Сабақ: № Сыныбы: 7 Күні: Тақырыбы: Кіріспе. Материктер мен мұхиттар географиясында не оқытылады?


Бекіту: деңгейлі тапсырмалар Бағалау



бет21/41
Дата27.09.2022
өлшемі1.07 Mb.
#461466
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Бекіту: деңгейлі тапсырмалар
Бағалау
Үйге: 27п., 117бет ауызша сұрақтарға жауап беру, тапсырманың 3,4 сұрақтарын аяқтайды


§27 Орталық және Шығыс Азия елдері
Мақсаты: Орталық және Шығыс Азия елдерінің табиғат ерекшеліктерін ашу, бұл территориядағы адамның өмір жағдайы, климатының үлкен континенталдылығын және үлкен шөлдердің пайда болу себептерін жөнінде білімдерін тереңдету, материктік пен мұхиттық тақталардың тіркесу орналасуына байланысты табиғат ерекшеліктерін анықтау.
Дамытушылық: жаңа ақпаратты меңгеру қабілетін, бастысын анықтап қатесіз жеткізуін дамыту. ең ерекшеліктерін к/к белгілеу арқылы есте сақтауды дамыту, саяси карта бойынша мемлекеттердің шекараларын, астаналардың таба білуді қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жаңа білімді қалыптастыруда жеке-жұппен жұмыс істеу барысында жауапкешілікті тәрбиелеу
Сабақтың оқу жабдығы: 7 с. Оқулығы, атластың саяси, физикалық картасы
Оқушылар жасай алу керек:

  1. материал мазмұнында бағдарлау

  2. негізгісін ашу

  3. берілген тапсырмаға қажетті картаны дұрыс таңдау, оқу, сурет сызбаларды қолдана білу

  4. себеп-салдарын анықтау

  5. табиғат құбылыстарына қысқаша сипаттама беру

Сабақ түрі Өздік жұмыс
Жаңа тақырып:
Орталық Азия аймағында қандай үгілу процестері басым
I I деңгейлі тапсырмалар.
Карточка №1
28параграфты оқып сұрақтарға жауап бер
1.Физикалық картаны пайдаланып Батыс Қытайда қандай шөлдер тарағанын атап, олардың пайда болу себебін түсіндір.
2. Жапония аралында неге жанартаулар көп? (жер қыртысы картасын пайдаланып түсіндір)
Карточка №2
28параграфты оқып сұрақтарға жауап бер
1. Тынық мұхит жағалауы елдерінің табиғаты мен шаруашылығына мұхиттың қандай әсері бар? Оған нақты мысалдар келтіріңдер.
2.Орталық Азия табиғатының негізгі белгілерін ата, оны немен түсіндіруге болады?
Карточка №3
28параграфты оқып сұрақтарға жауап бер
1.Жер бетінде Шығыс Қытайдың оңтүстігіндей табиғат жағдайлар тағы қайда кездеседі? Олардың пайда болуын түсіндір?
2. Испанияның 40градус солтүстік ендігінде қатқыл жапырақты мәңгі жасыл ормандар орналасты, ал Жапонияда дәл сол ендікте – муссонды ормандар. Табиғат зонасындағы айырмашылық себебін белгіле: а) Жапония аралда, ал Испания түбекте орналасты. ә) Испанияда жерортатеңіздік, ал Жапонияның солтүстігінде –қоңыржай муссонды климат. б) Испанияда жазда тропикалық ауа массасы басым, ал Жапонияда қоңыржай теңіздік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет