Жоdоs)л шетіндегі түсінік Мәтінді оқи отырып, әр абзац бойынша жол шетіне бірден түсінік
бере кету тапсырылады. Әр түйінді ойдың тұсына белгілі бір
мақал-мәтел немесе реплика жазып отыру керек. Олар қызықты
және бірден көңіл аударалықтай болуы шарт. Оны қарындашпен
немесе басқа түсті қаламмен жазып отыруға болады.
Кейіннен жұмыс келесі топтарға беріліп, бағаланады. Ең үздік жұмыс
иесі өз пікірімен бөліседі, не себепті олай жазғанына түсініктеме береді.
Жылдам оdоs)қу (М. Жанпейісоdоs)ва) Студенттерге жаңа мәтін беріледі, ол бұрын таныс
болмауы шарт. Әрі қарай мынадай қадамдар жүзеге
асырылады:
☺ мәтінді оқығанда көзді сөздің әбір әрпіне емес, әр сөздің ортасына
қадай отырып оқу керек;
☺ көз қадағанда оқылған жаққа қайта оралмаған жөн;
☺ оқылған абзац ойша қайталап айтылмайды;
☺ оқи отырып, көзді беттің орта тұсына - жоғарыдан төмен қарай
бағытпен жылжыған саусақ бойынша қадап, келесі жолда, абзацта не туралы
жазылғанын болжауға тырысу қажет. Егер сәйкес келсе, жол соңына «+» белгісі
қойылады. Кімнің «+» белгісі көп болса, сол жеңімпаз атанады.
☺ келесі кезекте кітап бетін жауып, белгілі бір уақыт ішінде онда
жазылғанды ойша еске түсіруге нұсқау беріледі;
☺ оқылған мәтінді жұпта бір-біріне айтып түсіндіреді;
☺ жұптар ауысады да, келесі біреумен жұп құрып, тағы түсіндіреді;
☺ кімнің мәтінді жақсы түсінгені анықталады.
Моdоs)зайка Мәтінді оқып шығуға оның күрделілік дәрежесіне
сәйкес уақыт беріледі. Танысып болған соң, кітапты жабуға
нұсқау беріледі немесе мәтінді жинап алу керек. Әр
32
студенттің не топтың алдына мәтін бөліктері тасталады. Сол бөліктерді
құрастыра отырып, тұтас мәтін жасап шығару тапсырылады. Логикалық
бірізділік жүйесімен толық ой шығуы тиіс. Бұдан мәтінді қалай меңгергендері
байқалады.