С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет59/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   83
Сембинова-1

Үш қадамды сұқбат
Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған
әдісі, басқаша айтқанда тақырып бойынша
қатысушылардың бір-бірінен кезектесіп интервью
алуы. Мұда басты назарды жауапқа аудару керек.
Сыныптағы студенттер шағын топтарға бөлінеді.
Сыныпта шағын топтармен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалуы керек.
Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөліңіз: А және Ә, Б және В. 
1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады. 
2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.
3-қадам. Әр студент өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде
бөліседі. 
Ойлан, жұптас, талқыла
Жалпы кез келген мәселені, тақырыпты талқылау үшін
әркім жеке дербес ойлануы тиіс, нені болса да ой
88


елегінен өткізіп, таразылап, пайымдау жасайды. Келесі кезекте жұпта талқылап,
өз ойының дұрыс, бұрыстығына көз жеткізеді. Жұбының ойын біле отырып, өз
пайымдауымен салыстырады, қайта ой елегінен өткізеді. Сосын барып топта
талқылайды. Кез келген тапсырма осы: ойлан, жұптас, талқыла  қадамымен
жүзеге асқаны абзал.
☺ Тақтада сұрақ/тапсырма жазылады.
☺ Әрбір қатысушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт
ішінде (2-3 минут) қағаз бетіне түсіреді.
☺ Өз жазғанын жұбымен 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі.
☺ Оқытушының бағыттауы бойынша топта жұмыс істейді.
☺ Топ ортақ тізім жасайды. Әр топ кезегімен ортақ тізімге бір-бір
сөзден қосады. 
☺ Оқытушы бірнеше қатысушыға өз пікірлерін бүкіл аудиторияға
жариялауын сұрауға болады.
Рөлдік оdоs)йын
Рөлдік ойын – бұл өмірлік жағдайлардың белгілі
бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру
ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы
топтардың сахналап ойнауы.
Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі.
Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма
алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады
(көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері
бөледі.
Бұл әдістің артықшылығы сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған рөл
жағдайында көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай шынайы байқайды,
сол не басқа әрекеттердің салдарларын сезінеді және шешім қабылдайды.
Жұмыстың аталған нысаны ойын жағдайларын құрастыру жолымен,
тапсырылған шарттармен алдын ала белгіленген мінез-құлқын, сол немесе
басқа жағдайларда адамдардың мінез-құлқы мен эмоционалдық реакциясын
бейнелеу үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет