Содан кейін әр топқа қиындыларға
жазылған бірнеше сұрақтар
беріледі.Мысалы, «Не?», «Қалай түсіндіресіз?», «Салыстыр», «Қандай нәтиже
шығаруға болады?», «Сіз бұл жағдайда қандай шешім қабылдар едіңіз?» т.с.с
Топ ішінде сұрақтарды талдап,өздеріне
берілген Блум пирамидасының
қиындысына сәйкесті келетін сұрақтарды жинақтап,оны желімдейді.
Осы жұмыстың қортыңдысында әр топтан
бір тыңдаушы өздерінің
таңдаған сұрақтарының осы бөлімге сәйкесті келетіндігін дәлелдейді.
Бұл жұмыс түрінің тиімділігі – тыңдаушылардың төмен және жоғары
дәрежелі сұрақтарды ажыра білу дағдыларын жетілдіруде.Ол
өз кезегінде
мектеп тәжірибе кезінде оны үйлесімді пайдалануыңа көмектеседі.
Сөйлемді жалғастыр
Оқытушы тақырып бойынша бір сөйлемді бастап оқиды да
қатысушылардың біріне допты лақтырады. Допты
алған қатысушы сөйлемді
ары қарай жалғастыруы қажет. Әрі қарай допты қатысушылар бір-біріне береді.
“Доптың иесі” жауаптар тізбегін жалғастырады. Мысалы, оқытушы: “Бүгін мен
сабаққа келесі мақсатпен келдім…” (А. есімді қатысушыға допты лақтырады).
А. есімді қатысушы допты ұстап алып, сөйлемді жалғастырады: “Сыни
тұрғыдан ойлауға үйрету модулі туралы толық білу үшін”,-деп, допты келесі
қатысушыға лақтырады. Келесі қатысушы: “Интербелсенді
әдіс-тәсілдермен
танысып-білу үшін”, т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: