56
Сапаны бақылау - бұл сапаны басқару процесіндегі ең негізгі бір
функциясы. Бұл тағыда қолданылып отырған әдіс бойынша көлемді
функция, яғни білімнің әртүрлі облысындағы жұмыстың үлкен көлеміне
арналған. Бақылау білімі дер кезінде қателерді көрсетеді,
содан кейін
олардың минимальді шығынын оперативті жөндейді.
ИСО 8402 стандартында айтылады, бақылау - бұл қызмет,
өлшемді жүргізуді, сараптаманы, объектінің бірнеше сипаттамасын
немесе біреуінің бағасы немесе сынау
және алынған нәтижелерді
қойылған талаптармен салыстыруды анықтау.
Машина жасау өндірістерінде сапаны бақылаудың келесі түрлері
қолданылады:
Бақылау орны мен жұмыс этаптарына байланысты:
• жобалауды бақылау;
• жинақталатын материалдар мен материалдар кірісін бақылау;
• технологиялық жабдықтардың жағдайын бақылау;
• әзірлеу кезінде оперативті бақылау;
• жабдықтарды белсенді бақылау;
• дайын өнімді қабылдап бақылау;
• объектіде эксплуатацияны қадағалау және монтажды бақылау.
Өнімнің сапасын бақылау кезінде әртүрлі
физикалық, химиялық
және басқа әдістерді қолданады, оны екі топқа бөлуге болады: бұзатын
және бұзбайтын.
Бұзушы әдістердің ішінде:
• созылуға және сығылуға сынау;
• соққыларға сынау;
• қаттылыққа сынау;
• жүктерді қайта ауыстыру кезін сынау.
Бұзбайтын әдістердің ішіне:
• магнитті (мысалы, магнитографиялық әдістер);
• акустикалық (ультрадыбысты дефектоскопия);
• радиациялық (гамма-жарығымен және рентгенттік
дефектоскопия);
• органолептикалық (дыбысты, көзбен шолу және т.б.).
Өнім сапасын тексеру қажеттілігінің мақсаты объектіні басқару
орындарынан тиісті мәліметтер алу туралы МемСТ 15467-79-де атап
көрсетілген: «Өнімді сапалы басқару - өнімді өңдеген кезде оны
белгіленген, қажетті жағдайда сапасын сақтап қалуды немесе тұтынуда
жүйелі түрде сапасын тексеріп отыруды іске асыру және жағдайлар мен
факторлардың
нақты бір бағытта әрекет етіп, өнім сапасына әсер етуі».
Өнімді тексеру екі кезеңнен тұрады: өнімнің нақты жағдайы
туралы хабарлама алу (оның сандық және сапалық белгілері); алынған
хабарламаны алдын-ала белгіленген техникалық тапсырмалармен
57
салыстыру, яғни екінші қайтара хабарлама алу. Мәліметтердің
дұрыстығы техникалық талаптарға сай
келмеген жағдайда басқарушы
объектіге тексеру әрекетін жүргізеді, мақсаты техникалық талаптарға
сай келмейтін ауытқушылықты жою.
Негізгі терминдер мен тексеруді анықтау МемСТ 16.504-81-де
бекітілген. Тексеру түрінің квалификациясы 10- суретте көрсетілген.
Өнімнің сапасын тексерудің квалификациясы
10– сурет
Тексеру қызметіне өндірісті өңдеуді іске асыруға әсер ететін
әдістемелермен (дәлдік есептеулермен), өлшеу құралдары мен
электрондық, компьютерлік құрылғыларды
тексеру және дұрыс
пайдалану және олардың жағдайын тексеру мен қамтамасыз ету
енеді.
Ең соңында бағдарлама және оқыту (біліктілігін жетілдіру)
оқуларын ұйымдастыруға, сапаға жетуде табысты шешім
қабылдағандарды дәлелдеуге және ынталандыруға жағдай жасауды
іске асыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: