ҮІІ. Қорыту: төрт түлік жайлы қандай мақал – мәтел, жұмбақтар білесің?
-
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
2.Иір-иір денесі, Сахараның кемесі.
Ащы шөптер – тамағы, Шөлге шыдап бағады. (түйе)
Мақал – мәтелдер: «Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл-көсір.», «Тұяқ тайға жеткізер, тай құнанға жеткізер», «Тұлпар – ер қанаты», «Сиырлының үйі- айран, сиырсыздың үйі - сырдаң», «Нар жолында жүк қалмас» құнан,
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Түсініп, мәнерлеп оқу. 2. Бағалау.
№ 114. Тақырыбы: Нан туралы өлең. Кәрім Сауғабаев.
Мақсаты: Оқушыны Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлең» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, нанды қадірлеу, құрметтеу жайында түсінік беріп; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Болат пен Марат неге таласты? Оларға кім қосылды? Болаттың сұрағына қалай жауап берер едіңдер? Төрт түлік жайлы нені жаңа білдің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Ендеше, сен өзің не қосар едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, «Нан» біздің дастарханға келгенше қанша адамның қолынан шығады? Диафильмнен үзінді көру.
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. 1. Сюжетті суреттер, яғни интерактивті тақтамен жұмыс. 2. Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлең» атты өлеңін түсініп, мәнерлеп, жалғастырып оқу. Өлеңде қандай сөз жиі қайталанады? (нан, баспаңдар, сақтаңдар). Автордыңбұл сөзді жиі қолдануындағы мақсаты не?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Автордың негізгі ойын тап. Өлеңді оқып, қандай ой қорытындысын жасауға болады? ( О, адамдар! Тіршілік арнасын сақтаңдар. Диқанның еңбегін тер төгіп ақтаңдар. Әр дәнді жоғалтпай, өмірдей сақтаңдар!). 2. Өлеңдегі ұйқас сөздер арқылы бір шумақ өлең құрастырып жаз. Мысалы:
О, адамдар! Диқанның еңбегін ақтаңдар,
Нанды баспаңдар. Нанды өмір деп санаңдар,Тіршілік арнасын сақтаңдар!
ҮІІ. Қорыту. «Нан» жайлы өз пікіріңді айт. Шағын әңгіме жаз.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, құмырсқа сызбасын толтыр
№ 115. Тақырыбы: Жыл мезгілдері. Ескен Елубаев.
Мақсаты: Оқушыны Ескен Елубаевтың «Жыл мезгілдері» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, жыл мезгілдеріне байланысты мына «туады, шығады, түседі, келеді» сөздердің қандай мағынасы барлығы жайлы түсіндіру, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлең» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу. Әңгіме не жайлы деп ойлайсың? Ақын неге нанды қадірле, сақта, баспа деп жатыр? Сенің көз қарасың.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың, нансыз тіршілік бар ма? Сенің ой қорытындың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, неше жыл мезгілі бар? Олар қандай? Кәзір қандай жыл мезгілі? Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?
Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе. Суреттер топтамасымен жұмыс. Әңгімелеу. Қандай жұмбақ, өлең, ертегі білесіңдер? Ескен Елубаевтың «Жыл мезгілдері» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқып көрелік. Не жайлы жырлайды екен?! оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Бөлімдерге бөлу. Әр бөлімде не жайлы екенін анықтау. (көктем, жаз, күз, қыс). Сөздік жұмыс. Ақырап – қазан айының ескіше аты.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Жыл мезгілдеріне сәйкес айтылған сөз тіркестерін үлгілік кесте бойынша дәптеріңе жазып, неліктен олай айтылатынын дәлелде.
Жыл мезгілдері
|
Қайтеді?
|
Неліктен?
|
Көктем
|
туады
|
Құлын, бұзау, қозы, лақ туады. Көктемде барлық жан-жануар туылып, жер – көк көктейді, өсіп өнеді.
|
Жаз
|
шығады
|
Егін шығып, қауыздар толып, орақ басталып, диқан бидай орады.
|
Күз
|
түседі
|
Ағаштың жапырағы сарғайып түседі, Шопан таудан түседі.
|
Қыс
|
Келеді
|
Жотаны, даланы, қырау тегіс жабады; су қатып, қыстың хабары келіп, ел қамданады сондықтан «келеді» деп күтеді.
|
ҮІІ. Қорыту. Өлең мәтіні бойынша өз сөздеріңмен диалог құр.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, жыл мезгілдері жайлы 2 жұмбақ, 2 мақал жазып кел. 2. Бағалау.
№ 116. Тақырыбы: Алтын сөз. Несіпбек Айтов.
Мақсаты: оқушыларды өлең мазмұнымен таныстыра отырып, батаның түрлері, оның қай кезде айтылатыны жөніндегі түсінігін кеңейту; сөздік қорын байыту, үйренген сөз тіркестерін өз тілінде қолдана білуге басшылық жасау; өзінің ана тілін құрметтеуге, әр сөздің мағынасын түсініп, қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, ой қозғау, топтастыру.
Көрнекілігі: суреттер, кестелер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Қандай жыл мезгілдерді білеміз? Неге «туады, шығады, түседі, келеді» сөздері пайдаланылады екен?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: саған жыл мезгілдері жайлы айтылған дәлелдердің мағынасы қандай әсер қалдырды?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, қалай ойлайсыңдар, батаны қашан, қай уақытта береді? Кім береді?
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Несіпбек Айтовтың «Алтын сөз» атты өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу.- Өлең неге «Алтын сөз» деп аталады?
- Бата дегеніміз не? Оны қандай кезде және кім береді? Батаның қандай қасиеті бар? Оқулықпен жұмыс: мәнерлеп, түсініп оқу.
«Ой қозғау» ойыны. Ойын шарты бойынша көрсетілген бағыт бойынша екі әріп тастай отырып, бір мақал құрастырып шығаруы тиіс.
Міндеті: сөзге қатысты мақал-мәтелдерді табу арқылы оқушының тіл байлығын жетілдіру.
Жауабы:
-
Көп сөйлеген сөз арзан. Сөз – ойдың айнасы. Жақсының сөзі өлмейді.
Құрастырылған мақалдың қандай мағына беретіні мұғалімнің көмегімен түсіндіріледі.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Өлең мәтініне сүйеніп, мына сұрақтарға жауап берсең, өлеңде не туралы айтылғанын табасың.
1. Бата берген атасы көпке не тіледі? (бақыт)
2. Балаға кім бол деп тілейді? (адам)
3. Достарыңмен қандай бол дейді? (тату)
4. Ата сөзі қандай сөз? (алтын)
ҮІІ. Қорыту: Өзің қандай бата білесің? «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегенді қалай түсінесің? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәнерлеп, түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.
№ 117. Тақырыбы: Мен соғысты жек көрем. Қайрат Жұмағалиев.
Мақсаты: Оқушыны Қайрат Жұмағалиевтің «Мен соғысты жек көрем» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, ақынның соғысты өте жек көретіні жайлы айта отырып, балаларға елін қорғауға, тыныштықты, бірлікті аңсауға баулу, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталау. Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Бата берген атасы көпке не тіледі? Балаға кім бол деп тілейді? Достарыңмен қандай бол дейді? Ата сөзі қандай сөз?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өзіңнің жаттаған баталарыңды жатқа айт. Оның мағынасын түсіндір. Өлеңде не жайлы айтылған? (бақыт, адам, тату, алтын).
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, «соғыс» деген сөзді естідіңдер ме? Ол сөздің мағынасы қандай? Ол сөз ұнай ма? Сұм соғыс қай жылдары болған? Ол немен аяқталды? Интерактивті тақтадан соғыстан үзінді көрсету.
Ү. Жаңа сабақ: 1. кіріспе. Бұл бөлімге сондай-ақ ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек батырлардың ерен ерлігі мен қайтпас қайсарлығын баяндайтын шығармалар енгізілген. Кеңес одағының Батыры атағын алған Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Төлеген Тоқтаров, атақты ұшқыш Талғат Бигелдинов және басқалардың ерен ерліктері туралы жазылған көркем шығармалармен танысасыңдар. Қайрат Жұмағалиевтің «Мен соғысты жек көрем» атты өлеңінен осы жайлы танысамыз. 2. Оқулықпен жұмыс: мәнерлеп, түсініп оқу. 3. сөздік жұмыс: Қасірет – басқа түскен уайым, қайғы. Жырақ – шалғай, алыс, қашық. Ғұмыр бойы – өмір бойы. 4. Өлеңде жиі қайталанған жол қайсысы? («Мен соғысты жек көрем»). Автор бұл өлең жолдарын неліктен қайталап отыр деп ойлайсың?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Өлеңдегі ұйқасып тұрған сөздерді теріп жаз. (көрем, ержетем, өрлетем, төрлетем; мұратқа, жыраққа; белдермен, көлдермен, шөлдермен)
ҮІІ. Қорыту. Сол ұйқастарды пайдаланып, өзің бір шумақ өлең құрастырып жаз.
Мен соғысты жек көрем, Талай баланы зар қақсатқан.
Мен соғысты жек көрем, Талай шаңырақты ойсыратқан ...
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу. 2. Бағалау.
№ 118. Тақырыбы: Шығыс шынары. Әзиза Нұрмаханова.
Мақсаты: Оқушыны Әзиза Нұрмаханованың «Шығыс шынары» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрете отырып, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қыз Әлия Молдағұлованың жастық шағымен таныстырып, балаларды әсемдікке, ұқыптылыққа, өзін-өз ұстай білуге, достыққа тәрбиелеу, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Адам жанын дүр сілкіндіретін соғыстың ұлтына, еліне, жеріне қарамастан өте қауіпті екенін өлеңнің қай жерінен байқадың? Ақын соғысқа деген жиіркенішін білдіріпті. Ал, сенің ше қалай?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың, сезімің? Өзіңнің жазған бір шумақ өлеңіңде не жаздың? Мәңгілік естелігіне барғанда өзіңді қалай сезінесің? Соғыс жайлы оқыған немесе көрген киноң жайлы айтып берші?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Қазақтың қос жұлдыздары жайлы не білесің? Олар туралы қандай өлең оқыдың? (2 класта «Әлия» Сағи Жиенбаев).
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Әзиза Нұрмаханованың «Шығыс шынары» атты әңгімесін түсініп оқып көрелік. Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып оқу. әңгіме неліктен «Шығыс шынары» деп аталады? Әлия бала кезінде қандай болған? Әлия өсірген гүлдердің атын ата. (герань, фикус, олеандр, камелия, циперус).
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Ксения Исаевнаның Әлия туралы айтқан сөздерін әңгімеден тауып оқы. Мәтінде айтылатын Әлияның бойындағы қасиеттерді пайдаланып, оған мына үлгі бойынша жазбаша мінездеме бер.
жүйрік, қолы шебер.
Әлияның төсегі жиюлы, қағаз- кітаптары өз орнында.
шашы өрулі, киімі үтіктеулі, дене мүсіні өте сұлу
ҮІІ. Қорыту. Мақал-мәтелдерді толтырып жаз.
-
...есімі – ел есінде. Еліңді сүйсең – ... істейсің.
-
Батыл болмай, ... болмайсың.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу. 2. Бағалау.
№ 119. Тақырыбы: Бала Мәншүк. Мәриям Хакімжанова.
Мақсаты: Мәншүк Мәметованың ерлігі туралы оқушылардың түсініктерін тереңдету; сабақ тақырыбын өздігінен талқылай, Мәншүктің ерлігі туралы ойларын тұжырымдайды, шығармашылық жұмыстар атқарады; шағын топ құрамында өзара қатынасқа түседі, сенім және сыйластық дағдыларын қалыптастыруға атсалысады, топ мүшелерінің бәрі де оқу материалын меңгеруін қадағалайды, бір-біріне көмек көрсетеді.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: Мәншүктің суреті, қағаз, маркерлер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Алғы шарттар:
а). Мәншүктің ерлігі туралы түсініктер алып, білімдерін оқыған әдеби кітаптарынан мысалдар келтіре отырып дәлелдей білу.
б). Оқушылар тақырып бойынша жеке ойын қатыстыра отырып, материалды талдау және «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Нені білдім?» тәсілдері бойынша өз ойларын эссе арқылы жеткізе білу.
Уақыт меңгеру:
-
Проблеманы айқындау кезеңі – 10 минут.
-
Проблеманы шешу кезеңі – 15 минут.
-
Проблеманың шешімін қолдану кезеңі – 20 минут.
Топқа бөлу. Оқушылар соғысқа қатысты сөздер бойынша 4-5 баладан шағын топтарға бөлінеді.
І. Проблеманы айқындау кезеңі
І. Топтарға бөліну (1минут). Мұғалім қағаз қиындыларына топтардың аттарын жазып, оқушыларға таратады. Оқушылар шағын топтарға «қосарлана біріктірілген екі партаға – төрт балаға бөлініп, топтарының аттарын үш бұрыштанған қағаздарға маркермен жазып қояды. Мәселен: «Пулеметшілер», «Мергендер», «Атқыштар», «Жауынгерлер»).
Ой сергіту (3минут). Мұғалім оқушыларға «Өзгертулерді тап» атты ойынды ұсынады. Оқушылар жұптарға бөлінгеннен кейін оларға мынадай тапсырмалар беріледі. Жұптарына қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алады. Содан соң артқа бұрылып, бір-біріне арқасын беріп тұрады. Сырт пішініне(киіміне, шашына)қандай да болмасын үш өзгерту енгізеді. Екі жақта да өзгертулер аяқталған соң, бір-бірлеріне қарап, әлгі өзгерістерді табады.
Үй тапсырмасын тексеру:
1). Топтық жұмыс (4мин.). оқушылар үйде орындаған тапсырмаларын топ ішінде бір-біріне оқып береді.
2). Жариялау (2мин.). бірнеше оқушы үй тапсырмаларын бүкіл сыныпқа оқиды. Қалған оқушылар олардың жұмыстарын бағалайды, олар туралы өз пікірлерін айтады.
Жаңа тақырыпқа бағытталу «15мин.)
Тапсырма. Мұғалім оқушыларға тақырып бойынша «Ой қозғау» үшін бар білгендерін жазбаша жазуды тапсырады.
Жеке жұмыс (5мин.) оқушылар өтілетін тақырып – мәншүк және соғыс туралы «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Нені білдім?» кестесінің бірінші бөлімін өздігінен толтырады.
Не білемін?
|
|
Не білгім келеді?
|
|
Нені білдім?
|
|
Топтық жұмыс (2мин.) оқушылар топ ішінде жазғандарын талқылайды, толықтырады.
Жеке жұмыс. Оқушылар кестенің «Не білгім келеді?» деген бөлімін өздігінен толтырады.
Топтық жұмыс. (3мин.) Оқушылар топ ішінде жазғандарын талқылайды, толықтырады.
Сыныптық жұмыс (3мин.) Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, өз беттерімен класты таныстырады. Қорытындылау (2мин.) Мұғалім сабақ тақырыбын жариялап, оқушылардан не күтетіндігін айтады.
ІІ. Проблеманы шешу кезеңі
Тапсырма. Оқушыларға оқулықтағы мәтінді «Үш бөлімдік сұхбат» тәсілін қолданып оқу тапсырылады. Мәтін ұшке бөлінеді.
«Үш бөлімдік сұхбат» тәсілі (10мин.):
1). Оқушылар топ ішінде А, В, С, Д болып бөлінеді. Олар мәтіннің бірінші бөлімін оқиды (бірінші абзац). Оқып болғаннан кейін А деп аталатын оқушылар Б деген оқушыларға, ар, С деп аталатын оқушылар Д деген оқушыларға мәтін бойынша сұрақ қояды.
2). Оқушылар мәтіннің екінші бөлімін оқиды (келесі үш абзац) оқып болған соң бір-біріне сұрақ қояды.
3). Оқушылар мәтіннің үшінші бөлімін оқиды (соңғы үш абзац). Оқып болған соң жұптасып сүрақ қояды.
4). Мұғалім оқушыларға және оқушылар мұғалімге мәтін бойынша сұрақтар қойып, өз ойлары мен тұжырымдарын айтады.
ІІІ. Проблема шешімін қолдану кезеңі.
Тапсырма. Оқушылардың «сандықтан» алынған сұрақтарға ауызша жауап беру тапсырылады. (Сұрақты мұғалім алдын ала жазып дайындап, «сандыққа» салып қояды)
Топтық жұмыс (3мин.) Оқушылар топ ішінде берілген сұрақты талқылайды.
Жариялау (2мин.). Әр топтан бір оқушы шығып, өз ойын класқа айтады, басқалардың сұрақтарына жауап береді.
Дәптермен жұмыс (2мин.) оқушылар дәптерлеріне Мәншүк туралы қысқаша мәліметтерді жазып алады.
Бағалау (1мин.) Оқушылар «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Нені білдім?» кестесінің «Нені білдім?» атты бөлімін толтырады.
Жариялау (1мин.) Әр топтан бір оқушы тұрып, өз жұмысын класқа оқып береді. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеру үшін жинап алады.
Үй жұмысы. Әңгімені оқып, мазмұнын айту. Мәншүк туралы білетін әңгіме немесе өлеңдерді айту, жаттау.
Кері байланыс (1мин.). мұғалім оқушылардыңсабақ туралы пікірлерін келесі сұрақтар арқылы айқындайды:
-
Сабақтың тақырыбын жақсы меңгердім деп ойлайсың ба?
-
Сабақ ұнады ма?
-
Бүгін алған білімдеріңді өмірде қалай қолданасың?
№ 120. Тақырыбы: Тау қыраны. Мәлік Ғабдуллин.
Мақсаты: Оқушыны Мәлік Ғабдуллиннің «Тау қыраны» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Төлеген Тоқтаровтың ерлігі жайлы айта отырып, ерлікке, батылдыққа тәрбиелеу; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсияның ұнаған қылықтарын мәтіннен тауып оқы. Мәнсияға мінездеме жаз.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова жөнінде қосымша деректер ізде.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Төлеген Тоқтаров жайлы не білесің? Суреттер топтамасымен жұмыс. Соғыс күнделігінен үзінді көру.
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Мәлік Ғабдуллин – жазушы, әдебиет зерттеуші ғалым. Ұлы Отан соғысының батыры. Мәлік Ғабдуллиннің «Тау қыраны» атты әңгімесін түсініп оқып, Төлеген Тоқтаровтың ерлігімен танысамыз. Оқулықпен жұмыс. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Әңгіме кім жөнінде жазылған? Бородиноға кімдер келді? Әңгімені баяндап отырған кім? Ол Төлегенге не берді? Төлеген Тоқтаров жөнінде жолдастарының пікірі қандай еді?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: әңгімеге және мына сызбаға сүйеніп, жолдастарының Төлеген Тоқтаровқа берген мінездемесін жаз.
Қандай?
тамаша ер еді.
Төлеген Тоқтаров
қыз мінезді, ақкөңіл, сыпайы жігіт.
жанып тұрған еді.
шаршауды білмейтін.
қамқоршы, жәрдемші еді.
ҮІІ. Қорыту. Кеңес Одағының тағы қандай батырларын білесің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Әңгімені оқып, мазмұнын айту. 2. Бағалау.
№ 121. Тақырыбы: Балама хат. Жамбыл Жабаев.
Мақсаты: Оқушыны Жамбыл Жабаевтың «Балама хат» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Жамбыл Жабаев атамыз Алғадай деген баласына жазған хатымен танысамыз; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгіме кім жөнінде жазылған? Бородиноға кімдер келді? Әңгімені баяндап отырған кім? Ол Төлегенге не берді? Төлеген Тоқтаров жөнінде жолдастарының пікірі қандай еді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен осы батырлардың орнында болсаң не істер едің? ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Суреттер топтамасымен жұмыс. Жамбыл ата туралы не білесің?
Достарыңызбен бөлісу: |