Сабақ №1 Тақырыбы: ҚР жер санаттары, олардың құқықтық режимі



бет3/16
Дата19.05.2022
өлшемі108.59 Kb.
#457272
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Жер кадастры тәжірибелік сабақтар

Тәжірибелік сабақ №3
Тақырыбы: Әкімшілік-аумақтық бірліктің жер-кадастр кітабын жүргізу
Мақсаты: Жер – кадастрлық құжаттың құрамы мен жүргізу тәртібін талдау
Жер-кадастр кітабы жер учаскелері есепке алынатын, жердің кеңістік, табиғи және шаруашылық жағдайы туралы дұрыс мәліметтер қамтылатын құжат болып табылады.
Жердің жер-кадастр картасы жер учаскелерінің орналасқан жерін, көлемін және шекараларын көрнекті кескіндеу, біріктіру және бөлу кезіндегі олардың өзгерістерін есепке алу мақсатында құрылады және жүргізіледі.
Кадастр және жер учаскелерін есепке алу үшін жер-кадастр карталарын жүргізу осы Қағидалардың 4244 және 45-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Кадастр қағаз тасығышта, сондай-ақ ақпараттарды жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электрондық жүйелерін пайдалана отырып жүргізіледі.
Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйелері мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендердің базасында құрылады.
Жер-кадастр құжаттамасы мынадай талаптарға сәйкес болуға тиіс:
барлық деректемелерді (оларды шығарушы органның, мекеменің, ұйымның атауын, күнін, құжаттың нөмірін, мекенжайын (құжатты алушыны) көрсету) толтыра отырып белгіленген үлгідегі бланкілерде орындалады;
жер учаскелері шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады;
мемлекеттік құпияға жатқызылған жер учаскелерінің жоспарларында (сызбаларында) қамтылатын мәліметтер «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдаланылады және сақталады.
Мемлекетік жер–кадастрлік кітабы 4 тараудан тұрады:

  • бірінші тарауда кадастрлік нөмірі, құқықтық субъект аттары, атқарушы органдардың актлері, құқықтық субъектнің, учаскенің, арналу нысаналарының орындары, бөлінуі, пайдалануы бойынша сервитуттар және шектеу-

лер көрсетілген барлық жер учаскелері есепке алынады;

  • екінше тарауда алқаптар түрлері бойынша және бөлек суарылатын жерлердің аудандары есепке алнады;

  • үшінше тарауда жерлердің кластары мен олардың құнарлығына әсер ететін нышандар, жайылым және шабындақтардың мәдени-техникалық жай-күйі бойынша алқаптардың сапасы есепке алынады;

  • төртінші тарауда жер учаскесінің және жерді пайдалану құқығының базалық құн көрсеткіштері келтірілген.

Мемлекеттік жер-кадастрлік кітабын жүргізу Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігінің аумақтық органдарына жүктелген.
Бірінші тарау бойынша жер учаскелерін есепке алу – екі кестені толтырудан тұрады: А-меншік иелерінің және азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдалануындағы жер учаскелері; Б-азаматтардың және заңды тұлғалардың пайдалануындағы жер учаскелері.
Екінші тарау алқаптары бойынша жерлердің мөлшерін есепке алу үш кестеден тұрады:
А – азаматтардың және заңды тұлғалардың меншігіндегі және пайдалануындағы жерлердің барлығы;
Б - азаматтардың және заңды тұлғалардың пайдалануындағы жерлердің барлығы;
В – суармалы жерлер.
Төртінші тарау үш кестеден тұрады:
А - Өзіндік қосалқы шаруашылығын, бақ өсіру және сая-жай құрылысын жүргізу үшін берілген жер учаскелері жазылады;
Б – шаруа /фермерлік/ шаруашылықтар, ауыл шаруашылық кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, тәжірибелік станциялар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындар жазылады;
В - қалалар, елді мекендер, өнеркәсіп, көлік және басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын жерлер жазылады.
Кадастрды автоматтандыру жоғарыда көрсетілген кестелерді толтыру, ақпаратты компьютерге еңгізу жолымен жүргізіліп, жерлерді негізгі және күнделікті есепке алуды, магниттік сақтауыштарда ақпаратты сақтауды, онымен жұмыс істеуді /топтау, деңгейлер, аудан, қала, облыс бойынша жиналу әдісімен қосу/, есеп беру мәліметтерін алуды, керек кезде оларды түзеуді, ақпаратты беруді, учаскенің, кварталдардың, аумақтардың, аудандардың электрондық карталарын қоса, мүмкін етеді.
Кадастрлік мәліметтерді дәлдеу және жаңарту мақсатында:

  • жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пйдаланушылар, әкімшілік–аумақ бірліктері әкімінің өкілетті тұлғалары және органдары жылда аудандық агенттікке белгіленген рәсімде жерлер құрамында болып жатқан өзгерістер туралы есеп беру жылынан кейінгі жылдың бірінші каңтарындағы күйі бойынша есеп береді;

  • Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігі Қазақстан Рсепубликасы аудандары, қалалары, облыстары бойынша жерлердің бар болуы, сапалық жай-күйі және пайдалану туралы есеп беру жылдан келесі жылдың бірінші қаңтарындағы күй бойынша есеп құрастырады;

  • жылдық есеп беруде ауыл шаруашылық алқаптарының бар болуы және көлемдеріндегі өзгерістері /жеке суармалы және құрғатылатын/, оларды санаттар меншік иелері және жер пайдаланушылар бойынша үлестіру, сондай-ақ мемлекеттің жеке меншікке жер учаскелерін сату, тиімсіз пайдаланатын жерлерді қайта алу, мемлекеттік ауыл шаруашылық емес қажеттіліктер үшін бөлінген жерлер туралы мәліметтер келтіріледі;

  • бес жылда бір рет құрастырылатын есепте берілген жерлер үшін, төлем алу үшін қажетті мәліметтер, санаттар, алқаптар, меншік иелері, жер пайдаланушылар бойынша жерлердің бар болуы және үлестіру, алқаптардың аудандарында болып жатқан өзгерістер, жерлердің сапалық жай-күйі оларды кадастрлық бағалау, аумақтың игерілуі туралы мәліметтер келтіріледі.

Аудан /қала/ бойынша есепті агенттік мамандары компьютерде құрады. Барлық керек ақпарат, ең алдымен негізгі және күнделікті есеп мәліметтері мемлекеттік жер кадастрлік кітап формасында, кесте түрінде компьютер базасында болады. Учаске иелерінің және жерді пайдаланушылар есептерінің мәліметтері есеп мәліметтерімен салыстырылып, өзгерістер еңгізіледі. Содан кейін жылдық есептің кестелік түрлерін компьютерде толтыру жолымен есепке цифрлік ақпаратты алады, ал олар текстік /түсініктеме жазу/ және графикалық бөлікпен /аудан немесе қаланың кадастрлік картасымен/ толықтырылады. Есептің цифрлік бөлігі 22 формасы түріндегі мемлекеттік статистикалық есеп болып келеді. Оған қосымша кестелер /форма 22а, үш жер, Ф1 жерді үйлестіру, қосымша кестелер Ф1- Ф2 және т.б./ тіркеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет