С. О. Ахметова, М. С. Сериккызы сапа менеджменті жүйелері



Pdf көрінісі
бет36/60
Дата16.09.2024
өлшемі1.17 Mb.
#503674
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60
Сапа менеджменті жүйелері

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5 ИСО 9000 СЕРИЯСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ 
БОЙЫНША САПАНЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
 
5.1 ИСО 9000 сериясының халықаралық стандарттары 


69 
ИСО 9000 стандартында сапаның тиімді жүйелерін жасау арқылы 
сапа бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибеде 
жинақталған тәжірибесі талданған. Әрине кәсіпорында сапа жүйесін 
жасау алдында, өнімді әлемдік стандарттар деңгейінде шығару үшін 
сапа бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қазіргі халықаралық деңгейге 
сәйкес келуі керек. 
ИСО 9000 стандарттарының сипаттамасы тек сапаның жүйелерін 
жасау кезінде ғана емес, сонымен қатар тапсырыс берушілер, жеткізіп 
берушілерің өнімнің талап етілетін сапасының тұрақтылығын 
қамтамасыз ету мүмкіндіктерін тексергенде, сапа жүйелерін оларды 
сертификаттау және келісім-шартты жасау кезіндегі бағалаудың 
критериі ретінде қолданылады. 
Сондықтан 1987 жылы стандарттау бойынша халықаралық 
ұйыммен 9000 сериясының стандарттары жасалып, жарық көргеннен 
кейін, кәсіпорындар сапа бойынша жұмысты осы стандарттардың 
сипатттамасын есепке ала отырып ұйымдастыруға тырысады. 
ИСО-ның негізгі мақсаты - өнеркәсіптік стандарттарды 
стандарттау және унификациялау бойынша жұмыстардың халықаралық 
үйлесімділігі. 
ИСО 9000 стандарттарының жасалуы (пайда болуы) сапаны 
басқарудың дамуының логикалық нәтижесіне айналды. Атап 
көрсетілгендей, оның даму процесінде келесі стыларды бақылауға 
болады: 
1 Басқарудың жалпы процесінде сапаны басқарудың жеке 
элементтерінің пайда болуы мен дамуы; 
2 Жеке элементтердің интеграциясы және сапаны кешенді 
басқаруға өтуі, кәсіпорынды түгел толығымен басқару шеңберінде 
жұмыстардың жеке бағытына бөлінуі; 
3 Сапа кәсіпорын қызметінің барлық бағыттарын анықтайтын 
негізгі мақсаты және негізгі фактор бола бастағанда, сапаны қамтамасыз 
етуде барлық персоналдың қатысуы дамығанда және оған жағдай 
жасалғанда, сапаны жаппай басқару; 
4 Әзірлеушіге деген, сынақ лабораторияларына деген және өнімді 
сертификаттау мен сапа жүйелері бойынша органдарға деген сенімді 
қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық интегралданған нарық 
жағдайында сынақтар мен сертификаттауға глобальды жақындау. 
ИСО 9000 стандарттарын қабылдаумен сапаны тиімді басқаруды 
қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастырудың белгілі (анықталған) 
деңгейі бекітілді. Бұндай деңгей тапсырыс берушіге сапаны басқаруға 
кешенді жақындауға негізделген сапа бойынша жұмыстардағы 


70 
анықталған жүйені енгізу есебінен өнім сапасы тұрақтылығының 
толықтаушы (қосымша) кепілдігін береді. 
ИСО 9000 стандартын дамыту сапаны басқару бойынша 
алғашында шығарылған ұлттық стандарттар қатарының негізінде сапа 
облысындағы жетекші мамандардың қатысуымен жүргізілді. Бул 
ұлттық стандарттар алғашында соғыс техникасының сапасына деген 
жоғары талаптармен байланысты пайда болды және қолданылды, содан 
кейін азаматтық өнімді дайындау (әзірлеу) кезінде қолданыла бастады. 
9000 серияның 1987 жылы шыққан бірінші редакциясына 5 
стандарт кіреді. ИСО 9000 стандарты - сапаны жалпы басқару және 
сапаны қамтамасыз ету бойынша стандарттар - негізгі түсініктерді және 
қалған стандарттарды таңдау мен қолдану бойынша басқару 
нүсқауларын беретін, ендірмелі стандарт. 
Өндірістік процестің әртүрлі нұсқаларына арналған сапа 
жүйелерінің моделдерімен 3 стандарт; 
9001 стандарттары - жобалау және өңдеу, өндіру, монтаждау және 
қызмет көрсету кезінде сапамен қамтамасыздауға арналған моделі. 
9002 стандарттары - өндіру және монтаждау кезінде сапамен 
қамтамасыз етудің моделі. 
9003 стандарттары - соңғы бақылау мен сынақтар кезіндегі 
сапамен қамтамасыз етудің моделі. 
Бесінші стандарт ИСО 9004 стандарты болды - сапаны жалпы 
басқару мен сапа жүйелерінің элементтері, онда өндіріс процесінің 
нұсқасына байланысты қолдануға ұсынылатын барлық элементтердің 
сипаттамасы келтірілді. 
Бұл стандарттар ИСО 8402 - сапа сөздік стандартымен бірге 
шығарылды, онда сапа облысындағы терминдер мен анықтамалар 
келтірілген. 
ИСО 9000 стандарттары жарық көргеннен кейін, Европалық 
нормалар 
ЕN 
29000 
ретінде, 
сондай-ақ 
көптеген 
елдерде 
кәсіпорындарда сапа жүйелерін жасау мен бағалау кезінде пайдалануға 
арналған ұлттық стандарттар ретінде де қабылданды. 
Бұл стандарттарды тәжірибелік қолдаудың нәтижелері бойынша 
оларға тексеріс (қайта қарау) ұйымдастырылды және 1994 жылы 
стандарттау бойынша халықаралық ұйыммен стандарттардың 2-ші 
басылымы шығарылды. ИСО 8402 терминологиялық стандарты да қайта 
қаралды. 
Қайта қарау нәтижесінде ИСО 9000 сериясы олардың 
талаптарының өнімнің 4 категориясына тарауының есебінен кеңейді: 
техникалық және бағдарламалық құралдар, өңделетін материалдар мен 
қызметтер. Бұдан басқа оларға сапаның қазіргі жүйелерінің 


71 
концептуалды негіздерінің мазмұндамасы енгізілді, сонымен қатар сапа 
жүйелерін бағалауда стандарттардың рөлі толығырақ мазмұндалған. 
Стандарттардың жаңа түріне сонымен қатар сапаның 4 бастапқы 
аспектісі енгізілген: 
• өнімге деген сұранысты анықтаумен шартталған сапа; 
• өнімді жобалаумен шартталған сапа; 
• өнімнің жобаға сәйкестігімен шартталған сапа; 
• өнімді оның бүкіл өмірлік циклында материалдық-техникалық 
қамтамасыз етуімен шартталған сапа. 
ИСО 9000 жаңа сериясына «Сапаны жалпы басқару және 
қамтамасыз ету бойынша стандарттар» деп аталатын ИСО 9000 
стандарты кіреді. 
Ол әрқайсысы басқа стандарттарды таңдау мен қолдану бойынша 
басқару нұсқауларын көрсететін 4 бөлімнен тұрады, атап айтқанда: 
ИСО 9000 стандарты-1 - Таңдау және қолдану бойынша басқару 
нұсқаулары. 
ИСО 9000 стандарты-2 - ИСО 9001, ИСО 9002 және ИСО 9003 
стандарттарын қолдану бойынша жалпы басқару нұсқаулары. 
ИСО 9000 стандарты-3 - ИСО 9001 стандартын өңдеу, 
бағдарламалық қамтамасыз етудің қойылуы мен қызмет көрсетуі 
кезіндегі қолдану бойынша басқару нұсқаулары. 
ИСО 9000 стандарты-4 - сенімділікті қамтамасыз етудің 
бағдарламасын басқару бойынша басшылық. 
Ары қарай серияға аз ғана өзгертілген алгашқы 3 стандарт ИСО 
9001, ИСО 9002 және ИСО 9003 сапа жүйелерінің әртүрлі 
модельдерімен енгізілді. 
ИСО 9001: 1994 стандарты - жобалау, өңдеу, өндіру, монтажбен 
қызмет көрсету кезінде сапаны қамтамасыз етуге арналған моделі. 
ИСО 9002: 1994 стандарты - өндіру, монтаждау және қызмет 
көрсету кезіндегі сапаны қамтамасыз етудің моделі. 
ИСО 9003: 1994 стандарты - дайын өнімді бақылау және сынау 
кезіндегі сапаны қамтамасыз етуге арналған моделі. 
Серияға сонымен қатар едәуір кеңейтілген (ұлғайтылған) ИСО 
9004 «Сапаны басқару және сапа жүйелерінің элементтері» стандарты 
кірді, ол 8 бөлімнен тұрады: 
ИСО 9004-1 - басқарушы нұсқаулар; 
ИСО 9004-2 - қызметтер бойынша басқарушы нұсқаулар; 
ИСО 9004-3 - өңделетін материалдар бойынша басқарушы 
нұсқаулар; 
ИСО 9004-4 - сапаны жақсарту бойынша басқарушы нұсқаулар; 
ИСО 9004-5 - сапа бағдарламалары бойынша басқарушы 
нұсқаулар; 


72 
ИСО 9004-6 - жобаларды басқарудың сапасын қамтамасыз ету 
бойынша басқарушы нұсқаулар; 
ИСО 9004-7 - пішін үйлесімділігін басқару бойынша басқарушы 
нұсқаулар; 
ИСО 9004-8 - сапаны басқарудың принциптері және оларды 
әкімшілік басқарудың жүйесінде қолдану бойынша басқарушы 
нұсқаулар. 
Қазіргі кезде ИСО 9000 стандарттарын ИСО сериясы 10000 және 
ИСО 8402 стандартымен бірге ИСО 9000 сериясының стандарттарының 
«Отбасы» (Семейство) деп атайды. 
2000 жылға қарай ИСО 9000 стандарттарының жаңа түрін шығару 
көзделген. 
ИСО 9000 стандартының негізгі мазмұны бұл сапа бойынша 
тиімді жұмысты ұйымдастыру үшін, кәсіпорындарда орынды (мақсатқа 
сәйкес) енгізілетін, қызмет түрлерінен (функциялар, сапа жүйесінің 
элементтері) тұратын ұсыныстар; Сапа жүйелерінің ұсынылатын 
элементтерінің толық тізімі келесідей: 
1 Кәсіпорын басшылығының сапа облысындағы саясат пен 
мақсаттарды анықтау міндетін, сонымен қатар сапа жүйесін жасау мен 
енгізу міндетін, сондай-ақ оны басқаруды қарастыратын басшылықтың 
жауапкершілігі; 
2 Сапаның жүйесі - тасымалдаушыны, өндіруге, құжатпен 
рәсімдеуге және бекітілген талаптарға өнімнің сәйкестігін қамтамасыз 
етудің құралы ретінде, сапаның жүйесін жұмыс жағдайында ұстауға 
міндеттейтін элемент. Сонымен сапа жүйесінің функцияларын орындау 
үшін барлық қажетті процедуралар және сапа жүйесінің жалпы 
сипаттамасы, сапа бойынша басшылық жасалуы керек; 
3 Келісімнің талдануы - тасымалдаушыны келісім жасағанға дейін 
өзінің осы келісімін орындау мүмкіндігін бағалауға, ал орындау 
процесінде келісіммен талап етілетін сипаттамалардың жетістігін үнемі 
тексеруге және құжатпен растауға міндеттейтін элемент; 
4 Нәтижесінде тұтынушылардың сұраныстарына қауіпсіздік және 
қоршаған ортаны қорғау бойынша заңдардың талаптарына сәйкес 
келетін өнім сапасының деңгейі жобада бекітілуі және расталуы тиісті 
жобалауды басқару, сонымен бірге жобаны бағалаудың белгілі бір 
сатыларының аяқталуы бойынша жобаға талдау мен тексеріс жүргізуі 
керек, сондай-ақ жобаны оны өңдеуден кейін бекіту керек; 
5 Барлық қажетті құжаттарды өңдеудің, бекітудің, шығарудың 
және өлшеудің тәртібін анықтау үшін - құжаттар мен мәліметтерді 
басқару. 


73 
6 Мамандандырылған субреттеушілерді таңдауға және сатып 
алынатын бұйымдар мен материалдардың сапасының кірісін 
бақылануына басты көңіл аударып, сатып алу жұмыстары; 
7 Тұтынушымен әкеліп жеткізілетін өнімді басқару. Бұл элемент 
тасымалдаушының тұтынушы өнімін, оны өндірісте пайдалану кезіндегі 
тексеруді, сақтауды және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету 
мумкіндігін қарастыруы тиіс; 
8 Өнімнің сәйкестілігі (идентификациялау) және бақылануы. Бұл 
маңызды элемент сапасы сәйкесінше құжаттармен расталуы тиіс. 
Қажетті материалдарды және сатып алынатын бұйымдарды өндіріс 
процесінде қолданылғандығына сенімділік туғызуға қажетті, жасап 
шығарылатын бөлшектер мен түйіндердің де бір немесе басқа бұйымға 
жататындығын анықтау үшін қоса жүретін құжаттары мен қажетті 
белгілері болуы керек; 
9 Конструкторлық құжаттың талаптарын сақтау мақсатымен 
басқарылатын жағдайларды жасау арқылы процестерді басқару. Бұл 
үшін өндіріс технологиясын жасау қажет, қажөтті құрал-жабдықты 
қолдану керек және өндірістік процестің бекітілген параметрлердің 
орындалуын және өнімнің қажетті сипаттамаларының орындалуын 
(жетістігін) бақылау керек; 
10 Нәтижесінде сапаның жеткен деңгейі анықталатын және оның 
конструкторлық құжатына енгізілген деңгеймен сәйкестігін бағалайтын 
бақылау мен сынақ жургізу. Сонымен қатар материалдар мен сатып 
алынатын бұйымдардың кірісін бақылау, өндіріс процесіндегі бақылау 
мен сынақтар және сәйкесінше хаттамаларды рәсімдейтін соңғы 
бақылау мен сынақтар қарастырылады. 
11 Бақылау, өлшеу және сынақ кұрал-жабдықтарын басқару, 
оларсыз өнімнің сапасын объективті бағалау мүмкін емес. Мұнда 
мыналар қарастырылуы керек: қажетті өлшеулердің орнатылуы және 
олардың дәлдігі, құрал-жабдықтың сәйкестілігі, калибрленуі және 
тексерілуі, сонымен қатар оның сақталынуының талап етілетін 
шарттарын қамтамасыз ету; 
12 Бақылау мен сынақтардың статусы. Бұл элемент бақылау мен 
сынақтардың белгілі деңгейін қолдауды талап етеді: алынған 
нәтижелерге сенімді болу үшін тексерілген және калибрленген өлшеу 
құралдары арқылы мамандармен дайындалған атестатталған құрал-
жабдықтармен бақылау және сынақтар жүргізу; 
13 Бекітілген талаптарға сәйкес келмейтін бөлшектердің, 
түйіндердің немесе материалдардың жасап шығарылатын өнімде 
жоқтығына кепілдік беру ушін құжаттардан алшақтаған бұйымдарды 
пайдаланудың 
ережелерін 
немесе 
ақауланған 
бұйымдарды 
изоляциялаудың тәртібін бекітетін, сәйкес келмейтін өнімді басқару, 


74 
сонымен бірге ақауды өз кезегінде табу, изоляциялау қарастырылуы 
керек; 
14 Ақауларды жою үшін және олардың пайда болу себептерін жою 
арқылы олардың қайталануын хабарлау үшін қажетті реттеушілік және 
еске салушылық (хабарлау) әрекеттер. 
15 Тиеу-түсіру жұмыстары, сақтау, орау және жеткізіп беру. Сапа 
жүйесінің бұл элементтері тасымалдаушымен өнімді тұтынушыға 
жеткізіп бергенге дейін сақтауды қамтамасыз ету үшін арналған; 
16 Сапа туралы мәліметтердің тіркелуін басқару. Мұнда 
жинаудың, жүйеліліктің, енгізудің, сақтаудың және өнімнің бекітілген 
талаптарға сәйкестілігін және сапа жүйесінің тиімділігін растау үшін 
сапа туралы мәліметтердің тұтынушыға жеткізілуінің бекітілген тәртібі 
болуы қажет; 
17 Сапа жүйесі функцияларының орындалуын және сәйкесінше 
нормативтік құжаттардың сақталуын үнемі бақылауға мүмкіндік 
беретін, сапаның ішкі тексерісі. Сонымен қатар тексерудің жоспарлары 
қарастырылуы керек, ал тексерулердің өздерін тексерілетін қызметке 
тікелей жауапкершілігі жоқ персонал жүргізуі керек; 
18 Персоналдың қажетті мамандандырылуын қамтамасыз ету үшін 
кадрлар дайындау; 
19 Техникалық қызмет көрсету. Қызмет көрсетудің қажеттігі 
бекітілген талаптарға байланысты; 
20 Статистикалық тәсілдер. Тасымалдаушы өңдеу, процестерді 
басқару және өнімнің сипаттамасын бағалауда қолданылатын 
статистикалық тәсілдердің керектігін қажеттігін анықтау керек. 
Сонымен бірге сәйкесінше процедуралар және олардың қолдануы 
бекітілуі керек. 
ИСО 9000 стандартының тәжірибелік ұсыныстарының пайдасы 
бар және оларды универсалды ететін және әртүрлі кәсіпорындарда 
сапаны басқару мен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды 
стандарттауға мүмкіндік беретін олардың маңызды ерекшелігін атап өту 
керек. 
Бұл ерекшелік сапа жүйесін жасау кезіндегі жұмыстардың 
тәжірибесіне 
енгізуге 
ұсынылатын 
қызметтің 
(элементтердің) 
түрлерінің ғана тізімі көрсетілген стандарттарда келтірілуінде және де 
әртүрлі кәсіпорындағы жұмыстардың әдістері шығарылатын өнімнің 
түріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет