қоюға, тұщымды ой айтуға негізделген. Сонымен қатар рөлдік ойынның
элементтері де орын алған.
Радио жүргізуші- оқытушы немесе білім алушының біреуі қонақтар мен
аудиторияны қарсы алады. Радио жүргізушісі
талқыланатын тақырыпты
таңдайды. Студия қонақтарына (төрт немес одан да көп) рөлдік карточка
беріледі, олар сол карточкадағы рөлдерін ойнайды. Тыңдаушылар аудиториясы
баға береді, сұрақ қою үшін «қоңырау шалады», ескертпелер жасайды және т.б.
Мысалы, еліміздің бас банкирі, экономист, қаржыгер, т.б. студия қонақтарына
аудитория сұрақ қояды. Егер
даулы мәселе туындай қалса, жүргізуші аяқ
астынан тапқырлық танытып, жағдаятты ушықтырмай шешуге тырысуы тиіс.
Әдебиет сабағына белгілі бір шығарма кейіпкерлерін шақырып, сұрақ
қоюға болады. Рөлді ойнап отырғандар өз пайымдаулары тұрғысынан жауап
береді. Жазушыны немесе шығарма кейіпкерін, авторын шақыруға да болады.
Ал математика, биология сабақтары болса, тақырыпты ашқан ғалыммен (ғалым
рөліне тақырыпты жақсы меңгерген білім алушыны таңдаған дұрыс) сұқбаттасу
да тиімді
Балалар филоdоs)соdоs)фиясы
Бұл - балаларды (немесе ересектерді) сыни,
байыппен, шығармашыл
және бірлесіп ойлауға
ынталандыруға бағытталған әдіс. Сонымен қатар
қатысушылар сұрақтарды
өздері құрастырып және
өздері қоятын және «қалай оқу керектігін
үйренетін» «сұраныстар қоғамын» құруға көмектеседі.
Ұйымдастыру үшін:
☺
ең алдымен, орындықтарды шеңбер бойымен
орналастыру керек;
☺
қажет болса, бір затты алуға болады (мысалы, доп, жұмсақ ойыншық,
жалау, т.б.);
☺
алынған зат сөйлейтін адамға ауысып беріліп отырады;
☺
бөлме ішінде ынталандыру
материалдары орналастырылады, яғни
тақырыпты кеңірек ашуға ықпал ететін қосымша мәтін, ақпарат, дидактикалық
материалдар (сызба, кесте, суреттер);
☺
білім алушыларды тақырыппен таныстырып,
ынталандыру
материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек;
☺
олар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты
сұрақтарды ойластыру үшін
бір- екі минут беріледі;
75
☺
осылайша дауыс беру және сұрақтарды талқылау анықталады.
Оқытушы сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе
әр студенттің қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып,
делдал ретінде қатысады. Дұрыс қойылған сұрақтың өзі студенттің тақырыпты
меңгергенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: