С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет62/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83
Сембинова-1

Жоdоs)ба әзірлеу
Бұл әдіс қатысушыларға ойша аудиториялардан шығып, талқыланатын
мәселе бойынша өз әрекетінің жобасын жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы,
топ немесе жекелеген қатысушы өз жобасын қорғайтын, басқалардың
алдындағы өзінің артықшылығын дәлелдеуге және достарының пікірін білуге
мүмкіндігі болады. Мысалы: белгіжоба жасау. Қатысушылардың
мамандандырылған мекемелерден кеңес алуға, кітапханалардан әдебиеттер
алуға және т.б. мүмкіндіктері бар. Қатысушыларға газеттен тақырып
мәселелеріне қатысы бар басылымдар, суреттер, мақалалар жинауға, содан
кейін бұл материалдарды топ болып талқылауды ұсынуға болады.
Кейс-стади
92


Кейс әдісі алғаш рет Гарвард университетінде 1870 ж. дәріс беру
барысында студенттер арасында мәселені кеңінен талқылау мақсатында
қолданыла бастаған. Оқытушы студенттер назарына әртүрлі нақтылы
қайшылықты жағдаятты ұсынады. Және де соның бірнеше шешімін табу
міндетін қояды. Бұл әдіске байланысты алғашқы оқулықты 1921 жылы
Гарвардтық бизнес-мектебінің деканы Волос Донамның белсенді араласуымен
Коупленд жарыққа шығарды. 
Кейс-стади міндетібілім алушыларды келесідей әрекеттерге
жұмылдыру: 
☺ кез-келген теориялық мәлімет пен ақпаратты талдау, 
☺ негізгі мәселелерді айқындау, 
☺ мәселелерді шешудің әртүрлі балама жолдарын (нұсқаларын) табу
(ситуация – көп шешімі және баламасы бар оқиға екенін ұмытпайық), 
☺ сараптау арқылы олардың ішінен ең тиімдісін таңдау, 
☺ өз іс-әрекеттерін жоспарлау. 
Сase-study - таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын
қалыптастыратын тиімді әдіс. Оны кейде «оқудағы жағдаяттар әдісі» деп те
атайды. «Кейс» сөзі «жағдай», «оқиға» дегенді білдіреді деп беріледі, дегенмен,
көбінесе «портфель» мағынасында қолданылып жүр.
Сонымен қатар кейстік амал-тәсілде жағдаяттарға байланысты мынадай бес
түрлі пікірсайыс ұйымдастырылады: 
☺ оқытушы білім алушыға қарсы сұрақ береді;
☺ оқытушы білім алушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды; 
☺ білім алушы-білім алушы рөлдік ойындар да қолданылады; 
☺ оқытушы білім алушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды; 
☺ білім алушы мен білім алушы пікірталасы жүзеге асады.
Сase-study-ді жүзеге асыру кезеңдері:
Бірінші кезеңде оқытушы кейсті (жағдайды) таңдайды. Соған қажетті
сұрақтар әзірлейді. Бұл іс шығармашылық жұмыс болып табылады. Таңдалған
жағдаят дәріс тақырыбы мен мазмұнына сәйкес келуі керек. Осы тұрғыдан
кейс мазмұнының мақсаты мен оған қол жеткізудің міндеттері анықталады.
Қажетті негізгі және қосалқы материалдарын анықтайды, жұмыс жоспарын
құрады. Кейс студенттерге сабақ алдында (бір-екі күн бұрын) таратылып беріледі:
олар кейстің мазмұны мен ұсынылған әдебиет тізімімен жеке-жеке танысады, кейс
бойынша өзіндік пікір қалыптастырады. 
Екінші кезеңді оқытушы дәрісханада жүзеге асырады. Бұл кезеңнің өзі
кейске кіріспе; жағдайдың шағын топтарда талдануы; пікірталас және
қортынды шығару. Кез-келген пән мазмұнын талдау барысында қаралатын
93


мазмұнның қисындылығы ғана емес, оның психолгиялық ерекшеліктеріне де
қараудың маңызы өте зор.
Қорытындылау. Пікірталас аяқталған соң оқытушы сабақты сараптап,
студенттердің көзқарастары мен әрекеттеріне баға береді. 
Бағалау.  Студенттер өздерінің жасаған жұмысы (пікірі, көзқарасы, шешімі)
бойынша жазбаша есеп береді. Жазу уақыты мен форматын (көлемі және басқа да
талаптар) оқытушы сабақтың мақсаттарына сай белгілейді. Онда:
☺ жағдаят іс-тәжірибеден (өмірден) алынуы керек;
☺ жағдаят бір нәрсеге үйретуі тиіс;
☺ жағдаятта шешім қабылдауды қажет ететін ішкі шиеленіс немесе жұмбақ
болуы қажет; 
☺ жағдаятта ақпарат мөлшері көп болғаны абзал.
Кейсті ресімдеу:
☺  мұқаба;
☺ кіріспе;
 негізгі бөлім;
 қорытынды бөлім;
 қосымша.
Кейс әдісінің өзге зерттеу әдістермен үйлесімділігі
Кейс әдісімен
үйлесетін әдістер
Кейс әдіснің іс жүзінде пайдаланылуының сипаты
Үлгілеу
Талданатын жағдайдың үлгісін құруға көмектесу.
Жүйелі талдау
Жағдайды жан-жақты талдауға және ұсыныстардың
жан-жақты толық болуына негіз болу.
Ойша тәжірибе
Жағдай туралы білімді ойша түрлендіру арқылы
түсінікті тереңдету.
Сипаттау әдістері
Жағдайдың сипатын құру нәтижесінде оны қабылдап
түсінуді жеңілдету.
Проблемалық әдіс Жағдайдың негізінде жатқан түйінді мәселелерді
көрсету, шешу жолдарын ұсыну.
Жіктеу әдісі
Жағдайды құрастыратын қасиеттер мен тараптардың
реттелген тізімін жасауда көмектесу.
Ойын әдістері
Жағдайға қатысы барсубъектілердің жүріс-тұрысының,
94


мінез-құлқының, іс-әрекеттерінің нұсқаларын ұсыну.
«Ми шабуылы»
Жағдайға қатысты ойларды көбейту, іске қосу
(генерациялау).
Пікірталас
Түйінді мәселе және оны шешу жолдары жайлы
көзқарастармен алмасу.
Кейс-стади мәтінін даярлау сатысында жүргізілетін жұмыстар:
☺ курстың қандай бөлімінде немесе тақырыбында кейс-стади негізінде
сабақ жүргізу қажеттігін анықтау; 
☺ кейс әдісінің сабақ жүргізудің басқа қандай әдістерімен үйлесімді
екендігін нақтылау; 
☺ кейс-сатди әдісін қолдану кезінде бірлескен іс-әрекеттің неге керек
екендігі туралы дәлелдеме құру;
☺ кейстік талқылауға қатысушылардың қайсысы қалай араласа
алатындығы туралы бастау-негіздерді көрсету; 
☺ талдауға қатысатындарға нақтылы рөлдер даярлау. 
Кейс-стади өткізілетін топты даярлау сатысы кезінде атқарылатын
жұмыстар: 
☺ кейс-стади мәтінін тыңдаушыларға алдын ала таратып, олардың
мәтінді өздігінше түсініп, қажетті сұрақтарға жауап дайындауына уақыт беру;
☺ тыңдаушылар сабақ басталғанға дейін кейс-стади мәтініне байланысты
сұрақтары болса соларға ұтаз тарапынан жауаптар алуға мүмкіншілік жасау;
☺ 
тыңдаушылардың кейс-стади материалдарына байланысты
қызығушылық деңгейін анықтау.
Нақтылы топта кейс-стади әдісін жүзеге асыру сатысы
Бұл сатының негізгі міндеті: белгілі бір мәселелені шешуге арналған 
кейс-стади әдісін пайдалануды сабақ кезінде ұйымдастыру. Ол үшін
тыңдаушылардың үлкен тобы кішігірім топтарға топтастырылады. Ал кейде әр
тыңдаушы жеке-жеке болуы да мүмкін. 
Әрбір кішігірім топтарда (басқа топтардан тәуелсіз) жауаптар жасалып,
олар өзара салыстырулар, оларды өңдеу істері жүргізіледі. Солардан кейін сол
шешімдерді жалпы топ алдында көрсету-таныстырылым жұмысы ресімделеді.
Кейде жеке бір көзқарас та арнайы дәлелденеді. Әрбір топта шешімді
жеткізетін жетекші «спикер» таңдалады (немесе тағайындалады). Әдетте, егер
кейс сауатты құрылған болса, онда топтардың шешімдері өзара сәйкес
келмейді. Топтардың спикерлері топтардың ортақ шешімдерін басқаларға
95


таныстырады және сұрақтарға жауап береді. Оқытушы жалпы пікірсайысты
(дисскусияны) ұйымдастырады және бағыттайды. 
Сонымен оқытудың кейс-стади әдісі интерактивті әдістің бір түрі ретінде
тыңдаушылар үшін өте тиімді әдіс болып табылады. Ол тыңдаушының сабақты
қызығып оқуын туындатады. Бұл әдістің көмегімен олар теорияны өздігінше
меңгере отырып, іс-тәжірибелік мәселелерді шешу қабілеттерін де
жетілдіреді.Сонымен қатар, өз ойын тұжырымдап, соны өзгеге жеткізу ісін
жүзеге асыруға да дағдыланады.
Кейс-стади әдісі оқытушыны да креативті ойлауға, соны үздіксіз дамытып
отыруға дағдыландырады. Ол оқытушының жүргізетін сабағының мазмұнын 
ерекше құруға, шығармашылық қабілетін жетілдіруге негіз болады. Білім
алушының да, оқытушының да зерттеу дағдыларын жетілдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет