С. Ж. Баяндина филология ғылымдарының докторы


МӘДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



Pdf көрінісі
бет65/72
Дата17.04.2024
өлшемі1.34 Mb.
#499030
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72
treatise37452

 
МӘДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
ТЕОРИЯЛАРЫ 
 
ӘЛЕУМЕТТІК КАТЕГОРИЯЛАР МЕН ЖАҒДАЙЛАР ТЕО-
РИЯСЫ – бұл теория үшін қарым-қатынас үдерісіндегі рөлдер, тап-
таурындар мен үлгілердің мәні, яғни, өзара түсіністік пен әлеуметтік 
сананың негізін құрайтын қабылдау механизмінің элементтері маңыз-
ды болып табылады. Әлеуметтік санадан әлеуметтік категорияланудың 
іргелі когнитивті үдерісі ұғынылады. Бұл топ мүшелерін жағымды қа-
былдауға және де осы топ мүшелерінің басқа адамдарға деген жағым-
сыз қатынасына алып келеді. Сонымен бірге өзі жататын топтың ықпа-
лымен қалыптасатын адамның өзің өзі бағалауы өте маңызды болып 
табылады. Басқа топ өкілдерімен кездесу кезінде «қарым-қатынастық 
үйрету» болады, яғни басқа адаммен қатынас орнату. Ол өзіміздің қа-
зіргі үлгі мен таптаурындарымыздан анықталынады. Біздің әңгімелесу-
шіні бағалауымыз негізінде лингвистикалық стратегия анықталынады, 
яғни әңгімелесу үшін қатынас стилі мен мүмкін тақырыптар таңдалы-
нады.


64
БЕЙІМДЕЛУ ТЕОРИЯСЫ – американдық зерттеуші Я. Ким ең-
бектерінде игерілген. Бұл теория шет жерге аз мерзімге келген және 
сол жерде ұзақ мерзімде тұратын адамның бөгде мәдениетке деген 
бейімделу динамикасын қарастырады. Бұл теорияның бастапқы орны, 
бұл бейімделу – адамның бiртiндеп және өспелi түрде жаңа ортаға, жа-
ңа қарым-қатынасқа бауыр басу күрделі үдеріс ретiнде бекiту болып 
табылады. Осындай өзара әрекеттесудегі динамика – бейiмделген өсу 
динамикасы деп аталады. Ол «екі қадам алғажәне бір қадам артқа 
адымдау»қағидасына сәйкес болады. Мәдениаралық дағдарыс байла-
нысы бейімделу үдерісін ұзартады. Бейімделудің ойдағыдай болуына 
бірнеше шарттар қажет. Оларға жаңа ортамен қарым-қатынасқа түсу 
(қарым-қатынастың жиілігі, жақсы көңіл-күй), шет тілдерді білу, оң се-
бепті уәж, түрлі шараларға қатысу, бұқаралық ақпарат құралдарына қол 
жету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет