С. Ж. Асфендияров атындағЫ Қазақ Ұлттық медицина



жүктеу 7.57 Mb.
бет8/31
Дата17.06.2016
өлшемі7.57 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31

6) Аралық бақылау (тестілеу)

6. Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі:

Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.30-57, 781-784.

2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.

Қосымша:


1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - 528 с.

2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Руководство для врачей. 3-е издание переработанное, исправленное и дополненное – М., «Триада-Х», 2005. – 6-64.


7. Бақылау (тесттер, тапсырмалар)
СОӨЖ сабақ № 6.

1. Тақырып: Жүктілік физиологиясы. Жүктілік кезіндегі әйел ағзасындағы өзгерістер. Жүктілік диагностикасы. Жүкті әйелді тексеру әдістері.

2. Сабақтың мақсаты: студенттердің өзіндік жұмыс істеген кезіндегі білімдері бойынша анамнез жинауды үйрету, объекктивті зерттеу нәтижесі, жүктілік және босану мерзімін анықтау. Акушериядағы қазіргі қосымша тексеру әдістерін қарастыру.

3. Оқыту міндеттері:

- білімді қалыптастыру :

- анамнез жинау:

- сыртқы және ішкі акушерлік тексеру;

- жүктілік және босану мерзімін анықтау;

- жүктілік пен босану жоспарын қарастыру.

4. Сабақ жүргізу түрі;

Кіші топтармен жұмыс.

1) Студенттің өзіндік жұмысы. Жүктілік патологиясы бөліміндегі жүктілер курациясы. Анамнез жинау және жүктілерді толық тексеру. Жүктілік және босану мерзімін анықтау. Сыртқы акушерлік тексеру.

2) Ұстазбен бірге жұмыс. Студенттер өзіндік жұмыс кезінде жинаған анамнездері, объективті зерттеу бойынша нәтижелерін береді. Жүктілік және босану мерзімін есептейді, ұстаздың берген мәліметтеріне сай қосымша тексеру әдістерін қолданады.

3) Алған білімдері бойынша қорытынды бақылау. (сұрақтар,тест, ситуациялық тапсырмалар).

Қорытынды білім және өзіндік жұмыстардың жеке түрлері (муляждар, фантомдар и тренажерлар, интерактивті модельдер, курстық жұмыстар; ауру тарихы, сабақ хаттамасы, әдебиеттер, рефераттар, видео- және фотоальбомдар), практикалық жұмыстарды және материалдарды жақсы игеруді жоғарылатады.

5.Тақырып бойынша тапсырмалар:

1) Ерте және кеш жүктілікті диагностикалау .

2) Босанудың болжамды мерзімін анықтау, жүктілік мерзімі (етеккір, овуляции, нәрестенің бірінші қозғалуы, әйелдр консультацисына бірінші келуі, УДЗ бойынша)

3) Іш айналымын және жатыр түбі биіктігін анықтау тәсілі.

4) Жордания формуласы бойынша нәрестенің болжам салмағын анықтау.

5) Леопольд-Левицкий тәсілінің мақсаты. Жүргізу техникасы.

6) Нәрестенің жүрек соғуының аускультациясы.

7) Қынаптық тексеру жүргізілуі және мақсаты.

8) Бимануальды қынаптық-абдоминальды зерттеудің мақсаты мен жүргізілуі.

9) Акушериядағы қазіргі заманауи қосымша тексеру әдістерін бөліп қарастыру. Тексеру мақсаты.

5. Көрнекті материал:

Лабороторлы зерттеу нәтижелері, тағайындау парағы, дайындалған презентациялар, ситуациялық тапсырмалар.

6.Қолданылтын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.30-57, 781-784.

2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.

Дополнительная:

1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - 528 с.

2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Руководство для врачей. 3-е издание переработанное, исправленное и дополненное – М., «Триада-Х», 2005. – 6-64.


7. Бақылау (тест сұрақтары,тапсырмалар)
Сабақ №6. Жүктілік физиологиясы. Жүктілік кезіндегі әйел ағзасындағы өзгерістер. Жүктілік диагностикасы. Жүкті әйелді тексеру әдістері.
Бастапқы білім деңгейі бойынша тест
1.Жүктілік кезінде ФСГ және ЛГ өндірілуі төмендеп, пролактин жоғарылайды

Иә

Жоқ



2. Жүктілік кезінде ОЦК алдыңғыдан 30-50 % жоғарылайды(жүктілікке дейін)

Иә

Жоқ



3. Жүктілік соңында жатыр салмағы орта есеппен 100 г болады

Иә

Жоқ



4.Жатыр көлемі ұлғаюы, түрі мен консистенциясының өзгеруі жүктіліктің белгісі

Иә

Жоқ



5. Distantia christarum – мықын сүйегінің бір-бірінен біршама алыстаған нүктелері арасындағы өлшем.

Иә

Жоқ



6. Шынайы конъюгатаны анықтау үшін сыртқы конъюгатадан 11 см алып тастаймыз

Иә


Жоқ

7. Нәресте позициясы – нәресте арқасының жатырдың оң немесе сол қабырғасына қатынасы

Иә

Жоқ


8. Сыртқы акушерлік тексеудің бірінші жүргізгендегі мақсаты – нәресте бағытын анықтау

Иә

Жоқ



9. Акушерлік 6-шы айдың соңында (24 апта) жатыр түбі кіндік тұсында орналасады.

Иә

Жоқ



10 Негеле формуласымен босану мерзімін есептеу: соңғы етеккірдің бірінші күнінен 3 айды азайтып, шыққан нәтижеге 7 күнді қосады.

Иә

Жоқ



Бастапқы білім деңгейі бойынша тест жауптары
1 - Иә

2 – Иә


3 –Жоқ

4 – Жоқ


5 – Иә

6 – Иә


7 – Иә

8- Жоқ


9 – Иә

10-Иә



БЛОК №3. Жүктілік физиологиясы мен патологиясы

Сабақ 6. Жүктілік физиологиясы. Жүктілік кезіндегі әйел ағзасындағы өзгерістер. Жүктілік диагностикасы. Жүкті әйелді тексеру әдістері

Қорытынды білім деңгейі бойынша тест


1. Жүктіліктегі зәр шығару жолдарының өзгеруі (кеңеюі, ұзаруы) мөлшеріне байланысты:

А) эстрадиолдың

Б) тестостеронның

В) пролактиннің

Г) созылмалы гонадотропиннің

Д) прогестеронның

2. Жүктіліктегі Пискачека белгісі - бұл:

А) жатыр жұмсаруы, мойын аймағында

Б) пальпация кезінде жатыр жұмсақтығының консистенциясының өзгеруі

Г) жатырдың үлкеюі

Д) жатырдың алдыңғы қабырғасындағы айдар тәрізді өсінді

3. Жүктілік мерзімін қандай негіздерге байланысты есептейміз? Дұрыс жауапты тандаңыз:

А) соңғы етеккір уақыты бойынша, нәрестенің бірінші қимылдауы, әйелдер консультациясына бірінші келуі бойынша, объективті көрсеткіштер , УДЗ бойынша

Б) соңғы етеккір уақыты бойынша, овуляция бойынша, іш айналымы бойынша, нәрестенің бірінші қимылдауы бойынша

В) соңғы етеккір уақыты бойынша, овуляция бойынша, іш айналымы бойынша, жатыр түбі биіктігі бойынша

Г) нәрестенің жатырда орналасуы бойынша, жүрек соғуы,УДЗ бойынша.

Д) соңғы етеккір уақыты бойынша, овуляция бойынша, жүрек соғуы бойынша.

4. D.spinarum қалай өлшенеді және нешеге тең?

А) алдыңғы мықынның жоғарғы бөліктері арақашықтығы, қалыпты жағдайда 25-26 см.

Б) мықын сүйектің қырларының аралығы, 28-29 см.

В) ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың аралығы, 29-31 см.

Г) нәресте қиғаштануы

Д) кіндік тұсында іш айналымы

5. Үшінші Леопольд тәсілі анықтайды:

А) орнығуы, позициясы мен түрін

Б) нәресте бөлігін,оның кіші жамбас қуысына қатынасын

В) нәресте мүшесінің жатуы және оған қатынасы

Г) жатыр тонусы, босану әрекетінің ырғақтылығын

Д) жатыр деңгейін, оның түбінде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын

6. Нәрестенің басымен орнығуы, II позиция. Жүрек тондарына аускультация нүктелеріне анықтаңыз

А) оң жағы кіндіктен төмен

Б) сол жағы кіндіктен төмен

В) оң жағы кіндіктен төмен

Г) сол жағы кіндіктен төмен

Д) оң жақ кіндік тұсында

7. Дене пішімі дұрыс әйелдерде ромбтың пішіні:

А) геометриялық дұрыс ромб

Б) үшбұрыш

В) дұрыс емес төртбұрыш

Г) төртбұрыш, вертикальды бағыттағы

Д) төртбұрыш, горизонтальды бағыттағы

8. Жатыр түбі биіктігі семсертәрізді өсінді және қабырға доғасы деңгейінде қай мерзімге сәйкес келеді:

А) 24 апта

Б) 28 апта

В) 32 апта

Г) 38 апта

Д) 40 апта

9. Соңғы етеккірдің бірінші күні 10 қаңтар болғандағы,босану мерзімін анықтаңыз:

А) 03.07

Б) 17.11


В) 17.10

Г) 10.11


Д) 07.11

10. Жордания формуласы бойынша болжамды ұрық салмағын анықтау:

А) ІА+ЖТБ

Б) ІА+ЖТБ/4

В) ІА*ЖТБ /4

Г) ІА*ЖТБ *4

Д) ІА*ЖТБ
БЛОК №3. Жүктілік физиологиясы мен патологиясы

Сабақ 6. Жүктілік физиологиясы. Жүктілік кезіндегі әйел ағзасындағы өзгерістер. Жүктілік диагностикасы.Жүкті әйелді тексеру әдістері


Қорытынды білім деңгейі бойынша тест жауаптары



  1. В

  2. А

  3. А

  4. Б

  5. А

  6. А

  7. Г

  8. Б

  9. Д

7 сабақ



1. Тақырыбы: Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі шұғыл терапия принциптері.

2. Мақсаты: жүктілердің ерте токсикозы мен гипертензиясының клиникалық көріністерін студенттің білімін негізге ала отырып, оларға диагноз қоюды, ауырлық дәрежесін анықтауды, ауырлық дәрежесіне сәйкес терапия тағайындауды, жүктіліктің үзуге көрсеткіштерін анықтауды үйрету.

3. Оқыту міндеттері:

●Ерте токсикоздардың жиі кездесетін формаларын диагностикалаудағы, емдік шараларын жүргізудегі білімін қалыптастыру.

●Қазіргі талаптарға сай жүктілердегі гипертензияның терапиясындағы негізгі принциптерімен таныстыру.

●Эклампсия ұстамасы кезіндегі алғашқы көмекті көрсетуді студентке үйрету. ●Эклампсия ұстамасы кезіндегі шұғыл көмек көрсету әдістемесін студенпен бірге жүргізу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

● «жүктілік токсикозы» түсінігін анықтау

● Жүктіліктің ерте токсикоздары. Этиологиясы және патогенезі. Клиникалық көріністері және диагностикасы. Емі.

●сырқаттың ауыру дәрежесіне сәйкес емінің негізгі принциптері.

●Жүктілікті үзудегі негізгі көрсеткіштер.

●Жүктілердегі гипертензияның этиологиясы және патогенезі

●Аурудың халықаралық классификациясы. (АХК) ДДҰ 10 қайта қарауы

●Жүктілікпен шақырылатын гипертензия критерилері.

●Жүктілердегі гипертензияның клиникасы, диагностикасы және емі.

●HELLP-синдромы.

5. Оқу және оқыту әдістері:

● бастапқы білім деңгейін бақылау (бастапқы білім деңгейін бақылау тестілері) ●Оқытушымен бірігіп жұмыс жасау. Теориялық материалдарды сызбалар мен көрнекі материалдарды пайдалана отырып талқылау.

● Кіші топтармен жұмыс жасау (2-3 студенттен): жағдайлық есептерді шешу

●Оқытушымен жұмыс жасау: түсініксіз сұрақтарды шешу

●Қорытынды білім деңгейін бақылау (қорытынды білім деңгейі тесті). Аралық бақылау (тестілеу)
6. Әдебиеттер:

Орыс тілінде

Негізгі :

1. Акушерство: оқулық + СД / ред. Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.

қосымша:


3. Клиникалық ұсыным. Акушерство и гинекология. 2 басылым. ред. В.И.Кулаков. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

4.Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.- 79-89 беттер.

Қосымша :

1.Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.

2. Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР. - М, 1997.

7. Бақылау : (сұрақтар, тестілер, жағдайлық есептер)

Сұрақтар.

1.Ерте токсикоздың формаларын тізіп беріңіз

2. Ерте токсикоздың өте жиі кездесетін формаларын атаңыз

3. Жүктілердегі құсықтың емінің негізгі принциптері

4. Шамадан тыс құсықты қанша уақыт емдейді?

5. Жүктілікпен шақырылатын ісінулерді диагностикалауда қандай әдістер қолданылады?

6. Жүктілердегі гипертензияның қандай клиникалық көріністері бар?

7. Жүктілірдің гипертензиясын емдеуде негізгі принцип қандай?

СӨОЖ

Тақырып № 7



1. Тақырыбы: Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі шұғыл терапия принциптері.

2. Мақсаты: жүктілердің ерте токсикозы мен гипертензиясының клиникалық көріністерін студенттің білімін негізге ала отырып, оларға диагноз қоюды, ауырлық дәрежесін анықтауды, ауырлық дәрежесіне сәйкес терапия тағайындауды, жүктіліктің үзуге көрсеткіштерін анықтауды үйрету.

3. Оқыту міндеттері:

●Анамнезді меңгеруге, объективті тексеруе, лабораторлы мәліметтерге сүйене отырып жүктілердегі ерте токсикоздар мен гипертензияларды диагностикалауды үйрету.

● Преэклампсияның ауыр түрінде және эклампсия ұстамасы кезінде шұғыл көмек көрсету әдістемесін студенпен бірге орындау.

4. жүргізу түрі: кіші топтарда жұмыс жасау

● Ерте токсикозы немесе гипертензиясы бар жүктілерге курация жасау.

● Студенттер өзіндік жұмысы кезінде алған анамнез мәліметтерін, объективті тексеру кезіндегі қорытындыларын мәлімдейді,оқытушы айтқан қосымша тексеру әдістерінің қорытындыларын түсіндіру.

● Преэклампсияның ауыр түрінде және эклампсия ұстамасы кезінде шұғыл көмек көрсету әдістемесін студенпен бірге орындап бітіру.

●Талқылау.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

● Анамнез, объективті тексерулерге сүйене отырып жүктілік мерзімін, ерте токсикоз \\формасын және оның ауыру дәрежесін анықтау.

●Қарап тексеру жоспарын құрыңыз, қосымша тексеру әдістеріне баға беріңіз.

●Анамнезге, объективті әдістерге, лабораторлы анализдер қорытындысына сүйене отырып қорытынды диагноз қойыңыз және емін тағайындаңыз.

6.Таратылатын материал:

1.Лабораторлы тексерулер қорытындысы, тағайындау парағы.

2. Босану тарихы
Әдебиеттер:

Орыс тілінде

Негізгі :

1. Акушерство: оқулық + СД / ред. Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.

қосымша:


3. Клиникалық ұсыным. Акушерство и гинекология. 2 басылым. ред. В.И.Кулаков. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

4.Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.- 79-89 беттер.

Қосымша :

1.Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.

2. Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР. - М, 1997.

7. Бақылау : (сұрақтар, жағдайлық есептер)


3 – БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

7сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікке байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі күттірмейтін көмек.


Бастапқы білім деңгейі бойынша тест


  1. Жүктіліктің ерте токсикозына жүктілік барысында және оның аяқталуынан кейінгі 42 күн аралығында байқалатын патологиялық жағдай жатады

Иә

Жоқ


  1. Жүктілікке байланысты құсудың жеңіл түрі – дене салмағының қалыптыдан 2% төмендеуімен жүретін күніне 1 – 2 рет құсу.

Иә

Жоқ


  1. Ерте токсикоздың жиі кездесетін түріне құсу және птиализм жатады

Иә

Жоқ


  1. Сілекей ағу жоғары сөлдену және тәулігіне 1 л сұйықтықтың жоғалуымен сипатталады

Иә

Жоқ


  1. Гестационды гипертензия – бұл жүктіліктің 20 апталығына дейін анықталған гипертензия

Иә

Жоқ


  1. Эклампсия – бұл эпилепсия немесе басқа да белгілі бір патологиямен байланыссыз, жүктілік кезінде кең таралған ұстамалар

Иә

Жоқ


  1. Магний сульфаты гипотензивті, седативті, зәр айдағыш және тыныштандырғыш әсер көрсетеді

Иә

Жоқ


  1. НЕLLP синдромы – бұл гемолиз, бауыр ферменттерінің белсенділігінің жоғарылауы, тромбоцитопения

Иә

Жоқ


  1. Жүктілікке байланысты гипертензияның патогенезінде негізгі түйін айқын вазоконстрикция және гиповолемия болып табылады

Иә

Жоқ


  1. Жүктілігі қалыпты әйелдердің 50 – 80% айқын ісінулер байқалады

Иә

Жоқ


№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

№7 сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікке байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі күттірмейтін көмек.


Бастапқы білім деңгейі бойынша тест жуаптары


  1. Жоқ

  2. Жоқ

  3. Иә

  4. Иә

  5. Жоқ

  6. Иә

  7. Жоқ

  8. Иә

  9. Иә

  10. Жоқ

3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

7сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікке байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі күттірмейтін көмек.
Қорытынды білім деңгейі бойынша тест


  1. Жүкті әйелдердің құсуының ауыр деңгейі сипатталады:

А) тәулігіне 1 – 2 рет құсу, дене салмағының қалыптыдан 2% төмендеуі

Б) тәулігіне 4 – 5 рет құсу, дене салмағының қалыптыдан 5% төмендеуі

В) тәулігіне 10 рет құсу, дене салмағының қалыптыдан 6% төмендеуі

Г) тәулігіне 15 рет құсу, дене салмағының қалыптыдан 7% төмендеуі

Д) тәулігіне 20 рет құсу, дене салмағының қалыптыдан 10% төмендеуі


  1. Ерте токсикоздың сирек кездесетін формаларын көрсетіңіз:

А) құсу, сілекей ағу, дерматоз, остеомаляция

Б) сілекей ағу, дерматоз, остеомаляция, тетания

В) дерматоз, остеомаляция, тетания, преэклампсия

Г) дерматоз, остеомаляция, тетания, бауырдың жедел сарғыш атрофиясы

Д) құсу, дерматоз, остеомаляция, тетания, бауырдың жедел сарғыш атрофиясы


  1. Жүктемелі доза – магний сульфатының алғашқы дозасы:

А) 20 мл 20% MgSO4 ерітіндісі, көктамыр ішіне баяу, 15 – 30 мин ішінде

Б) 5 мл 20% MgSO4 ерітіндісі, көктамыр ішіне баяу, 10 – 15 мин ішінде

В) 10 мл 25% MgSO4 ерітіндісі, көктамыр ішіне баяу, 10 – 15 мин ішінде

Г) 20 мл 25% MgSO4 ерітіндісі, көктамыр ішіне баяу, 10 – 15 мин ішінде

Д) 10 мл 15% MgSO4 ерітіндісі, көктамыр ішіне баяу, 10 – 15 мин ішінде


  1. Магний сульфатын дозалауда антидот болып табылады:

А) В12 витаминдері

Б) аскорбин қышқылы

В) кальций хлориді

Г) натрий сульфациді

Д) дексаметазон


  1. Гипермагниемия белгілерін көрсетіңіз:

А) ТҚЖ жиілеуі, рефлекстердің әлсіреуі, гипертензия, гипотермия, брадикардия

Б) ТҚЖ сиреуі, рефлекстердің әлсіреуі, гипотензия, гипотермия, брадикардия

В) ТҚЖ сиреуі, рефлекстердің әлсіреуі, гипотензия, гипертермия, тахикардия

Г) ТҚЖ сиреуі, гипотензия, гипотермия, брадикардия, гиперсаливация

Д) рефлекстердің әлсіреуі, гипертензия, гипотермия, брадикардия


  1. 8 – 9 апталық жүктіліктегі әйел лоқсуға, тәулігіне 20 ретке дейін құсуға, жалпы әлсіздікке, 3 кг дейін салмақ жоғалтуға шағымданды. Қарап тексеруде жағдайы ауыр, тері жабындыларының сарғыштануы, тамыр соғуы мин. 110 рет, АҚ 90/60 мм., диурез төмендеген, зәр анализінде ацетон ++++. Болжамалы диагноз:

А) жедел гастрит

Б) жедел холецистит

В) вирусты гепатит

Г) ерте токсикоз, жүктілердің құсуы орташа деңгейдегі

Д) ерте токсикоз, жүктілердің ауыр деңгейдегі құсуы


  1. Перзентханаға 35 апталық мерзімдегі жүкті әйел келіп түсті, туыстарының айтуынша үйінде ұстамалар болған. Жағдайы ауыр, есі тоқтаған, жайылмалы ісінулер байқалады, АҚ 170/110 мм. Нәрестенің жүрек соғуы ырғақты, мин. 140 рет. Болжамалы диагноз:

А) 35 – апталық жүктілік. Эпилепсия

Б) 35 – апталық жүктілік. Жеңіл түрдегі преэклампсия

В) 35 – апталық жүктілік. Ауыр түрдегі преэклампсия

Г) 35 – апталық жүктілік. Эклампсия



  1. Перзентханаға 36 – 37 апталық гестация мерзіміндегі жүкті әйел келіп түсті. Шағымдары: ісіну және диурездін төмендеуі. Анамнезінде – созылмалы пиелонефрит. Қарап тексергенде айқын ісінулер, АҚ 170/110 мм. Жатыр 33 – 34 апталыққа сәйкес, ұрықтың қалпы – ұзынша, нәрестенің жүрек соғуы айқын, ырғақты, мин. 140 рет, қынаптық тексеруде жатыр мойны «жетілмеген». Болжамалы диагноз:

А) 36 – 37 апталық жүктілік. Жеңіл дәрежелі преэклампсия. Созылмалы пиелонефрит

Б) 36 – 37 апталық жүктілік. Жеңіл дәрежелі преэклампсия. Нәресте бойының өсуінің кешеуілдеуі. Созылмалы пиелонефрит

В) 33 – 34 апталық жүктілік. Ауыр дәрежелі преэклампсия. Созылмалы пиелонефрит.

Г) 36 – 37 апталық жүктілік. Ауыр дәрежелі преэклампсия. Созылмалы пиелонефрит.

Д) 33 – 34 апталық жүктілік. Жеңіл дәрежелі преэклампсия. Созылмалы пиелонефрит.


  1. Перзентханаға 36 – 37 апталық гестация мерзіміндегі жүкті әйел келіп түсті. Шағымдары: ісінулер және диурездің төмендеуі. Диагноз қойылды: 36 – 37 аптадағы жүктілік. Ауыр дәрежедегі преэклампсия. Жатыр 36 – 37 апталыққа сәйкес, нәресте қалпы – ұзынша, нәрестенің жүрек соғуы айқын, ырғақты, мин. 140 рет, қынаптық тексеруде жатыр мойны «жетілген». Дәрігердің әрекеті:

А) реттелген толғақ басталғанға дейін кешенді терапия жүргізу

Б) босанудың табиғи босану жолдары арқылы индукциясы

В) емді 40 аптаға дейін жүргізу, одан соң амниотомия және босануды күшейту

Г) кесар тілігі

Д) босанудың табиғи босану жолдары арқылы индукциясы, акушерлік қысқыштар арқылы келеңсіз кезеңдерді болдырмау


  1. 8 – 9 апталық жүктіліктегі әйелге жүктілердің ауыр деңгейдегі құсу диагнозы қойылды. 2 күннен кейін интенсивті ем қолданылды, құсу 22 ретке дейін сақталды, құрғау симптомдары күшейді. Дәрігердің ендігі әрекеті қандай?

А) кешенді емді жалғастыру

Б) жүктілікті үзу

В) емді 2 күнге дейін жүргізу, нәтиже байқалмаса – жүктілікті үзу

Г) жүктілікті 34 аптаға дейін созу

Д) жүктілікті жетілгенге дейін созу
№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

№ 7 сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікке байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі күттірмейтін көмек.


Қорытынды білімді бағалау тестінің жауаптары


  1. Д

  2. Г

  3. Г

  4. В

  5. Б

  6. Д

  7. Г

  8. Г

  9. Б

  10. Б

№7 сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гиперензия. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі шұғыл терапияның принциптері.

жағдайлық есептер

1есеп


Перзентхананың қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен бірінші жүктілікпен әйел алып келді. Жүктілік мерзімі 36 апта. Күн ұзағына созылған және соңғы сағатында күшейген бас ауруы, жүрек айнуының пайда болғаны, көз аддында кішкенде шыбындардың көрінуі байқалған. Объективті қарауда бетінің, қолының, аяғының ісінуі байқалуда, АҚ 160/100 мм.с.б. Диагнозын қойыңыз. Дәрігердің тактикасы қандай?

2-есеп


Перзентхананың қабылдау бөліміне мерзіміне жеткен бірінші босанушыда есінің тануымен келетін ұстамасы болды. Диагнозын қойыңыз. Дәрігердің тактикасы қандай?

7 сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гиперензия. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі шұғыл терапияның принциптері.

Жағдайлық есептердің эталондары:

1-есеп.


Диагнозы: 36 апталық жүктілік. Преэклампсияның ауыр түрі.

Тактикасы: Наркоз,

Орталық венаны катетрлеу, анестезиологтармен бірігіп емдік-қорғаныштық кешенді терапияны

магнезиялы терапияны қолдану арқылы жүргізу(гиповолемиядан , созылмалы ДВС-синдромынан арылту, су-электролит, белок, көмір

су алмасуын, жатыр-плацентарлық қан ағуын қалпына келтіру, т.б.),

әрі қарай жедел босандыру қажет.

2-есеп

Диагнозы: Мерзіміне жеткен жүктілік. Эклампсия.

Тактикасы: Наркозды, тілді ұстап тұрушы және ауызды ашық түрде ұстайтын заттарды енгізу,

жедел түрде операционды блогқа ауыстыру, интубация, орталық венаны катетрлеу, магнезиялы терапия

көмегімен жедел босандыру.

8 сабақ.



1. Сабақтың тақырыбы: Жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кету.

2. Мақсаты: Жүктіліктің екінші жартысындағы қан кетудің диагностикасы және дәрігердің әрекеті туралы оқу – білуді қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

● бала жолдасының жатуының этиологиясы, патогенезі, клиникалық симптоматикасы туралы білімді қалыптастыру;

● қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілінен бұрын сылынуының этиологиясы, патогенезі, клиникалық симптоматикасы туралы білімді қалыптастыру;

● қан кетудегі қауіп – қатер тобын құруды үйрену;

● жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кетуді диагностикалауды үйрену;

● бала жолдасының жатуы және қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілінен бұрын сылынуының дифференциальды диагностикасын жүргізуді үйрену;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

● Бала жолдасының жатуы. Жіктелуі. Этиологиясы және патогенезі. Клиникалық көрінісі. Диагностикасы. Емі.

● Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуі. Этиологиясы және патогенезі. Клиникалық көрінісі. Диагностикасы. Емі.

● Плацентаның жатуы мен қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуінің арасындағы дифференциальды диагностика.

● Қан кету кезіндегі жүкті әйелдерді тексерудің жалпы принциптері.

5. Оқытуды жүргізудің тәсілдері:

● Бастапқы білім деңгейін анықтау (бастапқы білім деңгейін анықтау тесті)

● Оқытушымен жұмыс. Теориялық материалды кесте, көрнекілік құралдарын пайдалану арқылы талқылау.

● Аз топтар бойынша (2 – 3 студент) жұмыс жасау: ситуациялық тапсырмаларды шешу.

● Оқытушымен жұмыс жасау: түсініксіз сұрақтарды талқылау.

● Игерілген білімді қорытынды бақылау (қорытынды білім денгейін бағалау тесті).

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет