С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет67/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   83
Сембинова-1

Атаулар туралы үш сұрақ
Оқытушы сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға
жазып, қатысушыларға осы атауларға байланысты келесі сұрақтарды қояды:
1) Қайда? Бұл терминді сіздер бұрын қайда және қандай мағынада
кездестірдіңіздер?
2) Қалай? Өз тәжірибеңізден осы атауларды қалай қолданатыныңызға мысал
келтіре аласыз ба?
3) Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай байланыста болады деп ойлайсыз?
Қоdоs)с жазба күнделігі
Лекция мазмұнына студенттердің зейінін аударып, өз қатысын,
қабылдауы мен түсінігін келтіре алатын кесте.
Лекция оқылғанда студент қағазды екі бөлімге бөліп, сол жағын
“Үзінділері деп атап, оған лекцияда өзінің назарын тоқтатқан, өзін ерекше
толғандырған үзінділер жазады. Үзінділер немесе жеке сөздер, сөз тіркестер,
фразалар немесе қысқаша сөйлемдер түрінде келтірілуі мүмкін. Қағаздың оң
жағы “Түсіндірме” деп аталады. Мұнда студент сол жақта келтірілген
жазбалардың түсіндірмесін келтіреді, неліктен ол үзінділерді жазып алды, оның
себебі қандай? Сосын студенттер жұптасып, жазғандарын талқылайды.
Идея туралы оdоs)йлар
103


Сұраққа жауап алған кезде, бұл идея туралы өзгелердің ойларын сұрау
жолымен ойлау логикасын ашыңыз. Мысалы: “_________идея туралы
қалғандары не ойлайды?”
Серпілген сауал
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және
талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу
үшін топтағы студенттердің арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Мысалы:
“Көршіңнің жауабы туралы сен не ойлайсың?” “Көршіңнің жауабын барынша
кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?” “Естігеніңнің барлығын бір
жауапқа қалай біріктіруге болады?
Сұрақты ұстап ал
Оқытушы сұрақ қойған кезде қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне
кинестикалық сипат береді және студенттерді өз еркімен жауап беру үшін ниет
білдіруге итермелейді. Сіз студенттерге жауапты білмеген жағдайда сұрақты
басқа студентке лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл
тапсырманы командамен шешуге де болады. Оқытушы кезек-кезекпен әр
командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап
берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты
басқа командаға лақтырады, бірақ бұл жағдайда жауап үшін 2 балл ғана
қойылады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс
жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет