С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал


Оқу материалы мазмұнының рефлексиясы



Pdf көрінісі
бет79/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Сембинова-1

Оқу материалы мазмұнының рефлексиясы
122


Оқу материалы мазмұнының рефлексиясын таныту үшін «Табыс
баспалдағын» қолдануға болады. Оны жаңа тақырып анықталғанан кейін сол
мәселе бойынша студент білімі қай сатыда екенін өзі рефлексия жасай отырып,
белгілей алады. Ал сабақ соңында қайта белгілетіп, екі аралықтағы
айырмашылықты анықтау да маңызды. Егер айырмашылық болмаса, оқытушы
өз әрекетіне талдау жасап, келешекке жоспар құра алады. Олай дейтін
себебіміз, өтіліп отырған тақырып бойынша оқытушы неғұрлым жаңа
мағлұмат, жаңа білім алуға студентны жетелеуі тиіс. Егер айырмашылық аз 
болып, жаңа білім алуға студентке жағдай жасай алмаса, оларды сабақтың
жалықтырып жіберуі әбден мүмкін. Кейде білетін, өмірде кездестірген
мәліметін оқытушынің қайталап беріп тұруы да ықтимал. Сондай жағдайда
рефлексия жасата отырып, білім алушылардың нені білетінін, нені жаңа
білгенін саралап отырғаны тиімді.
Нысана
«Нысана» рефлексиясы білімді меңгеру дәрежесін терең, ауқымды түрде
анықтауда тиімді. Бір жағынан алғанда критерий арқылы бағалауды да
алмастыра алады дейміз. Себебі, алдын ала белгіленген талаптарды орындай
алғанын студенттің өзі де сезеді. Барлық талаптарды орындай отырып,
нәтижеге жеткенде нысанаға дөп тиіп, өз білімінің тереңдігін, тақырыпты жан-
жақты меңгергенін дәлелдеп шығады. Шығармашылық тапсырмаларды
орындатуда да қолайлы. Тақырыптың күрделі немесе жеңілдігіне байланысты
нысанаға жету шәкілдерін азайтуға не көбейтіп отыруға болады. Оған жету
123


қадамдарын студенттің өзін қатыстыра отырып құрған абзал. Сонда бағалау
неғұрлым әділ шығады. Сонымен қатар, білім алушы өз әрекетін ой елегінен
өткізіп, талдау жасай отырып, білім деңгейін түсінуге мүмкіндік алады.
Мысалы, тілдік пәндерді оқыту кезінде төменде келтірілген талаптар негізінде
құруға болса, басқа сабақтарға олардың ерекшеліктеріне сай өзгертіп отыру
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет