● Рубеждік бақылау (тестілеу)
● Оқытушы студенттерді сипаттама материалымен таныстырады:
-плацентаның толық, толық емес жатуы;
-қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі;
-Кювелер жатыры;
● Игерілген білімді қорытынды бақылау (сұрақтар, тестер, ситуациялық тапсырмалар).
6. Әдебиеттер:
Орыс тілінде
Негізгі:
1. Акушерия: оқулық + СД / Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко ред. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерия - М.,2002.
Қосымша:
1. Клиникалық нұсқаулар. Акушерия және гинекология. 2 шығ., В.И.Кулаков ред. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
● Л.А. Лысак. Акушерия және гинекологиядағы мейірбике ісі. Феникс, 2004.-С 79-89.
Қосымша:
● Г.М. Савельева.- Акушерия.-Москва.- М, 2000.
● Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерия және гинекология. ГЭОТАР.-М, 1997.
7. Бақылау (сұрақтар, тестер, тапсырмалар)
Сұрақтар.
1. Жүктіліктің екінші жартысындағы қан кетудің негізгі себептерін атаныз.
2. Плацентаның жатуына анықтама берініз.
3. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуіне анықтама берініз.
4. Плацентаның жатуының клиникалық белгілерін атап өтіңіз.
5. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуінің клиникалық белгілерін атап өтіңіз.
6. Плацентаның жатуының емдік әрекеттерін атап өтіңіз.
7. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуіндегі емдік әрекеттерді атап өтіңіз.
СОӨЖ
№8 сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: Жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кету.
2. Мақсаты:
● Дұрыс жиналған анамнез негізінде, жүктіліктін екінші жартысындағы акушерлік қан кетуді диагностикалау және күттірмейтін ем көрсетуді үйрену.
3. Оқытудын міндеттері:
● Акушерлік қан кетудің мүмкіндігін болжау мақсатында, жүкті және босанушылардың тарихын талдауды үйрену;
● Клиника және лаборатория қорытындылары бойынша қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуінің диагнозын қоюды үйрену;
● Студентке жыныс жолдарынан қан кетуде күттірмейтін көмек көрсетуді үйрету.
4. Жүргізу тәсілі:
Аз топтар бойынша жұмыс жасау
● Плацентанын жатуы бар жүктілердің курациясы. Студенттер өздері жинаған анамнез нәтижелерін, объективті тексеру нәтижелерін баяндайды, оқытушы айтқан қосымша зерттеу материалдарын түсіндіріп береді.
● Егер, босану үйінде жоғарыда аталған патологиялары бар әйелдер болмаса, студенттер көшірмені диагнозы және босануды жүргізу жоспары негізделген босану тарихынан алады.
● Жүктіліктің екінші жартысындағы қан кетудегі дәрігер әрекетін талқылау.
Оқытушы студенттерді сипаттама материалымен таныстырады:
-плацентаның толық, толық емес жатуы;
-қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі;
-Кювелер жатыры;
5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
1. Анамнездік және объективтік мәліметтер бойынша жүктіліктің мерзімін анықтау.
2. Жалпы жағдайын, гемодинамикалық көрсеткіштерін, қан жоғалтуды бағалау. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуіндегі қан жоғалтудың ішкі, сыртқы – ішкі, сыртқы болатындығын негізге ала отырып, жалпы жағдай және гемодинамикалық көрсеткіштерді қан жоғалтумен салыстыру.
3. Клиникалық көрінісін (қан кетудің сипатын, ауру сезімінің қатысуын, жатырдың жағдайын, жатуын, нәрестенің жүрек соғуын) анамнездік, соматикалық нәтижелермен және жүктіліктің ағымының ерекшеліктерімен салыстыру.
4. Босану үйінде емдік әрекетті анықтау (консервативті, оперативті ем).
6. Үлестірме материал
1.Лабораториялық тексерудің нәтижелері, тағайындау парағы.
2. Босану тарихы.
6. Әдебиеттер:
Орыс тілінде
Негізгі:
1. Акушерия: оқулық + СД / Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко ред. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерия - М.,2002.
қосымша:
1. Клиникалық ұсынылымдар. Акушерия және гинекология. 2 шығ., В.И.Кулаков ред. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
● Л.А. Лысак. Акушерия және гинекологиядағы мейірбике ісі. Феникс, 2004.-С 79-89.
Қосымша:
● Г.М. Савельева.- Акушерия.-Москва.- М, 2000.
● Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерия және гинекология. ГЭОТАР.-М, 1997.
7. Бақылау (тестер, тапсырмалар)
№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.
№8 сабақ. Жүктіліктін екінші жартысындағы акушерлік қан кету
Бастапқы білім тестері
-
Плацентаның жатуы – плацентаның жатырдың төменгі сегментіне бекініп орналасу аномалиясы
Иә
Жоқ
-
Плацентаның жатуының негізгі белгісіне қан кету жатады
Иә
Жоқ
-
Плацентаның жатуында қынаптық тексеру перзентхананың қабылдау бөлімінде жүргізіледі
Иә
Жоқ
-
Плацентаның жатуында қан кету сыртқы, аурумен өтетін, жиі тыныштық кезінде болады
Иә
Жоқ
-
Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі – плацентаның жүктілік барысында немесе босанудың І және ІІ кезенінде бөлініп ажырауы
Иә
Жоқ
-
Плацентаны\ң жатуының толық және толық емес түрлерін ажыратады
Иә
Жоқ
-
Плацентаның жатуының диагностикасында ен көп мәлімет беретін – УДЗ болып табылады
Иә
Жоқ
-
Плацентаның толық жатуында босануға рұқсат беретін негізгі тәсіл – кесар тілігі
Иә
Жоқ
-
Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі көбіне жүктілікке байланысты гипертензияда кездеседі
Иә
Жоқ
-
Қалыпты жағдайда плацента жатыр денесінің аймағына бекиді, және онын төменгі жиегі ішкі ернеуіне жетпейді
Иә
Жоқ
№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.
№ 8 сабақ. Жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кету
Бастапқы білім денгейің анықтау тестінін жауаптары
-
Иә
-
Иә
-
Жоқ
-
Жоқ
-
Иә
-
Иә
-
Иә
-
Иә
-
Иә
-
Жоқ
№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.
№8 сабақ. Жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кету
Қорытынды білім тесттері
-
Жүктіліктің екінші жартысындағы қан кетудің ең жиі кездесетін себебі:
А) басталған түсік
Б) жатырдың жыртылуы
В) плацентаның жатуы
Г) көпіршікті тығын
Д) мойындық жүктілік
-
Плацентаның жатуынын себептері:
А) артериялық гипертензия
Б) жүктіліктің жасанды үзілуі
В) іштің механикалық жарақаты
Г) аллергиялық реакция
Д) аутоиммундық аурулар
-
Босанудың І кезенінде қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуінің себебі:
А) көп су кету кезінде босану ырғағының әлсіреуі
Б) жатырдың окситоцинмен гиперстимуляциясында босану ырғағының дискоордиациясы
В) босану ырғағының әлсіреуі, ұрық көпіршігінің кеш жарылуы
Г) аз су кету кезіндегі босану ырғағының дискордиациясы
Д) жатырдың окситоцинмен гиперстимуляциясындағы қағанақ суының мезгілсіз кетуі
-
Плацентаның жатуындағы қан кетудің ерекшеліктері:
А) бір рет, ауыртпалы түрде өтеді, жүктілердін анемизациясына әкеледі
Б) физикалық жүктемеден сон болады, әрдайым сыртқы, ауыртпайды, қайталанып өтеді
В) тыныштық кезінде болады, ауыртпайды, әрдайым ішкі, жүктілердің анемизациясына әкеледі
Г) әрдайым сыртқы, тынштық кезінде болады, ауыртпайды, қайталанбалы, жүктілердің анемизациясына әкеледі
Д) тыныштық кезінде өтеді, ауыртады, қайталанбалы, әрдайым сыртқы
-
Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуіндегі қан кетудің ерекшеліктері
А) әрдайым ішкі, ауыртпайды, қайталанбалы
Б) әрдайым ішкі, ауыртады, тыныштық кезінде болады
В) аралас, гипертензиялық жағдайға байланысты ауыртпалы
Г) аралас, ауыртпайды, тыныштық кезінде болады
Д) аралас, ауыртады, гипертензиялық жағдайға байланысты қайталанбалы
-
Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуіндегі дәрігердің әрекеті:
А) шұғыл түрде кесар тілігі
Б) жоспарлы түрде кесар тілігі
В) окситоцинмен босануды ынталандыру
Г) амниотомия, окситоцинмен босануды ынталандыру
Д) спазмолитиктерді қолдану, жүктілікті созу
-
35 апталық гестация мерзіміндегі жүкті әйелде УДЗ арқылы плацентаның төменгі жиегі ішкі ернеуінен 3,5см екені анықталды. Сіздің тұжырымыңыз:
А) плацентаның қалыпты орналасуы
Б) плацентаның жатуы
В) плацентаның толық емес жатуы
Г) плацентаның төмен орналасуы
Д) плацентаның мезгілсіз қартаюы
-
38 апталық гестация мерзіміндегі жүкті әйелде УДЗ арқылы плацентаның толық жатуы анықталды, шағымдары және қан кету белгілері жоқ. Әйелдер консультациясы дәрігерінің әрекеті:
А) госпитальдеу, жоспарлы түрде кесар тілігі
Б) госпитальдеу, шұғыл түрде кесар тілігі
В) госпитальдеу, босану басталғанға дейін бақылау
Г) бақылау, 40 аптаға дейін госпитальдеу, жоспарлы түрде кесар тілігі
Д) бақылау, босану басталғаннан госпитальдеу
-
Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуіне байланысты кесар тілігі операциясын жасау барысында Кювелер жатыры анықталды. Дәрігердін әрекеті қандай?
А) төменгі сегментте кесар тілігі
Б) жатырдың жатыр қосалқыларынсыз қынапүстілік ампутациясы
В) жатырдың жатыр қосалқыларымен қынапүстілік ампутациясы
Г) жатырдың жатыр қосалқыларынсыз экстирпациясы
Д) жатырдың жатыр қосалқыларымен экстирпациясы
-
Плацентаның толық жатуына байланысты кесар тілігі операциясы барысында плацентаның өсуі анықталды. Дәрігердің әрекеті:
А) төменгі сегментте кесар тілігі
Б) жатырдың жатыр қосалқыларынсыз қынапүстілік ампутациясы
В) жатырдың жатыр қосалқыларымен қынапүстілік ампутациясы
Г) жатырдың жатыр қосалқыларынсыз экстирпациясы
Д) жатырдың жатыр қосалқыларымен экстирпациясы
№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.
№8 сабақ. Жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кету
Қорытынды білімді бағалау тестінің жауаптары
-
В
-
Б
-
Б
-
Г
-
В
-
А
-
Г
-
А
-
Г
-
Г
№ 9 сабақ
1. Тақырып: Жүкті әйелдердегі жүрек – қантамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі, АІЖ –ның аурулары. Жүктілікті және босануды жүргізу.
2. Мақсаты: жүктілік кезіндегі еркшеліктер, жүрек – қантамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі, АІЖ –ның аурулары кезіндеігі босануды жүргізумен студенттерді таныстыру.
3.Оқыту міндеті:
● жүктілік кезіндегі еркшеліктер, жүрек – қантамыр жүйесі аурулары болған жағдайдағы босану негізінде білім қалыптастыру.
жүктілік кезіндегі еркшеліктер, тыныс алу жолдарының аурулары болған жағдайдағы босану негізінде білім қалыптастыру
● жүктілік кезіндегі еркшеліктер, АІЖ аурулары болған жағдайдағы босану негізінде білім қалыптастыру
● жүрек – қантамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі, АІЖ –ның аурулары бар жүктілік кезіндегі терапияның негізгі қағидаларымен таныстыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
● Жүктілік және жүрек ақаулары.
● Жүктілік және гипертензиялық ауру.
● Жүкілік кезіндегі анемия.
● Жүктілік кезіндегі критикалық кезеңдер (ревматикалық үрдістің активациясы), қан айналым бұзылысы
● Жүктілікті көтере алу көрсеткіштері.
● Босануды жүргізу және ерте босанғаннан кейінгі кезеңдегі қағидалар
● Жіті вирустық респираторлық аурулар.
● Жіті бронхит. Созылмалы бронхит.
● Жіті пневмония. Созылмалы пневмония.
● Бронхиальды астма.
● Асқазан және он екі ішек аурулары.
● Жіті бауырдың майлы дистрофиясы.
● Жүктілердегі бауырішілік холестаз..
● Вирусты гепатит.
● Өт шығару жолдарының аурулары.
5. Оқыту және сабақты жүргізу әдістері
● сабақ бойынша тесттік сұрақтар
● Оқытушымен жұмыс.Теориялық мәліметтерді кестелер, қарау материалдары бойынша талдау.
● Кішігірім топпен жұмыс жасау (2-3 студент): жағдайлық есептерді шешу
● Оқытушымен жұмыс: түсінікті емес сұрақтарды талқылау
● Сабақ бойынша қорытынды тест
Достарыңызбен бөлісу: |