8-қадам.1,2,3-нөмірлер үй тобына келіп, кезек-кезек қонақта не үйреніп
келгендерін айтады.
9-қадам. Топ
жұмыстарын өзара салыстырады
Тыңдап оdоs)тырған үштік
Бұл әңгіме тақырыбының тұжырымдамасын
және үдерісті түсінуді дамытатын ақпарат алуға
арналған құрылымдалған жаттығу. Сондай-ақ
бақылаушы рөлі
арқылы өзін-өзі сараптауды
дамытуға ықпал етеді.
☺
Студенттер үш-үштен отырады, екеуі бірге, ал біреуі оларға қарсы
сәл алшақта – сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды.
☺
Әрбір топта шешен, тілші және хатшы болады.
☺
Шешен тақырып бойынша сұрақты түсіндіреді
немесе пікірін
білдіреді.
☺
Тілші көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды
немесе сұрақ қояды.
☺
Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды
береді.
☺
Келесі жолы рөлдер ауысады: тілші шешен болады, ал шешен хатшы,
хатшы тілші болады.
☺
Осылайша бір студент үш түрлі рөлді атқарады. Үш түрлі тұлға
көзқарасы тұрғысынан тақырып талқылана келе, терең талданады.
Құндылықтар спектрі
Пікір айту, құндылықтарды көрсету, пікірлердің
әртүрлілігін талқылауда қолданылатын әдіс.
Спектр
үшін жіпті, тақтаны көрсетіп тұратын стрелкаларды
пайдаланыңыз; қарама-қарсы қабырғаларға пікірлердің
екеуін ең шеткі нүктелеге орналастырыңыз.
Студенттер немесе студенттерден құрылған топтар
айтылған пікірмен қаншалықты келісетіндігін айта отырып, оған қатысты өз
ойларымен бөліседі. Бұны жүзеге асырудың тәсілдері өте көп:
☺ студенттерден олардың өз пікірлерін көрсететін сызықтың нүктелеріне
келіп
тұруды өтінуге болады;
82
☺ немесе олар айтылғанды алдымен топ ішінде талқылайды да, содан
кейін топтан бір студент шығып өз тобының ұстанымын түсіндіре отырып,
тобының белгі/карточкасын сызықтың бойына орналастырады.
☺ Бұл – бір сұрақтардың әртүрлі жауаптарын салыстырып, пікірлер
арасындағы алшақтықты анықтауға арналған өте жақсы әдіс.
Достарыңызбен бөлісу: