С. О. Ахметова, М. С. Сериккызы сапа менеджменті жүйелері



Pdf көрінісі
бет23/60
Дата16.09.2024
өлшемі1.17 Mb.
#503674
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60
Сапа менеджменті жүйелері

3.2.4 Ресейде сапаны басқару 
Сапаны бағалаудың негізінде сапа бойынша талаптардан ауытқу 
себептерін талдау орындалуы мүмкін, яғни ол біріншіден сапаны 
жақсарту жоспарын және шамасын реттеуді жасайды, екіншіден сапа 
туралы объекті мәліметтері негізінде нарыққа қатысушылар арасындағы 
экономикалық қатынасты туғызады. 
Осы әрекеттерді қолдау стандарттау құралдарымен (стандарттау, 
стандарттың жалпы техникалық жүйесі) жүзеге асады. 
Осының бәрі отандық өнеркәсіптің бәсеке кабілеттілігін 
жоғарылату үшін жұмыстың қазіргі тәсілдерін қолдануға және сапаны 
жалпылама басқару принципін игеру бойынша жүйелі, жоспарлы 
жұмысты ұйымдастыруга мүмкіндік береді. 
Ресейдің МемСТ-ы жұртшылықпен бірге Ресей үшін сапа 
облысында сыйлықтың критерии жүйесін және моделін жасады. Осы 
сыйлықтың критериясын анықтаған кезінде оны жасаушылар барлық 
халықтардың тәжірибесін қолданып, бәрінен бұрын сапа бойынша 
Европалық сыйлықтың барлық ерекшеліктерін ескерді. Европалықтан 
Ресейлік сыйлықтың ерекшелігі онда сапа аумағында оны жоспарлауда 
ерекше көңіл бөлінген, сонымен қатар фирмадағы ресурстарды тиімді 
пайдалануға көңіл бөлу қажет. 


47 
Ресей Федерациясының сыйлығы сапа облысында 1997 жылдан 
бастап жыл сайын байқау негізінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету, сонымен қатар сапаны басқарудың тиімді әдістерін мекемеде 
енгізу, қызмет көрсету және өнімнің сапа облысында мекеменің нақты 
нәтижесіне жетуіне беріледі. 
3.3 Сапаны жалпы басқару (TQM) 
Отандық жөне шетелдік тәжірибеден кейін болып жатқан 
процестің мәнін толық және терең көрсететін "Сапаны жалпы басқару" 
термині ағылшынның синонимі "Тоtal quality Маnаgement" (ТQМ). 
Сапаны жалпы басқару - техникалық мүмкіндіктерді пайдалану 
және барлық деңгейдегі қызметкерлер мен басшылардың қатысуымен 
жан-жақты бағытталған және жақсы үйлестірілген жүйені қолдану және 
барлық деңгейде қызметкерлер мен басшылардың қатысуымен 
қызметтің барлық сферасында зерттеуден және сатудан кейін қызмет 
көрсетуді жасау, сапаны басқару әдістерін қарастыратын концепция.
ТQМ мыналар кіреді: 
• Жаңа өнім жасау процесін бағалау; 
• Тәжірибелі үлгінің сапасын бақылау, өндірістік процесте өнімнің 
сапасын жоспарлау, бақылау, бағалау және тасымалданатын 
материалдың сапасын жоспарлау; 
• Кіріс материалдарын бақылау; 
• Өнімнің сапасын бақылау; 
• Өндірістік процестің сапасын бақылау;
• Арнайы процестің (сапа облысында арнайы зерттеулер) 
талдануы; 
• Өнімнің сапасы туралы ақпаратты қолдану; 
• Өнімнің сапасы туралы ақпаратты беретін ақпаратты бақылау
• Персоналдардың біліктілігін жоғарылату, сапамен қамтамасыз 
ету әдістерін үйрету; 
• Кепілдіқ қызмет көрсету; 
• Сапа облысында жұмыс үйлестірілуі; 
• Сапада тасымалдаушылармен бірге жұмысты жүргізу; 
• PDCA циклын қолдану; 
• Сапаның үйірме жұмыстары; 
• Тұтынушы акционерлерде, тұрмыстық және қызмет көрсететін 
мекемелерде, тасымалдаушыр фирмаларда, фирманың жетістіктері мен 
гүлденуі, қолайлы атмосфераны құру жолында адамдық факторды 
басқару; 
• Функция аралық басқару әдісі бойынша сапа облысындағы 
жұмыс;


48 
• Сапа бойынша ұлттық компанияларға қатысу; 
• Сапа облысында саясатты жасау; 
• Қаржы қызметте қызметкерлердің қатысуы (пайдада, 
акционерлік капиталда); 
• Сапа мәдениетін қалыптастыру бойынша шаралар өткізу; 
• Сапа облысында қызметті басқару үшін басқарушы кадрларды 
дайындау; 
• 
Сапа 
облысында 
жоғарғы 
басшылықтың 
қызметіне 
жауаптылығын қою. 
Сапаны жалпы басқару ТQМ - бұл теориялық пән емес, сапаны 
арттыру процесінің басқару технологиясы, ол үш негізгі жүйеден 
құралады: 
1. Негізді, белгілі жүйе - бұл зерттеу мен талдау үшін 
қолданылатын, құралдар мен әдістер. Олар бақылаудың статистикалық 
әдістеріне, жалпы қолданылған математикалық аппаратына негізделген. 
Сондықтан барлық фирмаларда қолданылады. Олар барлық елдерге 
импортталуы мүмкін. 
2. Техникамен қамтамасыз ету жүйесі - осы құралдармен 
персоналдарды оқыту және оларды дұрыс қолдауға жол беретін 
қабылдау мен бағдарламалар. Бұл жүйе әрбір кәсіпорын мен елдің 
өзгешелігін көрсетеді, яғни ол ұлттық мәдениет пен елдің саясатына 
байланысты. Оны өзіміз жасауымыз керек. 
3. Принциптерді үздіксіз дамыту жүйесі мен ТQМ мағынасы. Онда 
ұлттық ерекшеліктері, елдің ішіндегі экономикалық тәртіптер, қазіргі 
заң шығарушылар байқалады. 
Сапаны жалпы басқарудың тиімділігі үш негізгі шартына 
байланысты: 
- Кәсіпорында жоғарғы өкілетті тұлғасы сапаны арттыруға 
белсенді түрде шығады;
- Инвестициялар жабдықтарға емес, ол адамдарға салынады; 
- Ұйымдық құрылымдар сапаны жалпы басқаруда арнайы 
жасалады және құралады. 
Сапаны жалпы басқару фирмаларда нақты қабылдау мен 
құралдарды қолданудың арқасында жасалынады. 3 кестеде басқарудың 
төрт сферасы бойынша осындай қабылдау көрсетілген: сапамен, 
процеспен, персоналмен, ресурстармен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет