Кабинетте қорап қойылып, оған студенттер
сабақтың соңында өз
сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында
талқыланады.
Тақырыптық теннис
Қатысушылар 3 адамнан тұратын топқа жиналады: 2 ойыншы және судья.
Оқытушы тақырыпты айтқан соң қатысушылар кезекпен берілген тақырыпқа
қатысы бар сөздерді айта бастайды, біреулері тоқтағанға дейін жалғаса береді.
Топтың үшінші қатысушысы сөздерді жазады және есеп жүргізеді.
Есеп: Теннистік ойындағы есеп-шот қолданылады (15 - 0,
тең және
т.б.)немесе әрбір қатысушы сөз таба алмаған кезде 1 балл беріледі.
Поdоs)зиция таңдау
Қандай да бір тұжырым оқылып, қатысушылар “иә” және “жоқ” деп
жазылған плакаттарда өздерінің қай көзқарасты таңдағанын көрсетеді. Өз
ұстанымдарын ауызша дәлелдеп береді.
АӘБВ
Студенттің әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен
үлестірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы
бар
сұрақтар қойыңыз, студенттер дұрыс жауапқа сәйкес келетін
карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына
қарамауын өтініңіз.
Броdоs)ундық қоdоs)зғалыс
Студенттер аудиторияны шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат
жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді
қолданғанда қатысушыларға
партаға отыруға болмайтындығы ескертіледі.
Шығу парағы
Сабақтың соңында қатысушылар бірнеше сұраққа жазбаша жауап береді.
ол сұрақтар сабақты қорытындылап, қатысушының алған білімін бағалайды.
- Бүгін не үйрендіңіздер?
- Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
105
- Келесі сабақта қандай мәселелерге назар аудару қажет? т.с.с.
Шығу парағын толтырмай шығуға болмайтынын ескерту керек. Оны
түрлендіріп, тақырып бойынша үш сөйлем жазғызуға да болады.
Бумеранг
Студенттерге берілетін уақыт ішінде (2-4 минут)
оқытушыға жазбаша
сұрақтар дайындап қояды. Ал оқытушы студенттердің өздеріне сол сұрақтарға
жауап берулерін сұрайды.
Даналық ағашы
Даналық ағашы. Студенттер ереже, шығарма мазмұны
бойынша сұрақтар
құрастырып, ағашқа іледі. Оқытушы оқып, жауап алады.
Достарыңызбен бөлісу: