С. Ж. Баяндина филология ғылымдарының докторы


МӘДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



Pdf көрінісі
бет62/72
Дата17.04.2024
өлшемі1.34 Mb.
#499030
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72
treatise37452

 


60
МӘДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ ДАМУ МОДЕЛІ 
 
М. Беннет алғашқы болып мәдениаралық қарым-қатынас құзіретті-
лігінің негізгі бөліктерін теңдестіретін модель ойлап тапты. Ол өз үлгі-
сін мәдениаралық сенсетивтілік үлгісінің дамуы деп атайды.
М. Беннет мәдениаралық сенсетивтілікті «неғұрлым жарастыра ала-
тын, дамитын мәдени айырмашылықтар» деп түсіндіреді, яғни, мәдени 
айырмашылықтарды мойындамаудан бастап мойындауға дейін және 
сол айырмашылықтарды мақұлдай отырып, сол айырмашылықтар ая-
сында өзіндік «Менді» сақтау, қатыссыз мәдени шынайылықтармен бі-
ріге отырып, керек кезінде олардан бөліне білу.
М. Беннеттің үлгісі мәдениаралық сенситивтіліктің алты сатысын 
ұсынады. Алғашқы үш сатысы дамудың этноцентристік кезеңін, ал 
қалған үш сатысы – этнорелятивистік дамуды тізбелеп көрсетеді. 
1. Мойындамау. Неғұрлым қате этноцентристік кезең жалпы мәде-
ни айырмашылықтардың бар екендігін мойындамаудан басталады. Бұл 
кезеңдегі адамдар физикалық немесе психологиялық тұрғыда басқа мә-
дени топтардан жекеленген болуы мүмкін немесе мұндай айырмашы-
лықтардан алшақтану үшін немесе тасалану үшін физикалық немесе 
әлеуметтік кедергілерді қозғай алуы мүмкін.
2. Қорғаныс. Этноцентризмнің екінші кезеңінде адам мәдени айыр-
машылықтардың бар екендігін мойындауы мүмкін, бірақ ол өзін ол 
айырмашылықтардан қорғайды, себебі, айырмашылықтар қауіпті 
«Мен» ретінде ұғынылады. Көп адамдар бұл кезеңде басқаларды жаз-
ғыра отырып, олармен қарым-қатынастан сақтана жүреді. 
3. Кеміту. Этноцентризмнің үшінші кезеңі мәдени айырмашылық-
тардың бар екендігін мойындаумен байланысты, бірақ, сонымен қатар, 
олардың жеке өмірде әсері аз екендігін немесе өзі үшін маңызы жоқ-
тығын көрсетумен байланысты. («Барлық адамдар бірдей, сондықтан 
мен не үшін айырмашылықтар жайында ойлауым керек?»).
4. Қабыл алу. Бұл бөліктің бірінші кезеңінде мәдени айырмашы-
лықтар мойындалып қана қоймай, сонымен қатар сыйластықпен қара-
лады. Сыйластық мынадай деңгейлерде көрінеді: бірінші, мәдени 
айырмашылықтардың әртүрлі іс-әрекеттер манифестациялары дең- 
гейінде, одан соң әртүрлі мәдениет өкілдері ұстанатын мәдени құнды-
лықтар деңгейінде. 
5. Бейімделу. Этнорелятивистік дамудың бұл сатысында индивид-
тер өздері мойындайтын мәдени айырмашылықтарға бейімделе бас-
тайды және басқа мәдениет адамдарымен қарым-қатынас жасайтын 


61
жаңа дағдылар ойлап таба бастайды. Осындай дағдылардың бірі – эм-
патия – басқа адамның эмоциясы мен қайғысын өзін сол адамның ор-
нына қоя отырып түсіне білу. Екінші дағды пікір алмасу түсінігіне 
байланысты. Жеке адам пікір алмасу (көпшіліктік) философиясын өзі-
нің құндылықты, пікірді және жағдайды қалай түсінеді солай қабыл-
дайды. Олар бұл жағдайда айырмашылықтар мен көпшіліктіктер тура-
лы өз түсініктерін қамтитын ойша мәдени контекстерді құрастырады. 
Пікір алмасу бұл мағынада бимәдениеттілік және көпмәдениеттілік 
терминдерімен тығыз байланысты.  
6. Интеграция. Этнорелятивизмнің соңғы кезеңі пікір алмасу көрі-
нетін контекст аясы арқылы философия және саналы түсінік тұрғысы-
нан мәдени айырмашылықтарды бағалау қабілетіне байланысты. 
Айырмашылықтар бір жеке мәдени ұстаным негізінде емес, көпшілік-
тік және контекст негізінде бағаланады. Бұл ықпалдастық деңгей құ-
рамдалған маргиналдылыққа әкелуі мүмкін. Мұнда жеке адамдар ойша 
әртүрлі мәдени жүйелер шегінің ішінде өмір сүре алады. Сонымен қа-
тар, олар бұл мәдени жүйелерге бірдей дәрежеде қосылып және әлеу-
меттік контекстке сәйкес олардан шыға алады. 
М. Беннеттің үлгісі ширақ, себебі мұнда жай ғана бастапқы, ортаң-
ғы және соңғы кезеңдер туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар, әр 
кезеңде кездесетін өзгерістер туралы да айта кеткен. Бұл модельді кес-
те арқылы да көрсетуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет