Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Неше қалайы солдат болыпты? Олар қандай еді? Бала қалай қуанды? Оны не үшін әкелген еді? Бала қалайы солдаттарды қайда қойды? Содан кейін не болды? Қалайы солдаттың басынан кешкен оқиғаларын баяндап айтып бер.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалайы солдаттың қайсарлылығы саған ұнады ма?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Ағылшын жазушысы Редьярд Киплинг (1865 – 1936) балаларға арнап көптеген әңгімелер жазған. Солардың ішіндегі ең қызықтысы – жануарлар туралы әңгімелер. Оның «Джунгли» атты кітабындағы Маугли туралы мультфильмді бәрің көрген боларсыңдар. Редьярд Киплинг «Киттің жұтқыншағы неге мұндай?» әңгімесін түсініп оқып көрелік. 2. Оқулықпен жұмыс. Дұрыс, түсініп, жалғастырып оқу. 3. Сөздік жұмыс. Жұтқыншақ – ауыз қуысын өңешпен жалғастыратын тамақ өтетін жол. Бағзыда – ертеде, көне заманда. Ергенек – есік. Тақа – мүлде. 4. Бұл қашан болған оқиға? Ертеде не болыпты? Ол кит не істейді екен? Соңында бір күні не болды? Кит жұтып қоймас үшін Шабақ қайда тығылып жүрді? Ол Китке қандай ұсыныс айтады? Киттің неліктен мазасы кетті?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Мәтінде Китті неге сүтқоректі деп атайды? Мәнін түсіндір. Тапқыр, өжет адам өз қалай жетіп алды? 2. Кит жейтін балықтардың аттарын жаз. (шортан, шорағай, табан, сазан, бекіре, жайын, уылдырық). Тапқыр адам Киттің өңешіне тор қойып жатып айтқан сиқырлы сөзді тауып, жазып ал. Бұл тор сүзгіні неліктен қойғанын айт. («Өңешіне дөйдің, тор сүзгіні қойдым!»).
ҮІІ. Қорыту. Сол күннен бастап не болыпты?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.
№ 132. Тақырыбы: Құмырадағы балақан. (Жапон ертегісі)
Аударған Ерғали Әбілмәжінов
Мақсаты: Оқушыны жапон ертегісі «Құмырадағы балақан» атты ертегісін түсініп оқуға үйрету, байланыстырып сөйлеуін, тіл байлығын дамыту, ертегінің тәрбиелік мәнін ашу.
Түрі: аралас сабақ. Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Бұл қашан болған оқиға? Ертеде не болыпты? Ол кит не істейді екен? Соңында бір күні не болды? Кит жұтып қоймас үшін Шабақ қайда тығылып жүрді? Ол Китке қандай ұсыныс айтады? Киттің неліктен мазасы кетті?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сол күннен бастап не болыпты? Сен осы тапқыр, өжет адамның орнында болсаң не істер едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.
Ү. Жаңа сабақ: жапон ертегісі «Құмырадағы балақан» атты ертегісін түсініп оқып көрелік. Не жайлы екен? Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып,дұрыс оқу. «Жүрген аяққа жөргем ілінеді» деген мақал нені білдіреді? Ертегінің соңында балақанның Тародан өтінген сөзін тауып оқы.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Таро кім? Таро жол шетінен не тауып алады? «Қыдыр, көбірек қыдыра түс, мен бұдан да зорайып өсемін» деген сөз не мағына білдіреді екен? Таро құмырадағы балақаннан қалай құтылды?
ҮІІ. Қорыту. Ертегіні өз ойыңмен аяқтап шық.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.
№ 133. Тақырыбы: Туған жер туралы жыр. (Қалмақ ертегісі)
Мақсаты: Оқушыны қалмақтың «Туған жер туралы жыр» атты ертегісін түсініп оқуға үйрету, байланыстырып сөйлеуге, әңгімелей білуге машықтандыру, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, оқуға зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Таро кім? Таро жол шетінен не тауып алады? «Қыдыр, көбірек қыдыра түс, мен бұдан да зорайып өсемін» деген сөз не мағына білдіреді екен? Таро құмырадағы балақаннан қалай құтылды?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Жүрген аяққа жөргем ілінеді» деген мақал нені білдіреді? Ертегінің соңында балақан Тародан нені өтінеді.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ү. Жаңа сабақ: қалмақтың «Туған жер туралы жыр» атты ертегісін түсініп, дұрыс, жалғастырып оқу. Сөздік жұмыс. Әсілі – тегінде, шамасы. Ұжмақ – жұмақ. Зындан – жер астындағы түрме. 3. Адам баласы да, ұшқан құста нені аңсайды? Қытай императоры әнші құс сайрау үшін қандай жағдай жасады? Құс қай жерге келгенде тамылжытып ән сала бастайды? Оның себебі не екен? Император қандай жарлық берді? Онысы дұрыс па?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Ғұлама даналардың айтқан жорамалдарын ертегіден тауып оқы. Ертегіде айтылған қорытынды ойды тауып оқы. Сен қандай қорытынды айтар едің? 2. Императордың бауын сипаттаған тұсты дәптеріңе көшіріп жаз. (Алып дарақтар күн нұрына шомылып, жасыл сәуле шашқан жібек жапырақтарын сыбдырлата теңселеді, сирек кездесер сұлу гүлдердің өліге жан бітірер жұпар иісі бұрқырап, дүниенің бар бояуы осында кеп төгілгендей, бау іші құбыла құлпырады.)
ҮІІ. Қорыту. Сен өзіңнің туған жеріңе деген құштарлығың жайлы не айтар едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.
№ 134. Тақырыбы: Сауысқанның ұясы. Ағылшын ертегісі.)
Мақсаты: Оқушыны ағылшынның «Сауысқанның ұясы» атты ертегісін түсініп оқуға үйрету, ертегінің тәрбиелік мәнін ашу, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Адам баласы да, ұшқан құста нені аңсайды? Қытай императоры әнші құс сайрау үшін қандай жағдай жасады? Құс қай жерге келгенде тамылжытып ән сала бастайды? Оның себебі не екен? Император қандай жарлық берді? Онысы дұрыс па?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сенің ойың? Сен өзіңнің туған жеріңе деген құштарлығың жайлы не айтар едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Ү. Жаңа сабақ: 1. Сынып оқушыларын топқа бөлу. Балаларды туған айлары бойынша бөлу, яғни жазда немесе көктемде, қыста немесе күзде туғандарды т.с.с. бөлуге болады. 2. Ертегі мәтінін алдын ала компьютерге теріп, бөліктерге бөліп, топқа үлестіріп беруге болады. Әр топ өзінің оқығаны бойынша түсінгенін топ ішінде талдайды, сонан соң топ ішінен біреуі оқығандарын қысқаша баяндап береді. 3. Ертегі бойынша мынадай тапсырмалар беріледі:
-
Ертегіде қандай жолдар қайталанып келіп отырады? Тауып оқы.
-
Тырна да, Қарға да, Шымшық та, Қарлығаш та, Торғай да неге үшып кетті?
-
Мына сызбаны толтыра отырып, сауысқанның мінез құлқына сипаттама бер. Ол үшін мәтінді мұқият оқып, сауысқанның мінез-құлқын ашуға пайдаланылған автор сөздерін тауып, жазып шығыңдар.
өзін асқан білгір санапты
Сауысқанның ішіне сөз сыйған ба?
Сауысқанның мінез-құлқы
Тұмсығын көтеріп, құйрығын қайқаңдатады
Әрі-бері секеңдеумен болады
-
Теріп жазған сөздерінен немесе сөйлемдеріңнен сауысқанның қандай мінезін байқауға болады?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
-
Сауысқан құстардан не үшін көмек сұрады?
-
Сауысқанның қандай сөзі құстарға ұнамады?
-
Сауысқанның ұясы неліктен сыйықсыз болып қалды?
-
Ертегіден өзіңе қандай ой түйдің?
-
Ертегіде саған не (кім) ұнады? Неліктен ұнады?
ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақта не жайлы өттік? Біздің арамызда осындай менменшілдер бар ма? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.
№ 135. Тақырыбы: Мен не үйрендім?
Мақсаты: Оқушылардың «Әлем әдебиеті үлгілері» атты бөлімінен алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын жасау арқылы баланың ойын нақтылау, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: іздену. Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Сауысқан құстардан не үшін көмек сұрады? Сауысқанның қандай сөзі құстарға ұнамады? Сауысқанның ұясы неліктен сыйықсыз болып қалды? Сауысқанның менмендігі, өзімшілдігі, қандай сөздер арқылы көрінетінін айт.
ІІІ . Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. ІҮ. Қайталау. Әр оқушы жеке жұмыс парағымен істейді.
-
«Мюнхаузеннің басынан кешкен хикаялары» туралы жазған жазушыны белгіле.
А). Р.Киплинг Б). Х.Андерсен
Ә). Дж. Родари В). Э.Распе
2. Қате құрылған шығарма жоспарын ретке келтіру үшін не нәрсеге көңіл бөлу керек?
А). Жазушының сөзіне Б). Оқиға желісіне
Ә). Көркемдігіне В). Тақырыбына
3. «Құмырадағы балақан» ертегісіндегі басты кейіпкер кім? (Таро).
4. Дж. Родари кітабының атын белгіле.
А). Мюнхаузеннің басынан кешкендері
Ә). Телефонмен айтылған ертегілер.
Б). Қайтпас, қайсар қалайы солдат
В). Киттің жұтқыншағы неге мұндай?
5. «Кемедегілердің бәрі үрейленіп, тым-тырыс бола қалды және не болар екен деп күтіп тұрды» деген үзінді қай шығармадан алынған? Авторы кім?(«Акула» Лев Толстой.)
6. Шетел әдебиеті бөлімінен өзіңе ұнаған шығарманы төмендегі кестенің көмегімен сипаттап жаз.
Шығарманың аты
Шығарманың не туралы екені
Шығарманың авторы
Бұл шығармадан не үйрендің? Қорытынды жаса.
ҮІІ. Қорыту. Бүгін не өттік? Құрылысшы маманы не істейді? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Қайталау
№ 136. Тақырыбы: Жыл бойы өткенді қайталау.
(оқулықтың соңында жалғасы бар)
Мақсаты: Оқушылардың жыл бойы алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын жасау арқылы баланың ойын нақтылау, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.
Түрі: қорыту сабақ. Көрнекілігі: суреттер, кесте. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.
Ү. Жаңа сабақ: «Ауыз әдебиеті үлгілері» тарауына арналған тапсырмалар мен тест сұрақтары.
-
«Асып Бырыл жөнелді,
Қарсы келген қабақтан
Қарғып басып жөнелді» деген өлең жолдары қай жырдан алынған және ненің шабысын суреттеп отыр?
А. Қамбар батыр жырынан. Қарақасқа ат.
Ә. Қобыланды батыр жырынан. Тайбурылдың шабысы.
Б. Алпамыс батыр жырынан. Қаракер.
-
Сүлеймен патшаның жарлығын орындамаған құс қай ертегіде айтылады?
А. Ғажайып бақ
Ә. Бес ешкі.
Б. Сатқын жапалақ.
3. Ертері түрлерін дәптерге жазып шық.
1).
2).
3).
4. «Ол өзінің сиқырлы ғажап кілемімен су бетінде қалықтап жүзе береді, көздің жасындай мөлдір суға қадала қарап, қобыз күйін тарта береді» деген үзінді қай шығармадан алынған?
А. Өнерлі жгіт.
Ә. Қорқыт.
Б. Ғажайып бақ.
5. Әсірелеу дегеніміз не?
А. Бір нәрсені немесе оқиғаны күшеейтіп, үлкейтіп айту.
Ә. Екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату.
Б. Әр түрлі жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттеу
6. Ертегідегі әмірші жарлығын ары қарай толықтырып жаз.
«Уа, тұтқындар! – дейді әмірші. – Күншуақ елінің әйел затына азаттық беремін ...». «Уа, тұтқындар! – дейді әмірші. Күншуақ елінің әйел затына азаттық беремін. Қолынан ұстар баласын жетектеп, иығы көтерер жүгін арқалап, мына тас қамаудан шығамын десе, қазір қақпаны ашқызамын!»
7.«... Қап-қара қараағаштың шыбықтарымен дос болмаңдар. Мінезі дойыр. Түрлері сиықсыз. Ішсе ішкенге, жесе жегенге тоймайтын қанағатсыздар ...» деген сөз кімнің сөзі, қай мысалдан алынған?
А. Ормандағы оқиға. Тобылғының сөзі.
Ә. Ағаштар неге ашуланды? Қараағаштың сөзі.
Б. Ормандағы оқиға. Ақ қайыңның сөзі.
8. А. Байтұрсынұлының мысалдары жазылған кітаптың аты.
А). Аққу, Шортан һәм Шаян
Ә). Қырық мысал.
Б). Екі шыбын.
9. «Ара мен Шыбын» мысалындағы негізгі ой қай тұста ашылады?
А). Мысалдың басында.
Ә). Ортасында.
Б). Соңында.
10. Монолог деп нені айтамыз?
А). Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлеуін айтады.
Ә). Кейіпкерлердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен- өзі сөйлескен сөзін айтады.
Б). Шығармада суреттеліп отырған оқиғаға көзқарасын айтады.
ҮІІ. Қорыту. Бүгін сабақта біз не істедік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |