Актерлік шеберлік тренингі
(Г.В.Кристи бой.)
Барлық жаттығулар жиынтық беріледі.
Шығу. Сабақтар берілген ырғақта ҧйымдасқан тҥрде, ерте дайындалған мизансцена бойынша басталады. Әр қатысушы орындық алып, нақты белгіленген орынға қояды жəне өзгелермен бір уақытта отырады.
Бҧлшық ет қысымы мен тырысудан босау. Қатысушыларға орындықтан жҥкті сығымдағандай жайлап көтеріліп, иығына тіреле, аяқтың ҧшына тҧру ҧсынылады; бар денеңмен созылып, салмақты біресе оң аяғыңа, біресе сол аяғыңа салып, басқа аяғыңмен алға жəне артқа,бірақ фигура қозғалмайтындай тепе-теңдікті сақтап, шайқатылу керек. Содан
кейін төмен тҥсіп, бастапқы қалыпқа қайта келу керек. Содан соң бҧлшық еттерді босаңсыту қажет, ол қысымға қарама-қарсылық жолымен жҥзеге асады. Сонымен бірге маңдай, қас, көз, мҧрын, ерін, мойын, шынтақ, қолдың саусақтары, омыртқа жоғарыдан төмен қарай, сан, тізе, табан да ширайды. Бҧлшық еттердің əлсіреуін болдырмау керек, əсіресе босаңсытпау керек. Арқа жонында жəне мойында ширақтықты сақтап, отырған фигураның дҧрыс қалпын қамтамасыз ету ҥшін салбыраған қолдарды жинап, тізеге қосып, жҥзін салмақты, бейтарап ету.
Қолдың саусақтары мен аяқ табандарын дамыту.
Саусақтарды жҧдырыққа жинап, содан кейін əрбірін кезекпен ашыңыз. Сосын қолдың əр саусағын бірте-бірте бҥгіңіз. Саусақтарды кенет төмен тҥсіріңіз. Дəл осы қозғалыстарды аяқ табанына да жасаңыз. Ол ҥшін бір аяқты екіншісінің ҥстіне қойыңыз, əр табанға жаттығуды кезекпен жасаңыз.
Реакцияның дәлдігі және жылдамдығы. Оқытушы кезекпен ҥш дыбыс сигналын береді: алақанды шапалақтау дайындалу керектігін білдіреді, ол ҥшін орындықтың шетіне отырып, аяқтарды жинау керек. Екінші сигнал — аяқпен еденді ҧру — тҧрып, ҧзына бойына созылу, ҥшінші — ҥстелді ҧру — дем алып жатқан адамдай орындыққа жантаю. Алайда бҧйрықтар реті кейде бҧзылады, жəне «дайындалдан» кейін «жантаю» болуы мҥмкін, содан соң — «тҧр» жəне т. б. Қатысушылар қандай сигнал дайындалып жатқанын алдын ала білмес ҥшін, жаттығуларды көздерін жауып жасайды. Қате жіберген адам «айыпталады» жəне орындығымен бірге шеттетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |