62
ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МОДЕЛЬДЕРІ
(ҮЛГІЛЕРІ)
ӨЗДIГIНЕН, НЕМЕСЕ АЙНАЛМА ҮЛГIДЕГІ ТҰЛҒААРА-
ЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – өздiгiнен, немесе айналма үлгiдегі тұлға
аралық қарым-қатынас алушыға жiберушiден хабар беру үрдісі қана
болмай, біріншісі ақпаратты кодпен жазатын, екіншісі ақпаратты таба-
тын үрдіс. Бұл үлгiнiң маңызды элементi керi байланыс болып табыла-
ды. Бұл – алушының жіберушіге бағытталған
жауабына деген реак-
циясы болып табылады. Керi байланыстың кiрiспесi коммуникация-
ның шеңбер түрлi сипатын көрнекi етіп көрсетедi: қатынасты жiберушi
және алушылар дәйектi түрде ауысады. Сызық тәрiздi айналма үлгi
коммуникацияны суреттеу тәрiздi бұл бас-аяғы болатын дискреттi акт-
тердiң қатары, және де оларда маңызды фигура қатынастың жiберушiсi
болып
табылады, ол өйткенi мәлiмет алушының реакциясына тәуелдi
болады. Сондықтан да олар салыстырмалы түрде
трансакциялық
үлгiлер болып есептеледi. Мәдениаралық коммуникацияның специфи-
касын түсіну және сипаттау үшін көбіне айналма үлгіні қолдану қажет.
Ол мынадай элементтерден тұрады: (көз) жiберушi – кодтау – қатынас
– канал – қайта кодтау – алушы – керi байланыс. Бұл үрдісте тиімді
коммуникацияға әр түрлi қитықтар, «шулар» кедергi келтiреді. Тиімді
қарым-қатынас, жіберілген ақпараттың бастапқы мәнiмен сәйкес түсі-
нікті болу қажеттілігімен сипатталады.
Сондықтан да коммуникация
бұл – тек қана ақпараттың жіберілуі ғана болмай, оның түсінуі де қа-
жет екенін білуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: