧрған жанжалды байқамайды, сөйлеушіге ынтасыз, оны тҥсінбей тҧрғандай əсер қалдырады;

— сабақтағы мҧғалімнің əрекетін бақылау (оқушылардың материалды қабылдау ерекшелігін педагог қалай ескереді); сабақтың жоспарын жəне оны тəжірибеде жҥзеге асыруды салыстыру (ауытқуларды табу, олардың себебін тҥсіндіру, қандай əрекеттер жоспарланғанын сезу, қандай əрекеттер табан астында шыққанын білу; əрекет пен қатынастағы жедел педагогикалық шешім жасау қабілеті).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет